жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 28°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Назад

Ағымдағыт жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» жұмыс істеуді басталды, ол халықтың өмір сүру жағдайын арттыруға (өмірді қамтамасыз ету, энегрия және жылу көздерін, газ және жылу жүйесін, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтауды және су бұру инфрақұрылымдарын дамытуға), өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға жіберілді.

«Қол жетімді тұрғын үй 2020» әлеуетін іске асыру барысында 2015 жылдың 9 айынының қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 26 млрд. теңге инвестициялар жіберілді немесе өткен жылдың деңгейіне 21,7% өсімімен.
249,4 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді немесе 1 мың 811 отбасы пәтер алды.
Аса маңызды тұрғын үй құрылысын құрайтын бес өңірді Қарағанды (136 мың ш.м.), Теміртау (26,1 мың ш.м.), Балқаш (10,1 мың ш.м.), Жаңаарқа (8 мың ш.м.) қалалары, Бұқар жырау (7,6 мың ш.м.) аудандары қалыптастырады. Осы өңірлердің үлесі жалпы салынып жатқан тұрғын үйдің көлемінен 75,3%-ды (187,8 мың ш.м.) құрайды.

Моноқалаларды дамытуға ағымдағы жылы 5,1 млрд.теңгеге 101 іс-шаралар жүзеге асырылады.
Бірінші кезекте қаражат моноқалалардың өмір сүруін қамтамасыз ететін аса өткір мәселелерді шешуге (жылу-, электрмен жабдықтау, жолдар, апатты тұрғын үйлерді құлату, абаттандыру, әлеуметтік сала нысандарын жөндеу) жіберілген.

«Дипломмен ауылға!» Жобасын іске асыру шеңберінде 9 айдың қорытындысы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенің 122 мамандарына тұрғын үй сатып алуға 355,1 млн.теңге сомасына бюджеттік несие берілді. 229 мамандарға 81 млн.теңгеге көтерме жәрдемақы берілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша жөндеу жұмыстарымен облыс бойынша 2011-2014 жылдарға 2,7 млрд. теңге сомасына 190 көпқабатты тұрғын үйлермен қамтылған болатын, оның ішінде халықтан қайтарылған қаражат есебінен 346,3 млн.теңгеге 31 көпқабатты тұрғын үй.
2015 жылы републикалық бюджеттен 9 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге трансферттер бөлінді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары Қарағанды және Саран қалаларында жүргізіліп жатыр.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту тетігі шеңберінде ағымдағы жылы облыстың 12 нысандарына құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. 15,7 км су құбыры және 8 км кәріз желілері салынды және қайта жөнделді.
Жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға сумен жабдықтаау мен су бұрудың 6 нысандарын енгізу жоспарланған. 61 км су құбыры және кәріз желілерін салу және қайта жөндеу жоспарлануда.

53 ауылдық елді мекндерде және 3 кен орындарында жер асты сулары кен орындарының қорлары және қорларын қайта бағалау бойынша іздеу-барлау жұмыстарын жалғасуда.

Дата cоздания: 10 Қараша 2015 13:44
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 10 Қараша 2015 13:45
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы