жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Мәдениет,құжаттама және мұрағат дамыту басқарма басшысының есебі

Назад

ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАУ ЖӘНЕ БҮГІНГІ БИІКТЕРІМІЗДІ БАҒАЛАУДЫҢ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСТЕР ЖЫЛЫ

2014 жылдың 4 қарашасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының мәдени саясатының Тұжырымдамасын бекіткені бәрімізге белгілі. Осы жаңа мәдени саясаттың стратегиялық тұрғыдағы маңызды бөлігі болып Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясына негізделген қазақстандық ұлттың бай мәдени мұрасы мен шығармашылық жолындағы жетістіктері арқылы Қазақстан Республикасының әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру нысаны көзделген.
Тұжырымдаманың басты мақсаты - көп ұлтты мемлекеттің мәдени кеңістігін дамыту, бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыру, заманауи мәдени кластерлер құру.
Қазіргі таңда әлемдегі көптеген ұлттар мен мемлекеттердің басты артықшылығы болып мәдениет пен мәдени потенциалдың дамуы болып табылады. Жетістіктердің басты белгісі болып мәдениеттің даму деңгейі, мәдени институттар мен механизмдердің инфроқұрылымдарының нәтежиелі жұмыс жасауы, ұлттық және әлемдік мәдени мұраның байытылуы мен сақталуының қамтамасыз етілуі, құрылуы, сапалы мәдени құндылықтардың тұтынылуы мен аударылымы, тұлғаның жемісті мәдени ауысымы мен өзін-өзі рухани-шығармашылық жүзеге асыруы саналады.
Мәдени саясат– бұл қоғамның басты құндылықтары мен тұлғаның парасаты басталуын қалыптастыратын әрбір жемісті мемлекеттің негізгі идеологиялық белгісі болып табылады.
Мәдениет саласындағы жетістіктер ведомства жұмыстарымен, статистика көрсеткіштері немесе атақты есімдер барлығымен өлшенілмейді.
Мәдениетті қоғамда қалыптасып қалған қағида бойынша бос уақыт демалысы мен ойын-сауық саласы деп қарастырмай, ең алдымен мәдениетті ұлттық идеологияның қалыптасуының мықты құралы, елдің әлемдік кеңістіктегі мәдени дамуы мен орнығуы тұрғысынан қарастыру қажет.
Жеке табыс пен бизнестің, мемлекетті тұтас алғанда жетістіктің негізгі факторы ретіндегі қоғамның шығармашылық әрекетіне қатынасын өзгертетін мәдениет түсінігіне бағытталған заманауи тәсіл жаңа әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Бұндай жағдайларда дәстүрлі мәдени ортада түбегейлі ауысым жүреді: бірінші жоспарға ұшқырлық пен бәсекеге қабілеттілік шығады.
Мәдениет саласының аталған ахуалында өнер мен мәдени ұйымдарды экономикалық тұрғыда түсім келтіретін деңгейге жеткізетін экономика, бизнестік бастамалар үшін тамаша инвестициялық сала бағдарлары маңызды факторға айналады: киноиндустрия, анимация, цирктік өнер, концерттік және театр шығармашылығы және т.б.
Қарағанды облысының Мемлекеттік мәдениет және мұрағаттар нысандар желісі 673 мәдениет, өнер және құжаттама нысанын құрайды. Оның ішінде: 324 кітапхана, 268 клуб типтес ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 19 мұражай, 20 мұрағат, 2 концерттік бірлестік, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы, 7 мәдениет және демалыс саябағы, кинопрокат, кинотеатр, көрме залы және хайуанаттар бағы.
Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында өркениетіміз құндылықтарының дағдарысын атап кетіп, мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейілді болуға шақырады. Осындай диалогтарға облыстың театр және концерт ұйымдарының, көркемөнерпаздар ұжымдарының гастрольдік қызметі өз септігін тигізеді. 2015 жыл ішінде ресми делегациясының сапары аясында Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің шығармашылық ұжымдары Түркия елінің бірнеше қалаларына гастрольдік сапармен барып қайтты, С. Сейфуллин атындағы театрдың ұжымы Түркия елінің Трабзон қаласында өткен XVI Халықаралық театр фестивалінде М. Әуезовтың «Қаракөз» қойылымымен өнер көрсетті, Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры Белоруссияда өткен «Венок дружбы» атты Халықаралық театр фестиваліне қатысып, II жүлделі орынға ие болды.
Осыдан бес жүз жылдай бұрын, яғни XV ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрылды. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Бай болды, бағлан болды. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді.
1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін жариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі.
Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен саяси күрес, жауласудан кейін оның билігінен бас тартып, соңына ерген жұртымен көтеріле көшіп, Шу өзінінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді.
Тұғыры көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халқы үшін жасап отырған «Елін сүйген,елі сүйген» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы.
Былтырғы жылғы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын халықаралық және республикалық деңгейде өткізуді ерекше атап өткен болатын.
Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатындағы мемлекеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған сындарлы «Нұрсұлтанның Нұрлы жолымен» жүріп келе жатқан Қазақстан дүние жүзі алдында бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен бекітілген 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, республикалық маңызы бар.
2015 жылдың 26-28 маусым аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында ТМД елдерінің ғалымдары мен тарихшыларының қатысуымен «Ұлытау – ұлт ұясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Ағымдағы жылдың 7 тамызы Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында Қазақ хандығының құрылуының тарихи-мұражайлық экспозициясы және Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған «Бұланты» шайқасын бейнелейтин панорамалық диорама салтанатты түрде ашылып, көпшіліктің назарына ұсынылды.
21-23 тамыз аралығында Ұлытау ауданында «Бұланты шайқасы» ескерткіш стеласының ашылу салтанаты өтті, «Ұлытау – ұлт ұясы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы және облыстың кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен «Тарих тағылымы» театрландырылған көрінісі қойылды.
Өткен жылдың қыркүйектің 11-13 күндері Астана қаласындағы «Қазақ Елі» монументі алаңында барлық республика облыстарымен қатар Қарағанды облысы мәдениеті театр, концерттік және аудандық көркемөнепаздар ұжымдарымен театрландырылған көріністер, тарихи-мұражай көрмелерімен өнер көрсетіп келді.
2015 жылдың 8 – 10 қазан аралығында Қазақ Хандығының 550 жылдығы аясында Тараз қаласында өткен мерекелік іс-шараларға С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры Д. Рамазанның «Ұлы арман» тарихи-драмасын ұсынылып, Қарағанды облыстық өлкетану мұражайы «Сарыарқа – далалық өркениеттің алтын бесігі» көрмесімен қатысып қайтты.
Мәдениет саласы қызметіндегі басты бағыттарының бірі құнды тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерттеу болып табылады.
Қарағанды облысында 16 мұражай және 3 филиал жұмыс істейді. Облыс мұражайларында сақталып жатқан жалпы экспонаттар саны – 341176 бірлік, 7978 бірлікке көп, оның ішінде негізгі қорда – 252274 бірлік. 2015 жылды ғылыми-зерттеу және жинау жұмыстары барысында мұражай қоры 7957 экспонатқа (этнография, сәндік-қолданбалы өнері, көркем сурет және т.б. туындыларға) толықтырылды. Бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанада 49 бірлікке көп. Есеп беру кезеңде мұражайларға келушілер саны 477316 адамды құрады.
2015 жылы Қарағандылық суретшілердің арасында өткен облыстық конкурсының нәтижесінде Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Лица Победы» атты көркем-сурет монументалды панносы жасалды. Кеңес Одағының 35 батыры және 9 Даңқ орденінің толық кавалерлері бейнеленген картинада тарихи шынайылық пен портерттік ұқсастықты көруге болады. Панноның авторы Ким Евгений. Картинаның өлшемі 2+4, кенеп, майлы бояу.
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына, жауынгер-интернационалисттерге және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге арналған «Портрет победы», «Красный след» және «Обратная сторона медали» атты үш фотокөрмеден тұратын «Жеңіс Мерейтойы» фотокөрме жобасы жасалды.
2015 жылы Қарағанды облысының театрларында 1500-ден астам спектакль қойылды, оның ішінде 16 жаңа қойылым бар.
Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған 4 жаңа спектакль қойылды. Олар, Д. Рамазанның «Ұлы арман» тарихи драмасы (С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры), С. Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» спектаклі С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театры), Ғ. Мүсіреповтың «Поэма о любви» драмасы (К.С. Станиславский атындағы орыс драма театры), В. Илюховтың «Золотой нож» ертегісі (Теміртау балалар және жасөспірімдер театры).
Сонымен қатар, тағы бір үлкен премьера С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында К. Жұмабековтың «Адасқандар» драмасы бүгінгі күннің болмысын ашып көрсетеді. Аты айтып тұрғандай, ислам дінін тереңдеп түсінбей, басқа ағымға түсіп кеткен жастардың қилы тағдыры шығарма өзегіне айналады.
Облыстық кітапханалардың кітап қоры 6 290 146 дананы құрайды, соның ішінде ауыл кітапханаларында 2 944 050 дана, 369753 оқырманға қызмет көрсетілді, оның ішінде ауылдық жерде 152241. 7 568 351 данаға жуық кітап берілді, соның ішінде ауыл кітапханаларында 2 930 677 дана кітап берілді.
Қазақстанның мәдениет саясатын іске асыру мақсатында облысымызда 268 мәдени-сауық мекемелері жұмыс істейді. Қарағанды облысында 2015 жыл ішінде клуб типтес мекемелер 30149 мәдени-сауық іс-шараларды өткізді. Қатысушылар саны – 5млн. 572 мың көрерменді қамтыды.
2015 жылы Қарағанды облысының түрік және қыпшақ кезеңі ескерткіштеріне, Орталық Қазақстанның көне металургия ескерткіштеріне, Ұлытау ауданы, Сарысу өзенінің төменгі ағысында орналасқан ескерткіштерге, Нұра ауданы Тенгіз өзені археологиялық ескерткіштеріне, Шет ауданында орналасқан Таңқара, Ақсу Аюлы 1,3 моласына, Осакаровка ауданының Окуле комплексіне және Қарағанды облысы петроглифтеріне археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді;
Ақтоғай ауданы Бектау ата археологиялық комплексінің Медетбай кесенесінде, Жаңа-арқа ауданы Атасу кентінің қола дәуір кезеңі қорымдары мен кесенелерінде, Қарқаралы ауданы Бесоба археологиялық комплексінің Матақ батыр кесенесінде, Нұра ауданының Шоң би мазарында, Ақпан батыр кесенесінде, Ұлытау ауданының Бименді үйі, Шағыр, Мней қажы, Құлмұхамбет ишан Арыстанбайұлы кесенелерінде, Шет ауданының Нұра-Талды қорымында, Беласар археологиялық комплексінің Шора, Злиха кесенелерінде реставрациялау, консервациялау және аббаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Есептік жылда Қарағанды облысы бойынша Ұлттық мұрағат қоры 36000 бірлікке көбейді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10%-ға жоғары.
Өткен кезеңде мемлекеттік мұрағаттармен мұрағаттық анықтамалар беру бойынша 44696 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде ХҚКО арқылы 2596, ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы 3987 қызмет көрсетілді. Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Қызмет көрсету сапасы бойынша көрсетілетін қызмет алушылармен 17000 карточка толтырылды. Оның ішінде 97% «жақсы» баға берсе, қалған 3% «қанағаттанарлық» баға берді.
Облыстың мұрағат қызметкерлерінің көпшілік оқырман қауымға, зерттеушілерге, сондай-ақ мемлекетіміздің қаһармандық тарихын құрметтейтін әрбір жанға арналған «Ер есімі – ел есінде» Естелік Кітабы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жинақталып, әзірленді. Кітапқа соғыста қаза тапқандардың, хабарсыз кеткендердің тізімі, әскери хаттар, мұрағаттық материалдар және фотоқұжаттар, ұлттық гвардияға әскерге шақырылғандардың тізімдері енгізілген.
Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы 2015 жылы «Тыл балалары», «Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы Қарағанды облысы» құжаттар мен материалдар жинағын жарыққа шығарды. Бұл жинақ Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің ғалымдары мен бірігіп дайындалған. Жинаққа 300 астам құжаттар кірді.
Сонымен қатар солтүстік кавказ халқының деппартациясы жөнінде «Нас породнила Сары –Арка» материалдар атты мұрағаттық деректер жинағы шығарылып, Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жылдығына тарту ретінде ұсынылды.
Қазіргі заман талабына сай Мұрағаттардағы тың деректермен құжаттардың сандық технологиялармен реттеу және сақтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2013-2015 жылдар аралығында облыстық мұрағат және Жезқазған қаласы мұрағаты 40,0 мыңнан астам құжаттар ақпараттық сандық реттеуге түсті.
Домбыраның қос шегінен күй төгілгенде, елең етпейтін қазақ жоқ, бәрімізге белгілі ақиқат.
Еліміздің түкпір-түкпірінде халқымыздың күй өнері екі бөлініп, төкпе күй өнері және шертпе күй мектебі болып қалыптасқан.
Биыл дәулескер күйші, шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдық мерейтойы Республикалық деңгейде аталып өтті.
Қарашаның 24-27 аралығында «Сарыжайлау» кинотеатрында Тәттімбет туралы деректі фильмнің тұсаукесері және музыка зерттеушілері, танымал домбырашылар және ғалымдардың қатысуымен «Күй күмбезі Тәттімбет» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Үш күн ішінде қаламызда Тәттімбет атындағы VI республикалық халық аспаптарында орындаушылары конкурсы ұйымдастырылды. Конкурстың Гран-при иегері болып Қарағандылық күйші Мағауя Самал атанды. Домбыра номинациясы бойынша І орын Алматылық Дидар Исахан, Қыл-қобыз номинациясы бойынша Талдықорған қаласынан келген Абашев Дамир, қобыз-прима номинациясы бойынша Қарағандылық Аужанова Айгүл және Алматылық Аяпова Әйгерімге бұйырды.
Мемлекеттік және айтулы күндерге орайластырылған мерекелік іс-шаралар облыстың мәдени өміріндегі жарқын оқиғалары болып табылады. Кең көлемде аталып өткен мерекелер: Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Кеншілер күні.
2015 жылдың облыстық мәдени өмірінің айтулы оқиғасына «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығының тұсаукесерін жатқызуға болады. Жинаққа Қарағанды облысының қазіргі заманғы авторларымен қоса өткен жүз жылдықтағы авторларының еңбектері енді.
2015 жылдың басынан бастап мәдениет және мұрағат мекемелері көптеген кең ауқымды шаралар өткізді, солардың ең айтулылары Ш. Аймановтың атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған «Дорога домой» («Оралу») атты фильмінің жалпы ұлттық тұсаукесері, «Ұлытау үні» атты XXV аймақтық мерейтойлық фестивалі, Қазақстанның халық артистері Жәмила Шашкинаны, Қарғамбай Сатаевты және Әсия Абылаеваны және ақын Нүрәсила Барменбаеваны еске алу кештері, ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісованың шығармашылық кеші және «Жұлдыздар аллеясында» оның есімі жазылуы, Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған V Республикалық «Жұлдыз-2015» эстрадалық әндер орындаушыларының конкурсында Шарап Тұрғанәлі (Алматы) Гран-при, Ахмет Сұлтан (Астана) І орын, «300» тобы (Қарағанды), Лаура Айтбаева (Қарағанды) және Сартуков Айымбек (БҚО) ІІІ орын иеленді.
Сонымен қатар, Астана қаласында өткен «Жас Қанат – 2015» республикалық конкурсында жерлесіміз Лаура Айтбаева ІІ орынды иеленді.
Биылғы мешін жылы Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының құрылғанының 80 жылдығы және ЮНЕСКО-ның қолдауымен Тәуелсіздік жолындағы саяси қозғалыстардың жетекшісі, демократиялық жолмен ұлттық автономия құрудың негізін салушы ұлт көсемі атанған Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы сияқты айтулы мерейтойлар жылы болып отыр.
Бұл бағыттағы істер мәдениет қызметкерлерінің алдына межелі мақсаттар мен ауқымды талап тілектерді қажет ететін сәтті жыл болсын деп тілек білдіремін.

Қарағанды облысының мәдениет,
мұрағат және құжаттама
басқармасының басшысы
Е. Ағымбаев

Дата cоздания: 20 Маусым 2016 11:06
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Маусым 2016 11:07
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы