жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 20°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Өнеркәсіп және индустриалды инновациялдық дамыту басқарма басшысының есебі

Назад

«...Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда»

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу,
реформалар, даму» Қазақстан Республикасының
Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
2015 жылғы 30 қарашадағы
Қазақстан халқына Жолдауынан

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасының басшысы Т.Б.Игембаевтың есебі

Басқарманың қызметі өнеркәсіп салаларының экономикалық өсімін, индустриялық – инновациялық дамуын, инвестициялық қызметті қамтамасыз етуге бағытталады.
Басқарма өз қызметінде Елбасының және ҚР Үкіметінің Бағдарламалық құжаттарын, соның ішінде 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық – инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алады.
ҮИИД және өңдеуші өнеркәсіптің негізгі салаларының қимасында мемлекеттік қолдау шараларын қолдану оң даму қарқынымен байқалады.
Жалпы ЖӨӨ көлемінің жартысы өнеркәсіпке келеді 44,1% (2015 жылғы қаңтар – қыркүйек), соның ішінде өңдеуші сала - 28,8%, бұл да республикада жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Респуликалық көлемде облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлемі 13,8% құрайды (Атырау облысынан кейін 2 орын), соның ішінде өңдеуші сала – 23,3% (ҚР-да 1 орын).
Өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі қаңтар – қыркүйек айларында 66,7 мың АҚШ долларын құрайды (ҚР-да 1 орын).
Өнеркәсіптік саланың кәсіпорындарында жұмыскерлер саны 119 мың адамды құрайды.
2014 жылы инновациялық – белсенді кәсіпорын үлесі әрекеттегі кәсіпорындар қатарынан 8,4% құрайды және 2013 жылмен салытырғанда 10,5%-ға артты.
2014 жылы өндірістің жалпы көлемінде инновациялық өнім сомасы 21 млрд. теңгеден асады және өнеркәсіптің жалпы көлемінде оның үлесі 1,5% құрайды, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп – 2,2%.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі жылдың басынан 1365,1 млрд. теңгені, нақты көлемі индексі – 106,8% құрайды.
Өңдеуші өнеркәсіпте НКИ 110,4% немесе 1012,4 млрд. теңгені құрайды.
Өсім тамақ өнімінің, жеңіл, химия және фармацевтикалық өнімнің, резеңке және пластмасс бұйымдар, металлургия және машина жасау өндірісінде күтіледі.
Ірі жүйеқұрушы кәсіпорындар – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның және «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің жұмысы тұрақты бақылауда.
Тұрақты түрде мәжілістер, соның ішінде көшпелі отырыстар өткізіледі, өндірістік көрсеткіштерге күн сайын мониторинг жүргізіледі.
АМТ компаниясының өндіріс көлемінің өсімі 2014 жылмен салыстырғанда болат 100%, шойын – 1,5%, ақ мыс – 23%, полимер төсемесімен жайма – 11%, сұрыпты жайма – 16,6% құрады.
Өткен жылдың ақпанында сметалық құны 173 млн. АҚШ долл. құрайтын №3 домна пешін қайта құру (ІІ разрядты жөндеу) бойынша ірі инвестициялық жоба пайдалануға қабылданды.
Қайта құру жұмыстарын жүргізгеннен кейін пештің пайдалы көлемі 3200 текше метрден 3848 текше метрге дйін немесе 20% артты, өнімділік 1,7 млн. тоннадан 2,3 млн. тоннаға дейін немесе 35% ұлғайды.
Қазанда №3 конвертерді газдан тазарту экологиялық жобасы іске қосылды, сол арқылы жалпы сметалық құны 153,58 млн. АҚШ долларын құрайтын №1,2 және 3 конвертердің газ өткізгіш тракттарын қайта құру кешенінің құрылысы аяқталды.
Қазақмыс Корпорациясы 2014 жылы жылы шығарылған 206,3 мың тоннаның орнына өткен жылы 304 мың тонна өндірген немесе өсім – 47,4%, соның ішінде, ЖМЗ-да – 2014 жылы өндірілген 12,4 мың тонна орнына 110,9 мың тоннаны өндірген.
«Қазақмыс» корпорациясында Жезқазған кен орнын пайдалану мерзімін ұзарту, қара мыс концентратын қайта өңдеу бойынша жаңа гидрометаллургиялық технологияға көшу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Осы уақытта мыс концентраты бойынша өнімділігі жылына 32 160 тонна тәжірибелі гидрометаллургиялық зауытты жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа зауытты пайдалануға қабылдау мерзімі – 2017 жылғы сәуір.
Сонымен қатар Үкіметтің электр қуатына, т/ж тасымалдауларына уақытша төмендетілген тарифтерді қолдану, ҚҚС қайтару, нарықты сатумен қамтамасыз ету және т.б. бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау жоспары аясында атқарып жатқан нақты жұмыстарын атап өтуге болады:
- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (т/ж тарифі);
- «Тау-Кен Темір» ЖШС (э/қ-на тариф);
- «BapyMining» ЖШС (т/ж тарифі);
- «Жайрем тау кен – байыту комбинаты» АҚ (т/ж тарифі);
- «Қазақмыс» ЖШС (т/ж тарифі);
- «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» (э/қ және т/ж тарифтері).
Индустриялық – инновациялық дамытудың екінші бағдарламасын іске асыру шикізаттық ресурстардан тәуелсіз және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған экономиканы құруды көздейді.
Облыс өнеркәсібін дамыту экономика салаларының жағдайына бір қалыпты емес әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен жинақталады.
Жаңа нысандарды құру үшін жаңа әдіс – тәсілдер мен келешекке деген жаңа көзқарас қажет. Өңірдің ерекшеліктері, сонымен қатар кәсіпорындарды қолдау және Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру жағдайын ескерумен өңірді дамытудың кластерлік әдісіне ерекше назар бөлінген.
Бүгінгі таңда осы жұмысты біз бастадық.
«Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ-мен бірлесіп фито - фармацевтикалық кластер, құрылысшылар қауымдастығымен, Кәсіпкерлік палатасымен және ҚарМТУ-мен бірлесіп құрылыс кластерін құру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Фито – фармацевтикалық кластер бойынша өндірушілер, ғылыми – оқу мекемелерінің және фармацевтикалық өнімді сатушылар қатарынан әлеуетті қатысушылар тізімі құрастырылған. Кластерді құру туралы біріккен Келісім – шарт жобасы әзірленген.
Құрылыс кластерін құру аясында Тұжырымдама әзірленуде және ҚарМТУ негізінде осы кластерді дамыту бойынша тұрақты әрекет ететін алаңша ұйымдастырылуда. Кластермен бар және жаңа өнім түрлерін өндіру және сату қарастырылған.
Сонымен қатар, Машзавод №1 негізінде машина жасау консорциумының жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыс басталған. Атқарылып жатқан жұмыстар аясында өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп «Машина жасау консорциумы» ЖШС кәсіпорындарында одан әрі тапсырыстар жасау үшін тұрғын үй – коммуналдық кәсіпорындардың және электрмен, сумен қамту нысандарының машина жасау жабдықтарына және оның бөлшектеріне сұранысын құрастыруда.
Бүгінгі таңда мемлекеттің және «Сарыарқа» Технопаркінің қолдауымен облыстың инновациялық жүйесі белсенді дамып келеді.
Технопарк мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібін түсіндіру үшін табысты бизнесмендердің, кәсіпкерлердің, сертификатталған коучтердің, дәріскерлердің, сонымен қатар технопарк қызметкерінің қатысуымен жүйелі түрде семинарлар, тренингтер өткізіп, кеңес береді.
«Сары-Арқа» Технопаркі» ЖШС-де Өңірлік коммерцияландыру орталығы (ӨКО) ұйымдастырылған және қызмет етеді.
Қарағанды облысының Индустрияландыру картасына бүгінгі таңда жалпы сомасы 1 345 млрд. теңгеге, 11 159 жаңа жұмыс орындарын құрумен 94 жоба енгізілген.
Соның ішінде республикалық Картаға 1 трлн. теңгеден астам сомаға 3034 жаңа жұмыс орындарын құурмен 3 жоба енгізілді («АМТ» АҚ, «Караганда CCI» ЖШС, «КЗКС» ЖШС).
Өңірлік картаға жалпы құны 338,4 млрд. теңге, 8125 жұмыс орындарын құрумен 91 жоба енген.
Жобалар өнеркәсіптің 11 саласында іске асырылады, соның ішінде:
– экспорттық әлеуеті бар – 23 жоба;
– шетелдік инвесторлардың қатысуымен – 21 жоба.
2010 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанда жалпы сомасы 141,9 млрд. теңгеге 68 жоба іске асырылды. Кәсіпорындарда 5245 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Облыстың барлық 18 өңірі Индустрияландыру картасына ұсынылған. Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру облыста машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК саласында жаңа өнім түрлерінің өндірісін құруға мүмкіндік береді.
Индустрияландыру картасы аясында 2015 жылы жалпы сомасы 18,9 млрд. теңгеге, 649 жұмыс орындарын құрумен 10 жоба іске асырылды.
Соның ішінде келесі жобаларды атап өтуге болады:
- Балқаш қаласында «Қоңырат мыс компаниясы» ЖШС Қоңырат кенішінің үйінділерінде катод мысының өндірісі бойынша әрекеттегі зауыттың өндірістік қуаттылығын жылына 10 мың тоннадан 15 тоннаға дейін ұлғайтты. Жобаның жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге. 16 жұмыс орындары құрылған. Жобалық қуаттылығы – жылына 15 мың тонна. Жобамен дәстүрлі қайта өңдеу технологиясынан 2-3 есе арзан техногенді минералды түзілімдерді екінші рет қайта өңдеудің инновациялық технологиясын пайдаланылады. Алаңшада зертханасымен, шеберханасымен, кеңсесімен және барлық қосалқы қызметтерімен барлық қажетті инфрақұрылым құрылған. Кәсіпорында негізгі өнім – катод мысын өткізуге тұрақты және ұзақ мерзімді келісім-шарттар бар.
- Осакаров ауданында «Евразия Инвест Ltd» ЖШС жаңа сауылған саумалдың барлық қасиеттерін толық сақтайтын және айлар бойы сақталатын сублимация технологиясымен кептірілген жаңа қазақстандық өнім бие сүтін жасап шығарған. Жобаға 1 млрд. теңгеден астам қаражат салынды. Технологиялық ынтымақтастыққа бие сүтін өндіру бойынша жетекші неміс өндірушісі Цольман фирмасын тарту арқылы Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақта барлық аумақта бірегей өнім өндірісінің пионеріне айналмақ.
Ауылда технологиялық жобаны іске асыру аудан тұрғындары үшін ондаған жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді;
- Қарағанды қаласында «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС Фармстандарт ресейлік компаниямен бірлесіп GMP әлемдік стандарттарға сәйкес отандық дәрі – дәрмектердің өндірісі бойынша инновациялық жобаны іске асырған. Жобаға инвестиция көлемі - 7 млрд. теңгеден астам.
Зауытта қаназдықды алдын алу және емдеу үшін «Эпостим» препаратын алдын-ала толтырылған шприцтарда дәрі – дәрмектер, В және С вирустық гепатитін емдеу үшін препараттар, сонымен қатар қанды сұйылтатын және тромбоздың алдын алатын препараттар өндірісі ұйымдастырылады;
2015 жылғы 11 желтоқсанда Жалпыұлттық Телекөпір аясында Елбасының қатысуымен Каражал Оперейтинг компаниясы Halliburton әлемдік ірі тарнсұлттық компаниясымен бірлесіп барит кенін қайта өңдеу бойынша өндірістік кешен құрылысын салу бойынша жоба іске қосылды. Фабриканың құрылысына 6 млрд. теңгеден астам қаражат салынды.
2010-2015 жылдар кезеңінде Индустрияландыру картасының іске қосылған 68 жобасымен 291,1 млрд. теңге сомасына өнеркәсіптік өнім өндірілді.
Сонымен қатар өндіріс көлемінің қосымша өсім қоры ретінде 2015 жылы Индустрияландыру картасынан тыс жүзеге асырылып жатқан 11 инвестициялық жоба іске қосылды, онда 202 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жалпы инвестиция көлемі - 1467,6 млн.теңге.
Облыс экономикасының тұрақты дамуы инвестициялық белсенділіктің өсімімен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын облыс экономикасына шамамен 350 млрд. теңге инвестиция жасалды.
2015 жылдың қорытындылары бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 320,2 млрд. теңгені құрайды.
Инвесторлардың өз қаражаттары саланы қаржыландырудың негізгі көзі болып қала бермек және 271,6 млрд. теңгені құрайды.
Өңдеуші өнеркәсіпке республикалық инвестиция көлемінде облыстың үлесі 15,8% құрайды, бұл Павлодар және Атырау облыстарынан кейін үшінші орын. Металлургиялық сала есебінен инвестиция ағыны – 82,3%.
Өңір экономикасының өсу нүктесі «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ болмақ. Бүгінгі таңда оны дамытудың негізгі аспектілері – аумағында орналасқан оның инфрақұрылымы мен жобалар.
АЭА инфрақұрылымының негізгі нысандарының құрылысы аяқталған. 2012 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанда инфрақұрылым құрылысын белсенді фазасы жүргізілді. Бұл - энергиямен қамту, темір жол және темір жол станциясы, автомобиль жолдары, әкімшілік орталық, өрт сөндіру депосы, сумен қамту және кәріз желісі мен құрылыстар.
АЭА пайдалануға қабылданған инфрақұрылым нысандары әрекеттегі қатысушылар – дөңгелек шүмек және тығын арматура өндірісі бойынша «Бемер Арматура» ЖШС, жылу оқшаулағыш құбырлар өндірісі бойынша «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС, металлургиялық кремний өндірісі бойынша «Tau-Ken Temir» ЖШС үшін инфрақұрылым қызметтерін (Электр қуаты, ТЖ қызметтері) ұсынады.
Осы уақытта АЭА қатысушы мәртебесін 8 компания алған.
Бүгінгі таңда «Сарыарқа» АЭА қатысушысы мәртебесін алған 3 жаңа компания тартылды. Жаңа жобалар бойынша инвестиция сомасы шамамен 21 млрд. теңге, 224 жұмыс орындары құрылмақ.
Соңғы кезеңде «Сарыарқа» АЭА инвестициялық әлеуетін таныстыру мақсатында Қазақстан қалаларында ғана емес, таяу және қашық шетелдерде (Германия, Жапония, БАЭ, Түркия, Ресей Федерациясы) бірнеше роуд – шоулар өткізілді. ӘКК веб – платформасында АЭА басқарушы компаниясының қызметі туралы бөлім іске қосылды.
Нысаналы аудитория үшін инвестицияларды алға жылжытумен және тартумен айналысатын мемлекеттік органдар мен компаниялардың интернет – ресурстарында, сонымен қатар бірнеше халықаралық ұйымдардың сайттары мен телевизиялық арналарда орналастырылған қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби бейне-ролик әзірленген.
Индустрияландыру және инвестиция саласында Қазақстан –Қытай ынтымақтастығы аясында жобаны іске асыру бөлігінде белсенді жұмыс жүргізілуде.
Облыстан жалпы сомасы 1 трлн. теңгені құрайтын және 5 мыңнан астам жұмыс орындарын (4500) құрумен жоғары өңдеу деңгейі мен инновациялық құрылымы бар 2 жоба енгізілді.

  • ҚР-да көмірді қайта өңдеу бойынша кешен құрылысын салу.
  • «Сарыарқа» АЭА аумағында кешенді қорытпалар зауытының құрылысын салу.

Бүгінгі таңда меморандумдарға қол қойылған және жоғарыда аталған біріккен жобаларды іске асыру бойынша жол карталары әзірленген.
Елбасының ҚХР-на сапары аясында біріккен кәсіпорындар мен ҚХР қаржылық институттары арасында жобаларды қаржыландыру сазбасы бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмені іске асыру үшін облыстың кәсіпорын барынша тарту мақсатында әкімдік «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-мен бірлесіп осы бағытта жұмыс жүргізуде.
Жылдың басынан ЭКСПО-2017 бас мердігер ұйымы мен облыстың тауар өндірушілері арасында Астана және Қарағанды ққ. 5 кездесу өткізілді.


Осы іс – шаралар нәтижесінде бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы бойынша мердігер ұйымдармен жалпы сомасы 7 млрд. 499,2 млн. теңгеге облыстың 7 кәсіпорындарымен 23 шартқа қол қойылды.

Қазақстандық қамтуды арттыру бойынша бағдарламаны іске асыруға қатысты. Қарағанды облысы бойынша 8 жүйеқұрушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларында қазақстандық қамтылуына мониторинг жүргізіледі («АрселорМиттал Теміртау, «Қазақмыс» Корпорациясы», «Евразиан Фудс», «Қарағанды кәмпиттері», «Эфес Караганда пивоваренный завод», «Централ Азия Цемент», «Казцентрэлектропровод», «Карагандарезинотехника»).
2015 жылдың 9 айында облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындары жалпы сомасы 221,4 млр. теңгеге сатып алу жүргізді, соның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қазақстандық қамту 164,7 млрд. теңгені немесе 74,4% құрайды.
- тауарлар бойынша – 85,0 млрд. теңге немесе 61,1%;
- жұмыстар бойынша – 18,2 млрд. теңге немее 95,1%;
- қызметтер бойынша – 61,4 млрд. теңге немесе 97,3%.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қазақстандық қамтудың жалпы үлесі 12,2 пайыздық тармаққа өсті.
Республика аумағында Қарағанды облысы бүгінгі таңда жүйеқұрушы кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамту үлесі бойынша жетекші орында.
Сонымен қатар облыс кәсіпорындарын қолдау және әйгілендіру үшін басқарма республикалық және халықаралық форумдарға, көрмелерге және семинарларға қатысуын ұйымдастыруда және көмек көрсетуде.
2015 жылы өңір кәсіпорындары Қарағанды облысының жеткізушілері мен тапсырушылары арасында ішкі – облыстық кооперация бойынша Форум, «Қазақстандық жасаймыз» VI Республикалық форумы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жергілікті қамтыду дамыту бойынша форум, «Қазақстанда жасалған – 2015» форум – көрме, «Астана ЭКСПО-2017» келіссөздер алаңшасы, «Алтын Сапа» ҚР Президентінің сыйақысын алу үшін конкурс, Тенгиз Шевройл және Карачаганак Петролеум мұнай – газ компаниясымен кездесу сияқты түрлі республикалық және өңірлік іс – шараларға қатысты.
Осы іс – шаралар нәтижесінде жергілікті қамту бойынша ұлттық компаниялармен, жүйқұрушы кәсіпорындармен және жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімшарттарға қол қойылды.
Мәселен, 2015 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаевтың жұмыс сапары аясында «Сары-Арқа» АЭА аумағында Қарағанды облысының әкімдігі мен ұлттық компаниялар арасында жалпы сомасы 4 мплрд. 958,6 млн. теңгеге жергілікті қамтуды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қол қойылған Меморандумдарды орындау аясында бүгінгі таңда ұлттық компаниялар жалпы сомасы 7 439,1 млн. теңгеге 803 шарт жасалды (150% орындалған).
Сонымен қатар жүйеқұрушы кәсіпорындар мен облыстың тауар өндірушілері арасында жалпы сомасы 48 млрд. 433,1 млн. теңгеге өнімді жеткізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы 43 меморандумға қол қойылды.
Жоғарыда аталған келісім-шарттарды орындау үшін жүйеқұрушы кәсіпорындар жалпы сомасы 54 млрд. 568,1 млн. теңгеге 341 шарт жасасқан (112,7% орындалған).
2015 жылғы 10 маусымда отандық тауар өндірушілермен меморандумдарға қол қоюдың «Екінші толқыны» аясында жүйеқұрушы кәсіпорындар мен облыстың тауар өндірушілері арасында жалпы сомасы 7 млрд. 485,0 млн. теңгеге өзара ынтымақтастық туралы 7 меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі таңда осы меморандумдар аясында жалпы сомасы 22 млрд. 208,1 млн. теңгеге 9 шарт жасалды (296,7% орындалды).
2016 жылға жоспарлар туралы айтатын болсақ, экономика салаларының оң қарқыны сақталады, өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеміз.
Келесі жыл – бұл ИИД-2 іске асырудың екінші жылы, мұндағы негізгі бағыт өнеркәсіп салаларын кластерлік дамыту, сонымен қатар бәсекеге қабілетті өнім өндіретін барыншы тиімді жобаны іздестіру болып табылады. Осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Дата cоздания: 20 Маусым 2016 11:05
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Маусым 2016 11:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы