жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының есебі

Назад

«Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2015 жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп

Көлік инфрақұрылымының дамуы мен жетілуі экономиканың дамуына игілікті әсер ететін маңызды аспекттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта 2015 жылы облыста үлкен жұмыс көлемі өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аймағымыздың жол-көлік инфрақұрылымы жақсарды, жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейі, жүк айналымы мен жолаушылар айналымы көрсеткіштері өсті.
2015 жылы жүргізілген жұмыстардың аясында басқармамен жол жөндеудің жол картасы әзірленіп, оған сәйкес 502 шқ жол жөнделді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 74% құрады.
2013 жылдан бастап Қарағанды облысының аймағында Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында Орталық-Оңтүстік көлік дәлізін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 93 шқ тең Анар-Теміртау жолының төрт телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың аяғында осы телімдердегі жұмыстар аяқталып, төрт жолақты автобан Астананы Қарағанды өңірімен қосады. Бұл жол барлық ұзындығында бөлшектегіш тосқауылы бар А1 санатындағы төрт жолақты магистраль болып табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің осындай шаралары жолдағы апаттылық деңгейін және ең маңыздысы жол-көлік оқиғалар құрбандарының санын елеулі түсіруге мүмкіндік береді. Осы магистральды бойлай 8 көлік айырымы және жаңа ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келетін қызмет көрсету объектілері, соның ішінде Ошағанды кентіндегі ірі жылыту пунктісі салынады. Бұл аймақ экономикасының тамыры тек Астана мен Қарағанды облысының ғана емес барлық елдің экономикалық дамуы қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.
Жол жөңдеудің әзірленген жол картасына сәйкес облыста жөңдеумен қамтылған:
- республикалық маңызы бар жолдар бойынша 235 км жөңделді, оның ішінде: қайта жөңдеу – 81 шқ; күрделі жөңдеу- 18 шқ; орташа жөңдеу – 136 шқ;
- облыстық маңызы бар жолдар бойынша 163 шқ жөңделді, оның ішінде: қайта жөңдеу –8 шқ; күрделі жөңдеу – 19 шқ; орташа жөңдеу – 136 шқ;
- «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша 3 қалада жалпы ұзындығы 5 шқ болатын 2 жол телімі және 5 көше;
- Қарағанды қаласы бойынша ұзындығы 33 шқ жол телімдері;
- облыстың қалалары мен аудандарыда жалпы ұзындығы 66 шқ тең 6 жол телімі мен 22 көше.
Жөндеу жұмыстарында 2000 жұмыс орны құрылды.
Сонымен бірге, жылдағыдай басты мақсаттардың бірі – Қарағанды қаласы жолдарының дамуы болып табылады. Қаланың барлық орталық көшелерінде орташа жөңдеу қиыршық тасты-мастикалық асфальтобетон қоспасын қолданумен орындалған. Бұл қоспа бірнеше жылдан бері өзінің сапалық сипаттарының артықшылықтарымен қолданылуының дұрыстығын дәлелдеген.
Одан басқа облыста тұрақты түрде жолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау шаралары жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың тасқын кезеңі облыс жол инфрақұрылымына елеулі шығын келтіргендігін ерекше атап өтуіміз керек. Осылайша жалпы пайдаланудағы жолдардың 118 телімі, сондай-ақ ондағы 84 суөткізу құбыры және 13 көпір тасқын зақымына шалдыққан. Қазіргі уақытта зақымға шалдыққан әрбір телім бойынша жолдардың көлік өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген, алайда техникалық параметрлерді толықтай қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Бұзылған 4 көпірді қалпына келтіру үшін жобалау сметалық құжаттама әзірленген, оларды іске асыру жұмыстары 2016 жылы басталатын болады.
Облыста жалпы қолданыстағы жолдарды жөңдеу және салу сапасы мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Тұрақты түрде жол-құрылыс жұмыстарының сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізіледі, бұл техникалық қадағалау бойынша қызмет көрсету үшін инженер қызметін, авторлық қадағалауды, мердігер ұйымның лабораториясын, «Қарағандыжоллаборатория» РММ тәуелсіз мемлекеттік лабораториясын, әрбір нысанға бекітілген тапсырыс берушінің мамандарын жұмылдыру.
Жолдарды жөндеу барысында басқармамен жол құрылыс материалдарының Қарағандылық мазмұнына аса көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 90% құраса (бұл қиыршық тас, құм, цемент, темірбетонды бұйымдар, жол белгілері т.б.), Қазақстандық мазмұнның көрсеткіші 100% құрайды.
Осы бағыттағы жұмыстар бұдан әрі жалғасатын болады.
Қазіргі уақытта облыста жолаушылар мен жүктерді тасымалдау 241 автобус бағыты бойынша, сонымен қатар 235-тен аса елді мекенді тұрақты қатынаспен қамтитын 115 қалаішілік, 54 қала маңындағы, 72 қалааралық облысішілік бағыттарымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ облыстың елді-мекендерін Ресей Федерациясының – Новосибирск, Екатеринбург, Барнауыл, Омск, Томск, Тюмень, Кемерово қалаларымен, сонымен қатар Монғолияның – Баян Өлгей өңірімен байланысын қамтамасыз ететін 24 облысаралық және 12 халықаралық бағыттарымен тасымалдау ұйымдастырылған.
Облыс аймағында 41 теміржол вокзалы орналасқан. 50 елді мекенді қамтитын теміржол жолаушылар көлігінің 12 әлеуметтік маңызды ауданаралық (қаларалық) және ішкі қатынасының қозғалысы ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, Қарағандының теміржол вокзалынан облысаралық қатынасындағы жолауышылар пойызының 30 данасы жүріп тұрады.
Облыстың көлік инфрақұрылымының ірі нысандарының бірі халықаралық әуежай «Сары-Арқа» болып табылады. Бұл жоғары техникалық және пайдалану сипаттамалары бар заманауи әуежайлы кешен.
Қарағанды қаласы әуежайының едәуір әлеуеті бар және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес. Әуежайдың жіктелімі ICАО бірінші категориясы бойынша іс жүзінде әуе кемелерінің барлық түрлеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Әуежайдан Мәскеу, Новосибирск, Алматы, Өскемен, Қызылорда сияқты ірі қалаларға әуесапарлар жүзеге асырылады.
Сондай-ақ әуежайдан «Қарағанды-Жезқазған» облысішілік әуе бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдау жүзеге асырылады. «Жез-Эйр» Әуекомпаниясы» АҚ тасымалдаушы болып табылады.
Жезқазған қаласының әуежайынан аптасына 3 рет ұшу мерзімділігімен Жезқазған-Астана және Жазқазған-Алматы облысаралық әуеқатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдау ұйымдастырылған.
Телекоммуникациялар саласында облыстың барлық ауылдық елді мекендері (419 елді мекен) толықтай телефондандырылған.
Телебайланыс саласында еркін бәсекенің дамуы және демонополизация бойынша міндетті жүзеге асыру мақсатында аймақта байланыс қызметінің бірнеше тәуелсіз операторлары жұмыс істейді.
2015 жылы Қарағанды және Теміртау қалаларында телефон байланысының қалалық желісіне сандық АТС ауыстыру бойынша жұмыс орындалған. Қала желісін цифрлаудың пайызы 2015 жылдың қорытындылары бойынша 100% құрады. Ауылдық телефон желісін цифрлаудың деңгейі де 100% көлемінде.
Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды облыстық телебайланыс дирекциясымен өткен жылы Қарағанды облысында «Алтел» АҚ бірге LTE 4G технологиясы бойынша интернет желісіне қосылуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Осылай, 2015 жылы деректерді табыстау желісіне «Алтел» АҚ 48 базалық станциясы қосылған. «Алтел» АҚ жұмыс істеп жатқан базалық станцияларының жапы саны Қарағанды облысы бойынша 2015 жылдың аяғына LTE базалық станцияларының саны 297құрады. 2016 жылы облыс аймағында LTE 4G желісін енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру жалғасатын болады.
Даму тұжырымдамасына және лицензиялық міндеттемелеріне сәйкес мобильді операторлар тұрғындар саны 1000 адамнан асатын облыстың елді мекендерін ұялы байланыспен толықтай қамтамасыз етті.

Қарағанды облысының
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
басқармасының басшысы
А.Санаубаров

Дата cоздания: 20 Маусым 2016 11:04
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Маусым 2016 11:04
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы