жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының есебі

Назад

Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi.

Бауыржан Асанов,
Қарағанды облысы
ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын фактор болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер — негізгi өндiрiс құралы. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi — әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi.
2015 жылы облысымызда агроөнеркәсіп кешенін бүгінгі заман талабына сай дамытуда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына субсидия беру, ұзақ мерзімді жеңілдетілген несиелер ұсыну жолымен мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Ішкі және сыртқы нарық жағдайларын, ауа райы ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға көңіл бөлінуде. Облыста табиғаттық-климаттық жағдайға, сыртқы және ішкі өткізу нарығының жағдайына бейімделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану бойынша мамандандырылған карта жобасы бекітілді. Мамандандыру картасы өсімдік және мал шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемін тұрақты түрде арттыруға мүмкіндік жасап отыр.
2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 162,9 млрд.теңгені құрады, НКИ 2014 жылдың сәйкес мерзіміне 107,3 пайызды құрады. Ет өндірісі 4,2 пайызға өсіп, 127,1 мың тоннаны құрады, сүт 5,2 пайызға өсті (403,6 мың тонна), жұмыртқа 1,6 пайызға өсті (624,5 млн.дана).
ІҚМ басы 1,8 пайызға пайызға өсіп, 475,7 мың басты құрады, оның ішінде сиыр басы 2,1 пайызға өсті (245,4 мың бас), жылқы басы 5,5 пайызға өсті (244,8 мың бас), құс басы 2 пайызға өсті (3534,1 мың бас), шошқа, қой және ешкі басы өткен жыл деңгейінде қалып, сәйкес 87,3 және1110,0 мың басты құрап отыр.
Жерлерді тиімді пайдалану және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында облыстың егістік алқабы құрылымында көкөністер, картоп, майлы, жемшөп және басқада дақылдар алқабы ұлғайтылды.
2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдар алқабы 995,6 мың гектарды құрады, оның ішінде, дәнді-дақылдар және дәнді-бұршақ дақылдары – 682,8,4 мың. га, бидай дақылдары – 527,4 мың га.,арпа – 135,6 мың га., сұлы-18,7 мың га.(2014 жылға 111,2 пайыз), майлы дақылдар – 14,4 мың га., көкөніс дақылдары – 3 мың. га. (2014ж.104,4 пайыз), картоп – 13,8 мың. га; жем-шөптік – 281,7 тыс. га.
2015 жылы облыс бойынша орташа түсімділік гектарына 9,8 центенрінен болғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімі 640 мың тоннаны құрады, 303,2 мың тонна картоп, 95 мың тонна көкөністер алынды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде өмірде сыналған жақсы нәтиже беріп келе жатқан озық технологияларды қолдану бойынша жұмыстар жалғасуда. Ылғалқорсақтау технологиясын пайдалану алқабы 2015 жылы 550,9 мың гектарды құрады, ол бұрнағы жылдан 79,8 мың.га. артылды. Тамшылатып суару технологиясы 877,5 гектар алқапта пайдаланылды, ол 2014 жыл деңгейінен 400,8 ггектарға артық.
Соңғы жылдары мал шаруашылығы саласында да көз қуантарлық жетістіктер байқалып отыр. Облыста - 460,1 мың. ІҚМ басы, 882,9 мың. қой басы, 223,1 мың. ешкі басы, 247,4 мың. жылқы басы, 3,7 млн. құс басы бар.
Мал шаруашылығын дамытқанда бірінші саланы жүргізу мәдениетімен және асылдандыру ісімен тікелей байланысты өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі тұрады.
«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыруды дамыту» жобасының негізі асылдандыру ісі, тауарлық шаруашылық, мал бордақылау алаңдары компоненттерінің әрқайсысын дамытуда.
Ірі қара мал еті өндірісінің экспорттық әлеуетін ары қарай арттыру мақсатында 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5515 ІҚМ басы (5256 бас сиыр және 259 бас өндіруші бұқа) және шет елдік селекциялы 1055 мал басы әкелінді, Бұқар жырау ауданының «Жаке» ШҚ базасында 3000 басқа мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Сонымен қатар Абай ауданында «Сарыарқа» АӨШ» ЖШС-де «КазАгроӨнім» АҚ-ның қаржыландыруымен 3000 басқа мал бордақылау алаңын салу жұмыстары жүргізілуде. Осакаров ауданының «Еңбек-95» ЖШС-нің базасында 600 бас малға сүт-тауарлық фермасын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Облыста шалғайдағы мал жайылымдарын пайдалану бойынша біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 40 құдық қазылды.
Қазіргі уақытта облыстың ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жобалар жүзеге асырылуда: «Өркендеу» ШҚ» ЖШС – «Генетикалық селекциялық-гибридтік орталық» (шошқа шаруашылығы). Бұл жоба индустриялизациялау бойынша Институционалдық рефомаларға енгізілді – 61 қадам «Етті қайта өңдеу өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту».
Қарағанды облысында 113 азық-түлік кәсіпорындары және қайта өңдеу өнеркәсіптері жұмыс жасап жатыр (21 ұн шығару кәсіпорындары; 21 нан пісіретін кәсіпорын; 15 ет өңдеу кәсіпорындары; 8 сүт өңдеу кәсіпорындары, 10 алкоголсіз сусындар шығаратын кәсіпорындар, 9 балықты қайта өңдеу кәсіпорындары, 2 макарон цехы, 2 кондитерлік бұйымдар шығаратын кәсіпорын, 1 май шығаратын комбинат; басқа да цехтар – 24 бірлік).


Бұл кәсіпорындардың жыл сайынғы айналым көлемі 90млрд.теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша қайта өңдеу: бидай – 92 пайыз, сүт – 38,7 пайыз, еттің барлық түрі – 52,2 пайыз.
2015 жылдың қорытындысы бойынша облыста тамақ өнеркәсібінің (сусындарды қосқанда) нақты көлем индексі 107,3 пайызды құрады, өнім өндірісінің көлемі – 86,4 млрд.теңгені құрады.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шегінде индустриялизацияландыру картасына 2015 жылдан 2019 жылға дейін жалпы сомасы 24 млрд.963,7 млн.теңге болатын 10 инвестициялық жоба енгізілді, жобаларды жүзеге асыру барысында 925 жұмыс орны ашылады.
Агроөнеркәсіп кешені саласында 2015 жылы құны 1689,0 млн.теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырыла бастады.
«Евразиан Инвест LTD» ЖШС – Осакаров ауданында сублимациялық тәсілмен табиғи бие сүтінен ұнтақ өндіру. Жобаның құны 831,137 млн. теңге. Жұмыс орындар саны 56. Жобалық қуаттылығы 10 тонна құрғақ ұнтақ өндіру.
Бұқар жырау ауданында «Қарағанды Құс» ЖШС-нің базасында тауарлық жұмыртқа өндірісі үшін құс фабрикасын қайта жөндеу. Жобаның құны 423 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 120 млн.дана жұмыртқа өндіру.
Жезқазған қаласында «BAYAN компаниясы» ЖШС-нің базасында арнайы азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша цех салу. Жобаның құны 434,8 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 360 мың литр шырын шығару, ірімшік өнімі – жылына 48 тонна. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 128 жұмыс орны ашылды.
Облыста «КазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы құны 13 млрд.516 млн.теңгеге 27 жоба жүзеге асырылуда.
Бұл жобалардың барлығы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және бәсекеге қабілетті, қауіпсіз және тұрғындар үшін қол жетімді отандық өнімдерді шығару бойынша инновациялық өндірістерді ашу жолымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өткен жылда ауыл шаруашылығы басқармасымен айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Алдымыздағы жылы да біздің алдымызда агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша үлкен міндеттер тұр, олардың орындалысы мал басын өсіруге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісі бойынша көрсеткіштерді, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және де облысымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дата cоздания: 20 Маусым 2016 11:03
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Маусым 2016 11:03
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы