жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 27°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жер қатынастар басқарма басшысының есебі

Назад

Жерді тиімді пайдалану – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі

Жер ғажайып табиғи тән есебінде елдің өмірі мен қызметінің негізі, әлеуметтік-экономикалық дамудың, ауыл шаруашылығының маңызды құралы әрі минералдық және шикізаттың табиғи қоймасы болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жерді тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөледі.
2014 жылғы 17 қаңтардағы және 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауларында инвестициялар тартуды, алдыңғы қатарлы технологиялар енгізуді, ауыл шаруашылығында бизнестің дамуы мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануға кедергі болатын барлық тосқауылдарды жоюды ескере отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарын беру жолымен ұтымды жер нарығын құру қажеттілігін көрсетті.
Индустриализациялау мен экономикалық өсудің үшінші институционалдық реформасында Елбасы 100 нақты қадам – Ұлт Жоспары бес институционалдық реформаларында :
35-қадам. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, оларды тиімді пайдалану мақсатында нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және өзге де заң актілеріне өзгерістер енгізу.
36-қадам. Жер учаскесінің мақсатты пайдалануын ауыстыру процедурасын жеңілдету. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға жүйелі мониторинг жүргізу. Пайдаланылмай отырған алқаптарды одан әрі жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.
35 қадамды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 389-V ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасының Жер кодесіне өзгерістер енгізілді, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құнын арттыру шартымен аукцион арқылы сатылып алынатын болады.
Облыстың аумағы 42,8 миллион гектарды құрады, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер -14,2 миллион гектар (33,4 %), оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары- 13,8 миллион гектар, егістік -1,1 миллион гектар.
Босалқы жер – 16,5 миллион гектар (38,6% ), оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптар 15,0 миллион гектар.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша 7357 ауыл шаруашылығының жер пайдаланушылары қызмет етуде, оларға тіркелген жер көлемі 14 миллион 230 мың гектар.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану өсімдік және жануарлар өнімдерімен қамтамасыз етде маңызды стратегиялық актив болып табылады, сондай-ақ аймақ экономикасының дамуына импульс береді.
Есепті кезеңде облыстың жер қатынастары қызметтерінің әрекеттері Елбасының тапсырмаларын орындауға бағытталды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану мәселесі облыс әкімдігінің, жер қатынастары басқармасының, аудандық және қалалық ауыл әкімдіктерінің тұрақты бақылауында болады.
Есеп беру жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану мәселесі облыс әкімінің деңгейінде (29 маусымда), облыс әкімі орынбасарының қатысуымен тоқсан сайын қарастырылды, сондай-ақ облыс аудандары мен қалалары жер қатынастыры бөлім басшыларының семинар кеңесі өтті (20 тамызда). Жер қатынастары басқармасы облыстың 9 ауданында жұмыс кеңесін өткізді Жерді ұтымды пайдаланудың ережелерін түсіндіру жөнінде «Индустриальная Караганда» және «Орталық Қазақстан» облыстық газеттерінде 4 мақала жарияланды.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен заңды тұлғалардың жасасқан шарттары негізінде жер қатынастары басқармасы 44 қаулы дайындап, облыс әкімдігі оларды қабылдады, оның ішінде:
26 қаулы пайдалы қазбаларды іздестіру және өндіру үшін жер пайдалану құқығын беру бойынша, «КазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларының құрлысына, автожолдар полотноларын құрлыс материалдарымен толтырып жабуға (Орталық-Оңтүстік «Астана-Қарағанды-Балхаш-Алматы» автомобиль жолдарын қайта жөндеу), «САУТС ОЙЛ» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ көмірсутек шикізаттарын өндіру үшін;

  • 18 қаулы қорғаныс мұқтаждарына арналған жерлер бойынша.
  • Облыс бойынша берілген жалпы жер көлемі 913,6 га.

Республикалық бюджетке аударылуға жататын ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғалтқан сомасы 34 622 681 теңге.
Мемлекет мұқтажы үшін пайдалы қазбалар кенішін жасақтау мақсатында Жезқазған кенті мен оған жапсарлас жатқан Весовой, Крестовский, Перевалка мен ГРП елді мекендерінің жер учаскелерін мәжбүрлі түрде алу жөнінде шаралар жалғасуда.
Аудандар мен қалалар әкімдіктері шаруа және фермер қожалықтарына жер өңдеу мен мал шаруашылығын дамытулары үшін жер учаскелерін бөлуге ерекше көңіл бөледі. 2015 жылы жоспарланған 707,8 мың га орнына аудан әкімдіктері айналымға 1026,9 мың гектар енгізді, оның ішінде инвестжобаларды жүзеге асыруға ауыл шаруашылығы айналымы үшін 36,2 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары берілді.
Пайдаланылмай отырған жерлерді айналымға енгізуде Ақтоғай, Жаңа арқа,Ұлытау,Нұражәне Шет аудандарының әкімдіктері белсенді жұмыстар атқарды.
Бұқар жырау және Осакаров ауданы әкімдіктері ауыл шаруашылығы айналымына жерлер тартуда тиісті деңгейде жұмыстар атқармады, 77 және 27 пайыз ғана жұмыстар атқарды, биылғы жылы мұны арттыру қажет.
Абай ауданы әкімдігі бір де бір гектар жерді айналымға тартпаған.
2012-2014 жылдарғы ауыл шаруашылығы алқаптарына жүргізілген түгендеу жұмыстарының қорытындылары негізінде пайдаланылмай отырған 1835,2 мың га жерлер бойынша шаралар 1406,3 мың га немесе 76 пайыз (1174,5 мың га жұмыс жанданды, мемлекетке қайтарылғаны -231,8 мың га).
Қалған 428,9 мың гектар жер бойынша материалдар жұмыс тобына, жерлерді пайдалану мен қорғауға бақылау жөніндегі басқарма мен сот органдарына қарастыруға және иесіз жерлер есебінде әділет органдарында есепке қоюға жіберілді.
Жер қатынастары саласында жекелеген кемшіліктер де бар.
Мысалы, Қарағанды, Жезқазған, Приозерк қалаларында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды қамтамасыз ететін алаңқайлар жоқтығына орай соңғы бес жылда жекеменшік үй салуға жер учаскелері берілмей отыр, мұның өзі жер учаскесін алуға деген кезектің көбеюіне әкеліп отыр.
Ауыл шаруашылығы мақсатында бөлінген жер учаскелерін жер пайдаланушылардың кейбірі мақсатқа сай пайдаланбауда. Есепті жылы пайдаланылмай отырған егістік (тыңайған жерлер) 2014 жылмен салыстырғанда облыс бойынша 23,1 мың га артқан.
Тыңайған жерлер Нұра және Осакаров аудандарында аса ұлғайған.
Ағымдағы жылы жер қатынастары басқармасы алдында келесі мақсаттар тұр.
Аудан әкімдерімен бірлесе отырып Қарағанды облысында 2016-2018 жылдары пайдаланылмай отырған жарамды егістік, суармалы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жоспарын жасауды аяқтау.
Елді мекендерде жер учаскелерін жеке меншікке беру кезінде жер учаскелері үшін базалық ставканың жаңа көлемін бекіту.
Пайдаланылмай отырған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына және мемлекет меншігіне енгізу бойынша жұмыстарды ары қарай жалғастыру болып табылады.

Басқарма басшысының м.а
А.Шалмағанбетов

Дата cоздания: 20 Маусым 2016 11:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Маусым 2016 11:01
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы