жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Табиғи ресурстар жәнет табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының есебі

Назад

Табиғи байлықтарды сақтап, молықтырайық

Басқарманың қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы алаңы 2016 жылғы 1 қаңтарға 204258 га, соның ішінде орманмен көмкерілгені – 83386 га құрады.
2015 жылғы көктемде «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы» КММ-нің мемлекеттік орман қорында 300 га алаңда орман дақылдарын отырғызу жүргізілді, бұл 2014 жылдың көктеміндегі көшеттердің алаңымен салыстырғанда 60 га артық.
2015 жылы стандартты көшеттеу материалы, 1530,3 мың дана екпе көшет өсірілді, олар 2016 жылғы көктемде мемлекеттік орман қорында ағаш отырғызуға пайдаланылатын болады. 2016 жылы ағаш егу үшін 300 га алаңда топырақ дайындалды. Сондай-ақ 2017 жылы ағаш егу үшін 300 га алаңда қара парды көтеру жүргізілді. Ағашты-бұталы тұқымдастардың 780 кг тұқымы дайындалды.
Бес бірдей «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды, Теміртау, Жаңаарқа шаруашылықтары» КММ үшін алаңы 2045 га мемлекеттік орман қорында сомасы 21,9 млн. теңгеге орман дақылдарын отырғызудың жұмыс жобалары әзірленді.
Мемлекеттік орман қорының аумағында өрттерді болдырмау мақсатында орман шаруашылығының ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күшімен келесі алдын алу іс-шаралары жүргізілген болатын: минералдандырылған белдеулерді орналастыру – 100 км, минералдандырылған белдеулерге күтім – 4800 км, ауыл шаруашылығы құрылымдарына берілген куәліктер – 223 дана, газеттерде жарияланған мақалалар – 24 дана, орнатылған аншлагтар – 194 дана, таратылған үнпарақтар – 447 дана, 1511 ұйым мен оқу орнында 5118 адамды қамтып семинарлар, дәрістер, әңгімелер өткізілді.
«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы» КММ-нің мемлекеттік орман күзеті табиғат қорғау заңнамасын бұзуды анықтау бойынша 435 рейд, соның ішінде құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып 89 рейд өткізді.
Сондай-ақ облыс аумағында соңғы 24 жыл ішінде алғашқы рет Алматы қаласының «Қазақ орман орналастыру» РМҚК-нің орман орналастыру жобасы әзірленгенін атап өту қажет, ол 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізілді. Орман орналастыру мақсаты орман шаруашылығын ұтымды жүргізуді және орман ресурстарын пайдалануды, орманды тиімді ұлғайтуды, күзету мен қорғауды, орман шаруашылығында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүйесін әзірлеу болып табылады.
Балық шаруашылығы қорында жергілікті маңызы бар 140 балық шаруашылығы су айдыны есепте тұр, 77 су объектісі 48 жануарлар дүниесін пайдаланушыға бекітілген, 63 су объектісі резервтік қорды құрайды.
2015 жылы жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөнінде конкурс өткізілді, конкурсқа 44 су айдыны қойылды, конкурс қорытындылары бойынша 4 жануарлар дүниесін пайдаланушыға 4 су айдыны бекітілді.
Аңшылық алқаптардың жалпы алаңы 34 млн. га, соның ішінде бекітілген аңшылық алқаптары 18,5 млн. га, резервтік қор алаңы 15,5 млн. га құрайды. Облыста барлығы 136 аңшылық шаруашылығы бар. Соның 93-і бектілген, 43-і резервтік аңшылық шаруашылығы.


Соңғы үш жыл ішінде облыстық бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы 36,5 млрд.теңге сомада түсті, соның ішінде 2013 жылы – 13 млрд.теңге, 2014 жылы – 14,2 млрд.теңге, 2015 жылғы 10 ай ішінде – 9,4 млрд.теңге.
2015 жылы кәсіпорындардың табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға кеткен шығындары 37,2 млрд. теңге құрады, бұл 2014 жылға қарағанда (27,5 млрд. теңге) 35%-ға көп, (2013 жылы – 30,3 млрд. теңге).
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014-2050 жылдарға арналған Бағдарламасын орындау жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Барлық қалалар мен аудандар әкімдері жоғарыда нұсқалған Бағдарламаны орындау жөнінде жоспарлар әзірлеген. Бұрын қолдануда болған сынапқұрамды аспаптармен қауіпсіз айналысуды тұрғын халыққа БАҚ арқылы хабардар ету және насихаттау жөнінде іс-шаралар жүргізіледі.
Басқарма әралуан ҮЕҰ-лармен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту, қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру, экологиялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, қоғамды одан әрі экологияландыру бағыттарында ұдайы бірлескен жұмыс жүргізеді.
Бағдарламаға сәйкес ҚТҚ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру аталмыш Бағдарламаның мақсатқа жетудегі басты құралдарының бірі болып табылады және бюджеттен тыс қаржыландыру көлемдерін ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге жеке меншік сектордың ҚТҚ инфрақұрылымы құрылысындағы және оны пайдаланудағы тәжірибесін пайдалану арқылы ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санын елеулі арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жеке меншік сектор қоқыс сұрыптау станциялары мен қалдықтарды қайта ұқсату жөніндегі зауыттар және ҚТҚ-ны көму полигондары құрылысына мүдделілік танытады. Мәселен, «Kaz Green Energy» компаниясының өз қаржылары есебінен «Кеңгір кентінің аумағындағы Биоэлектростанция құрылысы (Жезқазған қ.)» жобасының ТЭН-ін әзірледі. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
«ГорКомТранс города Караганды» ЖШС, «Караганда-Ресайклинг» ЖШС, «ТТК» ЖШС мамандандырылған ұйымдары қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізуде. Облыс аумағында пластик, қағаз, шыны жинау үшін 400-ден астам мамандандырылған контейнер және сынапқұрамды аспаптарды жинау үшін 45 контейнер орнатылған.
Қарағанды облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Бағдарламасымен белгіленген индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізілді.
«Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешендік жоспарына» сәйкес Жезқазған қаласының жұмыс үстіндегі ҚТҚ полигонының (сумен- электрмен жабдықтау) сыртқы инфрақұрылым құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Сондай-ақ «Балқаш қаласының тазалау имараттарының құрылысы» ТЭН-інің жобасы іске асырылуда.
«Ақбұлақ» бағдарламасының шеңберінде «Приозерск қаласының тазалау имараттарының реконструкциясы» жобасын іске асыру жүргізілуде. Объектіні пайдалануға тапсыру мерзімі – 2016 жыл.
Басқарма II, III, IV санаттардағы объектілердің оны жүзеге асыру қазіргі уақытта немесе болашақта қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың ахуалына тікелей немесе жанама әсер ететін, белгіленген шаруашылық немесе өзге қызметінің экологиялық негізділігіне сарапшылық бағалау жүргізеді, сондай-ақ белгіленген шаруашылық немесе өзге қызметінің табиғат қорғау заңнамасының талаптарына сәйкестігіне талдау жасайды.
Басқарма II, III, IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссиялардың рұқсат етілген лимиттерін белгілей отырып қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат береді, олар жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруға құқығын куәландырады.
Сондай-ақ Басқарма II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беруді жүзеге асырады.
Экологиялық нормалау мақсаты қоршаған ортаның сапасын реттеу және оған экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелерді және биологиялық әралуандықты қамтамасыз ететін ұйғарынды әсерін белгілеу болып табылады.
Басқарма 2015 жыл ішінде 1103 жобалық материалды қарады, оның 986-сы келісілді. 1336 өтінім материалы қаралды және қоршаған ортаға эмиссияларға 1118 рұқсат берілді.
Басқарма келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру».
«Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру».
«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы».
«Ағаш кесу және орман билетін беру».
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» 9657 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
«ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» және «ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру».
Регламентке сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беру Басқарма кеңсесі, халыққа қызмет көрсету орталығы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Барлық көрсетілген мемлекеттік қызмет – 11 461.
Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың салалық бағдарламасын іске асыру мақсатында басқарма іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоғарыда аталған жоспарды іске асыру мақсатында ұжымдағы кеңестерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдары және басқалар жүйелі түрде қаралып, зерделенеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі Іс-шаралар жоспары бекітілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша кінәраттар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мерзімдерді бұзу фактілері жоқ.

Әсет Нұрмұханұлы Тазабеков,
Қарағанды облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
басшысының міндетін атқарушы

Дата cоздания: 20 Маусым 2016 10:56
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Маусым 2016 11:00
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы