жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қарағанды облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге техникалық ерекшелігі

Назад

«БЕКІТЕМІН»
Қарағанды облысы
әкімінің орынбасары
А. Айдаров


Қарағанды облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге техникалық ерекшелігі



Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша заңды тұлғалар үшін талаптар


1. МЖӘ саласындағы заңнаманы білу («Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚРЗ, «Концессиялар туралы» ҚРЗ, 25.11.2015 ж. № 725 ҚРҮҚ, 25.11.2015 жылғы №724 ҚРҮҚ және өзге де);
2. МЖӘ саласындағы заңды тұлғаның қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі (МЖӘ жобаларының тұжырымдамасын, концессиялық жобалардың ТЭН-ін, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің конкурстық құжаттамасын әзірлеу, оның ішінде концессиялық жобаларын, концессиялық ұсыныстарды даярлау, қаржылық модельдерді, NPV, IRR, DPP, ENPV есептеуді жасау, тікелей және жанама макроэкономикалық әсерін және тағы басқалары);
3. Конкурстық құжаттамалардың пакеттерін алған ұйымдардың сұраныстары бойынша Конкурстық құжаттамалардың түсініктемелерін дайындау;
4. Әлеуетті жекеше әріптестермен, концессионерлер, инвесторлар, мердігерлік және басқа да ұйымдармен кездесулерге, келіссөздерге қатысу;
5. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу процестерін сүйемелдеу;
6. МЖӘ жөніндегі комиссияның келіссөздеріне қатысу/ конкурстық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен концессияларға қатысу;
7. МЖӘ жобасын нақтылау бойынша әлеуетті жекешелік әріптестің/концессионердің ұсыныстарын, концессиялық жоба мен МЖӘ/концессия шартының талаптарын талдау, әлеуетті жекешелік әріптестің/концессионердің ұсынған ұсыныстарымен келісу, келіспеу бойынша және шарт жобасының келісілген редакциясын жасау бойынша мемлекеттік әріптес/концедент үшін ұсынымдар әзірлеу;
8. МЖӘ/концессиялар жобалары бойынша шарттар жобаларын дайындау;
9. МЖӘ/концессиялар жөніндегі Комиссиямен МЖӘ/концессия шарт жобасын пысықтау процесін сүйемелдеу;
10. МЖӘ/концессия шартын жасау мен тіркеу процесін сүйемелдеу;
11. МЖӘ /концессия жобалары бойынша қажетті сараптамалардан өтуін қамтамасыз ету;
12. МЖӘ жобаларын/концессиялық жобаларды ұйымдастыру және іске асырудың техникалық, қаржылық және заң мәселелері, конкурстық рәсімдер және Қазақстан Республикасында МЖӘ/ концессияны іске асырудың басқа да мәселелері бойынша Тапсырыс берушіге кеңес беру.


Әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар:

Әлеуетті Өнім беруші отандық өнім беруші болуы тиіс.
1. Кәсіпорын басшысының экономикалық мамандық және/немесе қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп бойынша жоғары білім дипломы болуы тиіс. Мамандығы бойынша шетелдік жоғары білімінің болуы құпталады. Қаржы және жобаларды басқару саласында қосымша сертификаттары болғаны жақсы. Растайтын құжаттарының болуы міндетті (диплом, сертификат т.б.).
2. Кәсіпорын басшысының жобалық қаржыландыру, корпоративтік қаржы, лизинг салаларында басшы лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуын қоса алғанда, жалпы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес тәжірибесі болуы міндетті. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру саласындағы тәжірибесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеумен айналысатын квазимемлекеттік ұйымдарда бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жобалардың басшысынан төмен емес / бөлімше директоры / бөлімше директорының орынбасары. Растайтын құжаттарының болуы міндетті (еңбек кітапшасы).
3. Кәсіпорын басшысында немесе Кәсіпорынның өзінде шарттармен және/немесе басқа да растайтын құжаттармен расталған іске асырылған және/немесе іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының болуы (банктік есеп беру, орындалған жұмыс актілері), өткен жылы МЖӘ жобасын қолдау бойынша қызметтер көрсету бойынша кемінде екі шарт.
4. Кәсіпорында жобалық қаржыландыру және/немесе менеджмент, қаржылық талдау және/немесе қаржылық консалтинг саласында жұмыс тәжірибесі бар кем дегенде 3 маманның болуы. Ақпаратты жасасқан еңбек келісімшарттарымен және мамандардың түйіндемелерімен расталуы керек
5. Әлеуетті жеткізуші отандық қызмет көрсетуші болуы керек. Артықшылық Қарағанды облысында тіркелген кәсіпорынға беріледі.


Байланыс үшін: 8(7212) 503-558

Дата cоздания: 12 Қазан 2017 08:38
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 18 Қазан 2017 15:13
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы