жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ туралы ереже

Назад

Қарағанды облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
2016 ж «25» мамырдағы
№ 36/03 қаулысына
қосымша

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы әкімі және әкімдігінің қызметiн мемлекеттік басқару мен бақылауды, ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
3. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөpi және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
4. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
5. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер оған заңнамаға сәйкес өкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіруге құқысы бар.
6. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бас қа да актілермен ресімделген заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
7. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санын қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима Карагандинской области».
10. Осы Ереже «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
11. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің бюджетінің (шығыстар сметасының) есебінен жүзеге асырылады.
12. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

13. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
облыс әкімі және әкімдігінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, әкімдерінің, олардың аппараттарының, салалық басқармалардың қызметін үйлестіру және жетілдіру.
14. Міндеттері:
облыс әкімі және аппарат қызметкерлерінің қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету; (Қарағанды облысы әкімдігінің 23.05.11ж. №19/03 қаулысымен бекітілген «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ Стратегиялық жоспары, 3.1 тарау 1.1.1 т.)
облыс әкімі және аппарат қызметкерлерінің қызметiн құқықтық қамтамасыз ету; (Қарағанды облысы әкімдігінің 23.05.11ж. №19/03 қаулысымен бекітілген «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ Стратегиялық жоспары, 3.1 тарау 1.1.2 т.)
облыс әкімі және аппарат қызметкерлерінің қызметiн ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; (Қарағанды облысы әкімдігінің 23.05.11ж. №19/03 қаулысымен бекітілген «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ Стратегиялық жоспары, №19/03, 3.1 тарау 1.1.3 т.)
көрсетілетін электронды мемлекеттік қызмет түрлерінің санын арттыру; (Қарағанды облысы әкімдігінің 23.05.11ж. №19/03 қаулысымен бекітілген «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ Стратегиялық жоспары, 3.1 тарау 2.2.1 т.)
15. Функциялары:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және барысын бақылау, өзінің құзыреті шегінде ұсыныстарды қалыптастыру жолымен облыс аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуына қатысады;
2) орталық атқарушы органның берген өкілеттігіне сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер қызметін үйлестіреді, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметтерінің өзара әрекеттестігін және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясын, оны жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру механизмі және тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенің қалыптастыруға қатысады және осы мақсатта облыс аумағындағы атқарушы билік органдарының қызметтерін сұрау салу және олардан, талдау жасау, облыс әкімі және әкімдігінің актілерін әзірлеу үшін уақтылы ақпарат алу, олардың атқарылуын қадағалау, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуы мәселелері жөнінде ұсыныстар мен болжамдар қалыптастыру арқылы үйлестіруді жүзеге асырады.
4) Республика заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің орындалуын, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, министрліктермен, ведомстволармен, облыстың қалалары және аудандары әкімдері аппараттарымен, облыстық мәслихатпен, ұйымдармен өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;
6) заң шығарушы және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, облыс әкімі мен әкімдігінің, облыстық мәслихаттың актілерінің жобаларына ұсыныстар енгізеді;
7) облыс әкімі және оның орынбасарларының өткізетін активтердің, жиналыстардың, халықаралық кездесулердің, сапарлардың және басқа да шаралардың ақпараттық-талдау тұрғысынан, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппаратының қызметкерлерінің шаруашылық, қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерін шешеді;
8) облыс әкімі аппаратының Регламенті сақталуын қамтамасыз етеді;
9) облыс әкімі және оның орынбасарларының қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуін, қызметтік құжаттардың, хаттардың, азаматтардың өтініштері мен шағымдарының қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардың келіп түскен хаттары мен өтініштерінің, құжат ағымының талдауын, іc жүргізуді қалыпқа келтіруді және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, мемлекеттік және орыс тілдерінде ic жүргізуді icкe асырылуын ұйымдастырады;
10)облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;
11) жергілікті атқару билік органдарында кадр саясатын облыс әкімінің номенклатурасына енетін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тәжірибеден және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады;
12) облыс әкімдігі, облыс әкімінің және оның орынбасарларының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, олармен өзара әрекет етуді, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, облыстағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіруді ұйымдастырады;
13) облыс әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен облыстағы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді;
14) облыс әкімі мен әкімдігінің норма шығармашылығы қызметінің тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
16) Қарағанды облысы әкімдігінің «Қоғамдық қелісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқаруды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) облыс әкімі мен әкімдігінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқада материалдар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыру және алу;
2) атқарушы органдардың иелігіндегі барлық ақпараттық, соның ішінде құпия мәліметтерді пайдалану;
3) Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің, облыс әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына тексеріс жүргізу және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) облыс әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
5) қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдар аппараттарының басқарушы құрамын лауазымға тағайындау мен босату, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы облыс әкімі мен оның орынбасарларына ұсыныстар енгізеді;
6) облыс әкімдігінің, жергілікті атқару органдарының отырыстарына қатысу;
7) облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, мекемелер және ұйымдар өкілдерін облыстық әкімдік отырысына мәселелерді әзірлеуге, облыс әкімі аппаратының құзыретіне жататын проблемалық мәселелерді зерделеуге және шешуге қатыстыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапкершілік алады.
18. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және босатады.
19. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және босатылады.
20. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіліктері:
1) Қарағанды облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені әзірлейді;
2) аппараттың құрылымын, штаттық кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді, еңбекақы төлеу қорының үнемделуі шегінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыруды (сыйақыларды) белгілейді;
3) облыс әкімі аппаратының бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімдерінің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады;
4) мемлекеттік қызмет туралы заңнамасынның орындалуын бақылайды;
5) Қарағанды облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және босатады;
6) облыс әкімі және әкімдігі қарауына облыстың тіршілік әрекетіне қатысты актілер, басқа да қызметтік құжаттардың жобаларын бекітуге ұсынады;
7) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кeңceciнің, министрліктердің, ведомстволардың, басқа да республикалық ұйымдардың облыстық мәслихатпен, қалалар және аудандар әкімдері аппараттарымен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, саяси партиялар және қозғалыстармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және облыс тұрғындарымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
8) облыс әкімі және әкімдігі қабылдаған актілерінің және облыс әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
9) облыс әкіміне облыстың қалалары және аудандары әкімдері аппараттарының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметтерін бағалау жөнінде ұсыныс енгізеді;
10) облыс әкіміне және әкімдігіне аудандар мен қалалар әкімдер және әкімдіктерінің заңсыз актілерін жою, облыстық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдардың басшыларының заңға қайшы келетін бұйрықтарының тоқтатылуы туралы ұсыныстарды енгізеді;
11) кадр саясатының icкe асырылуына жауап береді. Облыс әкімінің қарауына қалалар және аудандар әкімдерін, облыстың бөлімдері, комитеттері, басқармалары және департаменттері басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, кадрлар резервін қалыптастырады, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
12) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
13) облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды;
14) облыс әкімі Аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапкершілік алады.
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіліктерін ол болмаған кезде атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіліктерін белгілейді.
22. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие бола алады.
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктерден, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өз қызметі мен басқа да көздерден алынған мүліктерден (ақшалай кірістерді қоса) жасақталады.
24. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
25. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамамен басқаша белгіленбесе, оған бекітілген және қаржыландыру жоспары бойынша берілген мүлікті өз бетімен алуға немесе басқа әдістермен жұмсауға құқылы емес.

5. Жұмыс режимі

26. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

27. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ақпараттың соңғы өзгерісі: 05 Шілде 2016 10:39
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы