жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 7°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Бірінші басшылардың өмірбаян деректері

Назад

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек,
Қарағанды облысының әкімі

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады. 2015 жылы ағылшын тілін қарқынды оқыту бойынша Оксфорд мектебін тәмамдады.
Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. 1998-2000 жылдары ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлімін басқарды. ҚР ККМ Су көлігі департаментінің директоры болып жұмыс істеген. 2004 жылдан 2005 жылға дейін «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры болды.
2005 жылғы қарашада оны Көлік және коммуникация вице-министрі етіп тағайындады. Содан кейін Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы болды. Кейінірек Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған.
Бұдан кейін Инвестициялар және даму министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып жұмыс істеді.
2019 жылдың 25 ақпанынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Премьер-Министрдің орынбасары болды.

 

Асылбек Жексенбайұлы Дүйсебаев,
Облыс әкімінің қаржы-экономикалық мәселелер, құрылыс, көлік және коммуникация жөніндегі бірінші орынбасары

1979 жылы туған. Білімі жоғары. 2001 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1998 жылы «Агроцентр-Астана» ЖШС-да тексеруші ревизор болып бастады.
2002 жылы Астана қаласы әкімдігі аппаратының Сыртқы экономикалық байланыс комитетінде бас маман қызметін атқарды.
2003 жылғы мамыр - шілде аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің бас маманы болды.
2003 жылғы шілдеден бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешені құрылысы комитетінде бас маман, бөлім бастығы болды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.
2006-2007 жылдар аралығында Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы әкімдіктерінде әртүрлі қызметтер атқарды.
2007 жылы аппарат басшысы, 2009 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2010 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.
2011 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі болып қызмет атқарды.
2012 жылы ақпанынан бастап - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
2014 жылы 25 маусымынан бастап Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Үйленген, үш баласы бар.

 

Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы,
Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі орынбасары

1986 жылы дүниеге келген. Ломоносов атындағы ММУ-де бакалавриатты тәмәмдады. Экономика магистрі.
Еңбек жолын 2009 жылы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің сарапшысы қызметінен бастаған. 2013 жылы ол осы министрліктің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылғы ақпаннан бастап 2015 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары болды.
Кейін, 2016 жылдың шілдесіне дейін Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2016 жылдан 2019 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болды. Осы тағайындалғанға дейін «QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
 

 

Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы,
Қарағанды облысы әкімінің энергетика, коммуналдық шаруашылығы және ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары

1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданының Өспен ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: «Қаржы және несие» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған, 2003 жылы – А.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін аяқтаған.
Мемлекеттік қызметте 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық мемлекеттік органдарда еңбек ету тәжірибесі бар. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен. ҚР Парламент Сенаты депутатының көмекшісі болған.
2003-2009 жылдар аралығында Павлодар облысында жетекшілік қызметтерді атқарған: облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары, Павлодар қаласы әкімі аппаратының жетекшісі,Павлодар ауданының әкімі, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.
2009-шы жылдан 2013-ші жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ Астанадағы басқармаларына жетекшілік еткен.
2013 жылдың маусымынан бастап 2018 жылдың ақпанына дейін Астананың үш аудандарының әкімі болған: Сарыарқа, Алматы және Есіл.
2018 жылдың ақпанынан бастап осы күнге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Шайдаров Серік Жаманқұлұлы,
Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары

1965 жылы 3 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1990 жылы инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде эконмист біліктілігін алды.
1990-1991 жж. – «Джезказганмелиорация» өндірістік құрылыс-пайдалану бірлестігінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының инженері, бөлім бастығы.
1991-1992 жж. – Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің «Иртышканалстрой» трестінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының бас инженері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, трест басқарушысының орынбасары.
1992-1994 жж. – Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің «УПТК» ұжымдық кәсіпорынның төрағасы.
1994-1996 жж. – Жаңаарқа ауданы әкімшілік басшысының орынбасары.
1996-1997 жж. – Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары.
1997-2007 жж. – Жаңаарқа ауданының әкімі.
2007-2011 жж. – Нұра ауданының әкімі.
2011-2013 жж. – Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы.
2013-2014 жж. – Жезқазған қаласының әкімі.
2014-2017 жж. – Абай ауданының әкімі.
2017 жылдың 28 маусымынан бастап – Қарағанды облысы әкімінің АӨК және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» Орденімен марапатталды.

 

Нүкенов Абзал Нүкенұлы,
Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары 

Нүкенов А.Н.1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «саясаттанушы, саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы «Отан» республикалық саяси партиясынан бастады. 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысты. Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы, кейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Осыдан кейін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің заманауи зерттеулер институтын басқарды. Осы ЖОО-да заң жобаларын құқықтық сараптау және заманауи зерттеулер институты директорының орынбасары болды.
2011-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметін атқарды.
2018 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Астана» халықаралық ғылыми кешені Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 

 

Ысқақов Жанат Маратұлы,
Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы

1977 жылы туған. Білімі жоғары. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін, 2016 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. Мамандығы бойынша экономист, юриспруденцияның бакалавры, экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 1999 жылы бастады. Экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында, Қарағанды қаласының экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарды. Облыс әкімі аппаратының бірқатар бөлімдерін басқарды.
2009-2011 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеді.
Тағайындау алдында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының әкімі болған.

 

Ақпараттың соңғы өзгерісі: 11 Ақпан 2020 09:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы