жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Хабарландырулар

Назад
07 Қараша 2019

«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ төменгі лауазым болып табылмайтын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыруы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-О-3 санатына:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мнадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушығажәне оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағынақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3)Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштердің әскери басқаруорганының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқаруоргандарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы менбекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Санаты

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақысы, теңге

min

max

D-О-3

126 356,58

170 599,08

«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ (100008, Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 19 үй; анықтама телефондары: 8(7212)56-57-33; электрондық пошта: k.edembaev@karaganda-region.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ -нің Жобалау, ақпараттандыру және байланыс бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік, № 5-1).
Функционалдық міндеттері:
Жоғары тұрған органдар актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысын бақылайды. Бөлімге жалпы басшылық ету, бөлім қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Цифрландыру жобаларын іске асыру саласындағы жобалардың ұйымдастырылуына және сүйемелдеуіне бақылауды жүзеге асырады. Цифрландыру жобаларын дамытуға бағытталған техникалық шешімдер, ұйымдастыру іс-шараларын әзірлейді. Мемлекеттік органдар арасында цифрландыру жобаларын дамытуға бағытталған техникалық шешімдер мен ұйымдастыру іс-шаралары кешенін енгізуді ұйымдастырады. Цифрландыру жобаларының жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу жолдарын, әдістері мен құралдарын анықтайды, жобалардың әлеуетті қатысушыларын анықтайды. Техникалық талаптарды, техникалық ерекшеліктерді, цифрландыру жобаларын іске асыру және қаржыландыру схемаларын, іске асырылатын жобалардың тиімділігін Цифрландыру жобаларының жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу жолдарын, әдістері мен құралдарын анықтайды, жобалардың әлеуетті қатысушыларын анықтайды. Цифрландыру жобаларының негізгі қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл мен коммуникацияларды басқарады. Тәуекелдерді басқаруды жоспарлайды, оларды ескерту мақсатында цифрландыру жобаларын (жобалық тәуекелдерді) іске асыру барысында ықтимал ауытқуларға мониторинг және болжам жасауды жүзеге асырады. Жобалық құжаттаманы әзірлейді, ағымдағы мәселелер бойынша талдамалық есептер мен қызметтік жазбаларды дайындайды. Цифрландыру жобаларында дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін анықтайды. Цифрландыру жобаларын, оның ішінде халықаралық. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер каталогына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторынан ақпараттық-коммуникациялық қызметтер сатып алады. Қарағанды облысының елді мекендерінің Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділіктің болуына талдау жүргізеді. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай көлік ортасына қосылуын қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды бақылау. Байланыс қызметтерін көрсетуді үйлестіреді. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін үйлестіру қағидаларына сәйкес және қорғау бейінімен айқындалатын және мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстар шартымен ресімделетін ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтаған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялауды, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі:
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе математикалық және компьютерлік модельдеу және/немесе байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар); білім (информатика); жаратылыстану ғылымдары (информатика); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы 3), 4), 5), 7) 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ-де Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19 үй, мекен-жайында құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ-нің электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММөтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы