жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Хабарландырулар

Назад
23 Қазан 2019

«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ-нің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-О-3 санатына:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Санаты

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақысы, теңге

min

max

D-О-3

126 356,58

170 599,08

«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ (100008, Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 19 үй; анықтама телефондары: 8(7212)56-57-33; электрондық пошта: k.edembaev@karaganda-region.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ -нің жобалау, ақпараттандыру және байланыс бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік, № 5-1).
Функционалдық міндеттері
: Жоғары тұрған органдар актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысын бақылайды. Бөлімге жалпы басшылық ету, бөлім қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Цифрландыру жобаларын іске асыру саласындағы жобалардың ұйымдастырылуына және сүйемелдеуіне бақылауды жүзеге асырады. Цифрландыру жобаларын дамытуға бағытталған техникалық шешімдер, ұйымдастыру іс-шараларын әзірлейді. Мемлекеттік органдар арасында цифрландыру жобаларын дамытуға бағытталған техникалық шешімдер мен ұйымдастыру іс-шаралары кешенін енгізуді ұйымдастырады. Цифрландыру жобаларының жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу жолдарын, әдістері мен құралдарын анықтайды, жобалардың әлеуетті қатысушыларын анықтайды. Техникалық талаптарды, техникалық ерекшеліктерді, цифрландыру жобаларын іске асыру және қаржыландыру схемаларын, іске асырылатын жобалардың тиімділігін Цифрландыру жобаларының жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу жолдарын, әдістері мен құралдарын анықтайды, жобалардың әлеуетті қатысушыларын анықтайды. Цифрландыру жобаларының негізгі қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл мен коммуникацияларды басқарады. Тәуекелдерді басқаруды жоспарлайды, оларды ескерту мақсатында цифрландыру жобаларын (жобалық тәуекелдерді) іске асыру барысында ықтимал ауытқуларға мониторинг және болжам жасауды жүзеге асырады. Жобалық құжаттаманы әзірлейді, ағымдағы мәселелер бойынша талдамалық есептер мен қызметтік жазбаларды дайындайды. Цифрландыру жобаларында дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін анықтайды. Цифрландыру жобаларын, оның ішінде халықаралық. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер каталогына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторынан ақпараттық-коммуникациялық қызметтер сатып алады. Қарағанды облысының елді мекендерінің Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділіктің болуына талдау жүргізеді. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай көлік ортасына қосылуын қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды бақылау. Байланыс қызметтерін көрсетуді үйлестіреді. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін үйлестіру қағидаларына сәйкес және қорғау бейінімен айқындалатын және мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстар шартымен ресімделетін ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтаған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялауды, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі
: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе математикалық және компьютерлік модельдеу және/немесе байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар); білім (информатика); жаратылыстану ғылымдары (информатика); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурстық комиссиямен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссе жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар тар шеңберлі мамандық лауазымдарын конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы