жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Хабарландырулар

Назад
10 Қазан 2019

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ-нің хабарламасы

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
D-О-4 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

D-О-4

108305,64

146177,22

«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ (100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19, анықтама үшін телефон: 8(7212) 565733, электрондық пошта: k.edembaev@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ Заң және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №3-1-1, D-O-4 санаты).
Функционалдық міндеттері
: Жоғарғы тұрған орган актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысын бақылайды. Басқармада кадр жұмысын ұйымдастырады. Қызметкерлердің жеке істері мен жеке істер архивін қалыптастырады және жүргізеді. Лауазымдық нұсқаулықтарды жасау бойынша жалпы үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды мемлекеттік орган басшысының бекітуіне енгізеді. Басшының кадр мәселелері бойынша бұйрықтарын дайындайды, тәртіптік және конкурстық комиссиялардың, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссияның, еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады және отырыстарға материалдар қалыптастырады. Кадрлармен жұмыс бойынша статистикалық есеп жасайды және тоқсан сайын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке, облыс әкімінің аппаратына ұсынады. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша кесте жасайды және мемлекеттік қызметшілердің оқытылуын бақылайды. Әскери міндеттілердің әскери есебі және басқарма қызметкерлерін брондау бойынша жұмыс жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі
– Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (персоналды басқару); құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ Экономика салаларын цифрландыру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №4-1-3, D-O-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Жоғары тұрған органдар актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысын бақылайды. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар мен ақпараттандырудың сервистік үлгісін жүзеге асыру ережелері саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын бақылайды; «электрондық үкімет» сәулетін дамыту бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; жергілікті атқарушы орган қызметінің бағытын есепке ала отыра «электрондық үкімет» үлгілік сәулетін енгізу; «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту; жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толтырылуын, көкейкестігін және шындығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру; «электрондық әкімдік» үлгілік сәулет негізінде, мемлекеттік жоспарлау және сараптау кеңесі бойынша уәкілетті органмен келісілген мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; «электрондық әкімдік» үлгілік архитектура негізінде Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының архитектурасын әзірлеу мәселелері бойынша кеңес көрсету; «электрондық үкімет» сәулет порталында «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттама көшірмелерін және «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және өзектендіру; мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың жоспары және қалыптастыру нәтижелері туралы жалпы қолжетімді ақпаратты дайындау, Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында одан әрі орналастыру үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту; Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиялық кешенін, соңғы бағдарламалық кодттарды (бар болған жағдайда), әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді есептеу және сақтау үшін «электрондық үкімет» сервистік үйлестірушісіне тапсырудың қамтамасыз етілуін мониторингілеу; «Smart City» жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын АТ-әзірлемелері бойынша қағаз тасымалдағыштарындағы техникалық құжаттамалардың түпнұсқасының сақталуын қамтамасыз ету және «электрондық үкімет» сервистік үйлестірушіның сұранысы бойынша оны ұсыну; Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде пайдаланатын облыстық деңгейдегі ақпараттық жүйелердің деректер қоры архивтерінің резервтік көшірмелерін қалыптастыруды қамтамасыз ету; ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандарттық шешімдердің пайдалануын қамтамасыз ету; ашық деректер интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру; ашық деректер интернет-порталында Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының ашық деректерін орналастыру мәселесі бойынша жұмысты үйлестіру; мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай алаңында Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарын орналастыру жұмыстарын үйлестіру және олардың шындығын және өзектілігін қамтамасыз ету; ашық деректер порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін әзірлеу, оны уәкілетті органмен келісу; Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарының нақтылығын және өзектігін қамтамасыз ету; «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Қазақстан Ресубликасы 2015 жылғы 16 қарашадағы заңының талаптарына сәйкес келу; Қарағанды облысында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ құзырына жататын бағыттар мен салалар бойынша даму бағдарламаларын зерделеу; Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ құзырына жататын бағыттар бойынша Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының қызмет тиімділігін бағалануын өткізу үшін уәкілетті органға есептік ақпаратты ұсыну, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі
– Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе математикалық және компьютерлік модельдеу); білім (информатика); жаратылыстану ғылымдары (информатика); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
3) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ Мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №6-1-2, D-O-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Жоғарғы тұрған орган актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысын бақылайды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша ақпараттар жинау, өңдеу және талдаумен, мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту мониторингімен, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар және ұсынымдар жасаумен, сондай-ақ электрондық қызметтермен байланысты жұмыс кешенін оны заңнама талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізеді, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі
– Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе экономика және/немесе қызмет көрсету және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
1) Нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді. Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің жәнебарлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы