жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Хабарландырулар

Назад
26 Қыркүйек 2019

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.
Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69;
Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
1. Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханова к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz; байланыс телефоны 8/7212/42-50-69;
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. «30» қыркүйектен бастап 2019 ж. «11» қазан аралығында, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «30» қыркүйек сағат 09.00 (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «11» қазан сағат 13.00 (жергілікті уақытпен).
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлер субъектілері Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/ жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;
3) өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) Бағдарламаның және (немесе) "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;
7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығы бар сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған).
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген анықтама;
4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоба;
5) өкілге берілген сенімхат (қажет болған кезде).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен http://upkrg.gov.kz/ сайтында танысуға болады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы