На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Құқықтық түсіндіру жұмысы



Облыста мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізіліп жатыр. Облыста барлығы 19 ақпараттық топтар жұмыс жасайды, олардың құрамында 722 насихатшы бар (1 облыстық, 18 қала/аудандық топ).

Облыс әкімінің 2017 ж. 22 ақпандағы №15 өкіміменоблыстық ақпараттық топтың құрамы жаңартылды, олардың жұмыс графигі бекітілді.

 

Облыс тұрғындары облыс әкімдігіне келесі мәселелер бойынша жүгіне алады:

1) денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар, белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз ету;
2) азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз ету;
3)халықты еңбекпен қамту мәселелері;
4) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар;
7)аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері;
8) облыста миграциялық процестерді реттеу;
9) облыстықкоммуналдық меншiктi басқару;
10) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесуi;
11) облысаумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
12) аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асыру;
13) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыру;
14) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту;
15) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуi;
16) облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын,облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзiрлеу;
17) облыстық коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу мәселелері;
18)коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат беру;
19) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделi жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүргізу;
20) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастыру;
21) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
22) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер, су қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
23) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату мәселелері;
24) табиғатты қорғау шаралары;
25) облыстық маңызы бар жолдарды салу, ұтымды пайдалану және күтiп ұстау;
26)облыстың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз ету мәселелері;
27) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
28) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу;
29) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзу және толықтыру;
30) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
31) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысу;
32)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;
33) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлеу;
34)есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту;
35) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;
36) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету;
37) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасы жүктеген өзге де мәселелер.

Облыс әкімдігі жоғарыда аталған мәселелерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды құрды:

1. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
2. Сәулет-құрылыс мемлекеттік бақылау басқармасы
3. Денсаулық сақтау басқармасы
4. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
5. Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
6. Білім басқармасы
7. Ішкі саясат басқармасы
8. Кәсіпкерлік басқармасы
9. Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы
10. Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы
11. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
12. Ауыл шаруашылығы басқармасы
13. Ветеринария басқармасы
14. Экономика және қаржы басқармасы
15. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
16. Жер қатынастары басқармасы
17. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
18. Дене тәрбиесі және спорт басқармасы
19. Дін істері басқармасы
20. Мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы
21. Еңбек инспекциясы басқармасы
22. Жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқарма
23. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма
24. Құрылыс басқармасы
25. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Барлық мемлекеттік органдардың кері байлынысы веб-сайттарында жарияланған.

Виртуалдық қабылдау бөлмесінде «Заң және құқық тәртібі» тақырыбын таңдап туындаған сұрақ қоя аласыздар.



Ақпаратты орналастыру: 04.05.2017 10:08
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 31.05.2017 16:16

Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы