На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы


01-Желтоқсан-2016 - Қарағанды облысы Тұңғыш Президент күнін атап өтті



2016 жылдың 30 қарашасында Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы тарихи-мәдени орталықта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасым – мақтанышым» атты кинокеші өткізілді.

 

Шараға облыстағы қоғамдық ұйым өкілдері, Елбасының серіктестері, ардагерлер, жұмысшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, депутаттар және жастар қатысты.

Салтанатты шараның ашылуында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Елбасы жақтастарымен бірге мұражай залдарын аралап көрді. Экскурсия Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің өмір жолы мен жұмысы жайындағы естеліктерімен жалғасты.

Экскурсиядан кейін дөңгелек залда кино кеш басталды. Облыс әкімі құттықтау сөз сөйледі.

Ерге де, елге де тән бір ұлы сезім бар. Ол – арман. Адамның арманы – риясыз өмір болса, халықтың арманы – тәуелсіз ғұмыр. Атадан қалған осынау абыз ойдың астарында айналып өте алмайтын ақиқат жатыр. Себебі, кез келген ұлт үшін Тәуелсіздік пен Теңдік, Азаттық пен Елдік, Береке мен Бірлік ең қымбат, ең асыл ұғымдар. Ежелден еркіндік аңсаған халқымыз осынау ұлы арманға 25 жыл бұрын қол жеткізді. Егемен ел болып, еңсесін тіктеді. Әрине, қазір айтуға оңай. Дегенмен сол тоқсаныншы жылдардың басындағы жағдай өте ауыр еді. Жетпіс жыл бойы билік құрған кеңестік империя келмеске кетті, одақ күйреді. Жоспарлы экономикаға құрылған шаруашылық тұралап қалды, зауыт-фабрикалар мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Ел ішін жұмыссыздық жайлады. Міне, осындай күрделі кезеңде халқымыз өз тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырды. Жалпыхалықтық референдумда бірауыздан қолдап, дауыс берді. Бұның өте дұрыс таңдау болғандығын уақыттың өзі дәлелдеп берді.,-деді аймақ басшысы.

Үлкен экранда Ұлт көшбасшысына арналған киноэпопеяның үзінділері көрсетілді. Жаңа қазақстандық кино ел тәуелсіздігі мен Президенттің өмір жолына арналған.

«Балалық шағымның аспаны», «Өзен оттары» және «Темір таулар», «Разрывая замкнутый круг», «Так сложились звезды» фильмдерінің үзінділерін көрген кеш қатысушылары Елбасының қалыптасу кезеңдерін еске түсірді, оның алғашқы жеңістері мен болашаққа деген арманы, үміті, тәуелсіз Қазақстанның болашағына қатысты жоспарлары жайында сөз қозғалды.

Қарағанды облысы Тұңғыш Президент күнін атап өтті Қарағанды облысы Тұңғыш Президент күнін атап өтті Қарағанды облысы Тұңғыш Президент күнін атап өтті Қарағанды облысы Тұңғыш Президент күнін атап өтті





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы