На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы


02-Қараша-2016 - Тәуелсіздік һәм тау ұлдары



Екеуі де – тәуелсіздік жолында күрескен тау ұлдары. Ұлытаудың қырандары. Қыран деген сөзді бүгіндері әркімдерге жөнді, жөнсіз тели береміз-ау. Алайда, бұлар – шын қырандар.

Бірі қан майданда қаруымен де, қаламымен де халқын қорғап, елінің рухын өсірсе, екіншісі ғұмыр шегіне жеткенше рухани майданда қолынан қаламын тастамай, саналы күрес жасаған. Әңгіме биыл туғандарына 100 жыл толған Баубек БҰЛҚЫШЕВ пен Мұқан ИМАНЖАНОВ жайлы.
Н.Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы мен С.Сейфуллин атындағы Жезқазған қалалық кітапханасы бірлесіп, әдеби онлайн кеш өткізді. Жазушы-журналист Мұқан Иманжанов пен Баубек Бұлқышевтің 100 жылдық мерейтойы аясында. Рухани кештің Қарағанды торабындағы ұйымдастырушысы – аталған кітапхананың өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы Сандуғаш Телпекбаева өз тарапынан филология ғылымдарының докторы, профессор Мәуен Хамзин мен республикалық әдеби-қоғамдық «Қасым» журналының жауапты хатшысы, ҚарМУ-дың аға оқытушысы, жазушы Алмаз Мырзахметовті тартыпты. Жезқазған қаласынан филология ғылымдарының кандидаты, ақын-жазушы Ғазиз Ештанаев, ақын Батырбек Мырзабеков, журналист Сара Смағұлова байланысқа шығып, екі тарап екі дарын иесінің шығармашылығы жөнінде айтарлықтай әңгіме өрбітті. Әңгіме арасында Қарағанды тарабынан Дарын мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Мұқан Иманжанов пен Баубек Бұлқышев шығармаларынан үзінділер оқып отырды. Әдебиетші ғалым Мәуен Хамзин қос қаламгер шығармаларының ерекшеліктеріне тоқталып, мазмұн тереңдігі тұрғысынан талдап, Мұқан Иманжанов шығармашылығындағы тереңдіктің тиегін ағытқандай әсерде қалдырды. Мұқан Иманжановтың қазақ прозасына әкелген жаңалығы – бірыңғай диалогпен жазылған әңгімесі. Оны өз кезегінде жазушы Алмаз Мырзахметов айтып жеткізді. Әсіресе, оқушылар Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат», тағы басқа туындысын мәнерлеп жатқа оқығаны – арқаландырып жіберді елді.
Тізгін жезқазғандықтарға тигенде, әңгіме тиегін Ғазиз Ештанаев ағытты. Қос қыранның шығармашылық мұрасы жайлы айта келе ол кісі жақында, 27-29 қазан аралығында Мұқан Иманжанов пен Баубек Бұлқышевтың 100 жылдығына байланысты Жезқазғанда республикалық ғылыми конференция, тағы басқа шаралар өтетінінен хабардар етті. Тағы бір сөзінде Ғазекең академик Серік Қирабаевтың ертеректе Жезқазғанға келгенін айтты. Сол сапарында ол Ұлытаудағы Мұқан Иманжановтың ескерткішіне соғуға аса құштар болады. Мұндағылар қадірлі қонақты жазушының ескерткішіне апарса, академик аруаққа тәу етіп, ұзақ уақыт ескерткіштің қасынан кетпей қойса керек. «Сөйтсек, кейін академиктің шығармаларын оқып отырсақ, Мұқан Иманжанов ол кісінің рухани ұстазы екен» дейді Ғазиз Ештанаев. Соңына мұндай шәкірт қалдырған Мұқан, Баубек есімі санамыздан өшпеуі тиіс, ендеше.
Осы орайда жағымды жаңалықты Жезқазған жағынан сөйлеген Сара Смағұловадан естіп, қуандық. Әдеби кешке қатысушылар назарына ол жақында аймақтық «Ұлытау» журналы жарыққа шыққалы жатқанын мәлімдеді. Өзі сол басылымның редакторы һәм журналдың алғашқы саны Мұқан Иманжанов пен Баубек Бұлқышев шығармаларына және олар жайлы зерттеулерге арналатыны – кештің жаңалығы десе болғандай.
Алмаз МЫРЗАХМЕТ, жазушы:
«Мұқан Иманжанов әдеби ортаға «Жастық», «Таныс қыз», «Тыңдағылар», «Адам туралы аңыз» әңгімелер жинағы арқылы мәлім. Есімі қаһарман Баубек Бұлқышевпен бірге аталады. Балалар әдебиетіне сүбелі үлес қосқан. Қаламгердің «Үй» атты туындысы бөлек дүние. Көлемі шағын. Кейіпкерлері көп емес: бірінші қабатта үш кейіпкер, екінші қабатта суретші болмысы және бар, бас-аяғы сол. Әңгіменің басты ерекшелігі – тек диалогпен ғана жазылып шыққан. Ілеуде бір кездесетін төлеу сөздер қимыл-қозғалыс қызметін атқарып, автор монологтары мәтіннің көркемдік бояуын арттыра түскен. Үш адамның арасында басталып, кейін екі адамның арасында өрбитін әңгіме-дүкен оқырман алдында біріншіден, толыққанды оқиғаның бітім-болмысын, екіншіден, кейіпкерлердің көзге оттай басылатын ерекше мінезін айқара ашып тастайды; үшіншіден, адам психологиясын, шығармашылық тұлғаны, махаббат әлеміндегі сезімдер сапырылысын көрсетеді. Және бұның барлығы тек қана диалогпен өрілген. Әлем әдебиетінде тек диалогтардан тұратын туындылар Платонның «Пирінен» бастау алып, Батыс әдебиетінде бірнеше шығармалардың арқауына айналған. Шодерло де Лакло «Қауіпті байланыстар», Генрих Белл «Рейн жағалуындағы әйел», сонымен қатар, орыс жазушылары Борис Харламов «Горе луковое», В.Ф.Одоевсктің «Иринея атаның ертегілері» циклі тек диалогпен жазылған. Осы тұрғыдан келгенде, Мұқан Иманжановтың қазақ прозасына сирек кездесетін форманы енгізгісі келген биік талғамын байқай аламыз. Сондай-ақ, Тауұлының диалогқа құрылатын «Жас өмір», «Менің махаббатым», «Сөнген шала» пьесалары барын, драмалық шығармалар айдынына қармақ лақтырғанын айтып өткеніміз жөн…»
 





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы