На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы


25-Қараша-2016 - Қарағандыда биік тұғырдағы алып байрақ жылына 4-6 рет ауыстырылады



Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі «25 жұлдызды күн» науқанының екінші күні өтуде. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қарағандыдағы 91 метрлік ту тұғырдың ерекшеліктері туралы мәліметтер білді. Оның іргесі 2014 жылдың 4 маусымы күні, Қазақстанның Рәміздер күні қаланды. Автордың пайымдауынша, тұғырдың 91 метр биіктігі Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білдіреді. Бүгінде ол еліміздегі ең биік ту тұғыр болып есептелінеді. Жоғарғы жағында ені 10-да 20 метрлік байрақ желбіреп тұр. Металл құрылымның салмағы - 80 тонна. Оның диаметрі түбінде 3 метр, ал жоғарыға қарай 80 см-ге дейін жіңішкереді. Жалауды металл құрылымның ішінде орналасқан электр жүк шығыр көтереді. Бұл нысанды орнату және алаңды абаттандыру жұмыстарына 118 млн теңге жұмсалған. «Ту тұғыр - ұдайы жұрттың назарындағы жауапты нысан болғандықтан, бұл жұмысқа ерекше жауапкершілікпен қарау керек, - дейді Қарағанды саябақтары мемлекеттік рәміздері бойынша қызмет көрсету басқармасының маманы Болат Шарақбаев. - Бұған Астанадағы алып тудың техникалық талаптарын негізге алдық. Өңірдің климаттық жағдайын ескере отырып өз нұсқамызды жасадық». Бастысы - Туға деген құрмет екенін атап өтті маман. «Байрақты дайындайтын фирманы таңдау конкурсын өткізудеміз. Конкурстық құжаттамада барлық техникалық ерекшеліктер, талаптар нақты жазылған. Ол су өткізбейтін, белгілі жүктемелерге шыдайтын арнайы мата болуы керек, - деп атап өтті Б.Шарақбаев. Бір жалаудың бағасы - 500 мың теңге шамасында. Мата Ресейден немесе Қытайдан алынады, ал тігу жұмыстарын жергілікті кәсіпкерлер жасайды. «Техникалық талаптарға сай, туды қорғау мақсатында желдің жылдамдығы секундына 8 метрден асса, температура аяз кезінде 25 градусқа жеткенде және қатты нөсер кезінде ол түсіріледі», - деді маман. Оның айтуынша, жалау жылына 4-тен 6-ға дейін ауыстырылады. «Бұл жалау биылғы - 5-шісі. Қазір ту қатты аязға байланысты түсірілді», - деп атап өтті ол.





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы