На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


14-Маусым-2018 - Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды

Кәсіби мерекесі қарсаңында Қарағандыда денсаулық сақтау қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Медициналық қызметкерлер күніне орайластырылған салтанатты шара Кеншілер мәдениет сарайында өтті.
Облыс әкімінің сыйлығымен сегіз үздік мамандар марапатталды.
- Бүгін біз өз өмірін медицинаға бағыштаған жандарға құрмет көрсетудеміз. Бұл ғылымдарлың арасындағы ең күрделісі, өнердің ішіндегі ең игіліктісі және біздің Қарағанды облысымыздағы ең алға жылжыған сала. Бір қуантарлығы, біздің дәрігерлер еліміз бойынша бірінші болып сандық технологияларды меңгеріп жатыр. Еліміздің барлық аймақтарынан бізге ол технологиялар қалай жұмыс істейтінін көріге мамандар ағылып келіп жатады, - деді облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев құттықтау сөзінде.
Ол медициналық колледждер мен университеттердің ұстаздарына осындай мамандар даярлап жатқаны үшін алғысын білдірді.
- Дәрігер болу – адамзатқа қызмет ету. Құтқарылған өмірлердің арғы жағында тек кәсіби мамандар ғана емес, жүректері кең жандар тұр,- деп атап өтті Жандос Әбішев.
Биылғы жылы облыс әкімі сыйлығының лауреаттары атанғандар:
«Үздік терапевт» номинациясында – «Сәтпаев қаласының емханасы» КММ эндокринолог дәрігері Төлегенов Артур Қопабайұлы;
«Үздік жалпы тәжірибе дәрігері» номинациясында – жалпы тәжірибе дәрігері, Новодолинка кентінің «Шахтинск қаласы емханасы» КММ отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Камалова Венера Гамбарқызы;
«Үздік орташа медициналық қызметкер» номинациясында – «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КММ медициналық бикесі Вавилина Светлана Анатольевна;
«Үздік акушер - гинеколог» номинациясында – «Облыстық клиникалық аурухана» КММ (коммуналдық мемлекеттік мекеме) акушерлік-физиологиялық бөлімнің меңгерушісі Жарова Жанар Қабдыбекқызы;
«Үздік педиатр» номинациясында – «Жезқазған қаласының орталық ауруханасы» КММ инфекциялық бөлім меңгерушісі Мақанова Жұмакүл Шәкіримқызы;
«Үздік хирург» номинациясында – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» ШБҚ-ғы РММ уролог хирургі, хирургиялық пәндер кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Жүнісов Серік Әшімұлы;
«Үздік денсаулық ұйымдастырушысы» номинациясында – «Абай қаласының орталық ауруханасы» КММ директоры Жұмақаев Маратбек Дәулетханұлы.
Әр лауреат 200 мың теңгеден алды.
Арнайы «Өз кәсібіне адалдық» сыйлығы «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КММ неонатолог дәрігері Курганская Светлана Андреевнаға берілді. Сыйлық мөлшері – 600 мың теңге.
Мереке қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Өз өнерлерін қарағандылық денсаулық сақтаушыларының алдында Толқын Зәбирова, Әлішер Кәрімов, Зарина Алтынбаева, Қазақстанның үздік дауысы Мұхаммедәли Жүгінісов секілді танымал эстрада және опера әншілері көрсетті.
Медициналық қызметкерлер күні Қазақстанда жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде тойланады. Қарағанды облысы әкімінің денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған сыйлығы 2006-шы жылы тағайындалған болатын.
 

Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы