На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


14-Маусым-2018 - Men qazaqpyn мегажобасының облыстық кезеңіне қазақ халық әндерін және музыкасын орындайтын 30 үміткер өтті

Қарағандыда алдағы сенбі күні, 16-шы маусымда кеншілер мәдениет сарайының сахнасында Men qazaqpyn мегажобасының облыстық кезеңі өтеді. Аймақтық іріктеу кезеңдердің нәтижелері бойынша оған 30 қазақ халық әндерін, күй мен терме орындаушылар шықты.
Шығармашылық байқау туралы толығырақ Saryarqa телеарнасының директоры, қазылар алқасының мүшесі Берік Дүйсетаев Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтып берді.
- Men qazaqpyn мегажобасы екінші рет өткізіліп отыр. 2017-ші жылы ол Qazaqstan телеарнасында басталған болатын, - деді спикер. – Биылғы жылы іріктеу кезеңдері облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында өтті. Оларға 118 адам қатысты, оның ішінде 30-ы облыстық кезеңге өтті.
Ең белсенді орындаушылар Бұқар Жырау, Шет, Жаңаарқа ауданадыр мен Жезқазған қаласынан болды. Бұл аймақтардан облыстық кезеңге үш үміткерден өтті.
30 қатысушылардың ішінде 11 – күй орындаушылары, 7 – терме және 12- дәстүрлі ән орындаушылар.
- Терме орындаушылар аз, себебі бұл күрделі жанр. Қатысушылар туындыларын туған жерлеріне арнаулары тиіс, немесе біздің жыршы-жырауларымыздың термелерін орындаулары керек, - деп атап өтті айтыскер, қазылар алқасының мүшесі Айтбай Жұмағұлов.
Men qazaqpyn жобасы қазақ халық шығармашылығын танымал етуге бағытталған. Оған 18-40 жас аралығындағы әнші, термеші, күйшілер қатыса алады. Қазылар алқасының мүшелері айтуынша, бағалау кезінде орындау ерекшелігі және туған өлкесі туралы атақты күйлер мен жырауларды білу деңгейі ескеріледі.
15-ші маусымда С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында жеребі тастау рәсімі өтеді. 16-шы маусымда Кеншілер мәдениет сарайында мегажобаның облыстық кезеңі өтеді. Басталуы – 12.00-де. Кіру тегін.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Астана қаласында өтетін Men qazaqpyn халықаралық теледидарлық мегажобаға қатысады. Республикалық кезең Qazaqstan республикалық телеарнасының эфирінде 2018-ші жылдың қыркүйегінен бастап көрсетіле бастайды. Мегажобаның финалы 16-шы желтоқсанда өтеді.
 

Men qazaqpyn мегажобасының облыстық кезеңіне қазақ халық әндерін және музыкасын орындайтын 30 үміткер өтті Men qazaqpyn мегажобасының облыстық кезеңіне қазақ халық әндерін және музыкасын орындайтын 30 үміткер өтті Men qazaqpyn мегажобасының облыстық кезеңіне қазақ халық әндерін және музыкасын орындайтын 30 үміткер өтті





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы