На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


13-Маусым-2018 - Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен кездесті. Жиналыс барысында аймағымыздағы телекоммуникацияны дамыту әлеуеті талқыланды.
Облыста телекоммуникациялық желілерді дамыту және денсаулық сақтау мен білім беру нысандарын Интернет желісіне кең жолақты қол жеткізумен қамсыздандыру бойынша бірлескен жобалар жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда 2018-2020 ж.ж. «Қазақстан Республикасы ауылдық қоғамдастықтарына кең жолақты талшықты-оптикалық желілерімен қамтамасыз ету» жобасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік серістестік щеңберінде, Ақтоғай ауданы орталығына және Қарағанды облысының 34 ауыл мекенді жерлерге талшықты-оптикалық желілері құрылысы жоспарланып отыр.
Қарағанды облысында 515 жалпы білім беру мекемесі бар, олардың 503-і Интернет желісіне қосылған. Өңірде, одан басқа, 391 емдеу-алдын алу мекемесі бар, олардың 118-і телекоммуникация кызметтерін пайдаланып отыр.
- Биылғы жылы, Қарағанды облысының әкімдігімен бірігіп жүзеге асырғымыз келетін, Қарағанды өңірінде ұсынып отырған қызметтердің сапасын жақсартуға, қолданыстағы сервистерді жаңғыртуға және жаңа инфокоммуникациялық технологияларды енгізуге бағытталған бірнеше жоба жоспарлап отырмыз. Сәйкес тапсырмалар Орталық өңірлік телекоммуникация басшылығына берілді, жылдың аяғына дейін оларды орындай бастау жоспарланған. Бұл ауылды елді мекендердегі 308 мектепті және 320 аурухана мен емханаларды кеңжолақты қатынаумен қамту, «Ақылды үй», Smart home, smartcity» жобасын іске қосу, - деп атап өтті Қуанышбек Есекеев.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірлескен жоспарлар құрылды. «Қазақстелеком» 33 аудандық ХҚКО-ын интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қатынауды қамтамасыз етуге уәде берді.
«Цифрлық Қазақстан - 2020» бағдарламасына сәйкес Қарағанды облысында 27 ауылдық әкімшілікке Бірыңғай көлік желісін ұйымдастыру бойынша жоба іске асырылған.
- Бүгін өте пайдалы әңгіме жүргізілді. Бірлесім жұмыс атқаратын боламыз. Бізде облыста Сандық жүйеге ауыстыру басқармсы құрылды. Біз әріптестік орнатуға қызығушылық танытудамыз, - деді Ерлан Қошанов. – Сандық жүйеге ауыстырылу облыста белсенді енгізілуде, әсіресе денсаулық сақтау және білім беру саласында. Жәнеде біз кейде тұйыққа тіреліп қаламыз, әсіресе шалғайдағы ауылдарға келгенде, ғаламтордың жылдамдығы төмен болғандықтан қиындыққа тап боламыз. Барлық салада белсенділік таныту қажет.
«Қазақтелеком» бүгінгі таңда Қарағанды облысының қалаларында нысандардағы қауіпсіздікті жоғарылату бағытында жасалып жатқан инновациялық жобалардың алдыңғы қатарлы модельдерін енгізуде. Компания облыс орталықтарында жылдың соныңа дейін «Бұлтты бейнебақылау» жобасына 338 көп пәтерлі тұрғын кешендерін қосуды, сондай-ақ «Ақылды үй» пилоттық жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
 

Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі Қарағанды облысында МЖӘ бойынша мектептер мен медициналық мекемелер кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы