На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


13-Маусым-2018 - Ерлан Қошанов әскерилердің қызметтік және тұрмыстық жағдайларымен танысып қайтты

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының №6505 әскери бөлімінде болып қайтты. Ол әскери техниканы қарап, қоғамдық тәртіп қорғаушыларының жағдайымен танысты.
Қарағандыдағы штабы бар «Орталық» аймақтық қолбасшылығы еліміздегі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді атқару көлемі мен жеке құрам саны бойынша ең ірі болып табылады. Гвардияшылар қоғамдық тәртіптің қорғалуын қамтамасыз етеді, түзеу мекемелерін, маңызды мемлекеттік нысандарды күзетеді, лаңкестік әрекеттерге қарсы операцияларға қатысады және басқа да міндеттерді атқарады.
- Бүгінгі таңда 6505 әскери бөлімінің негізінде қонақтарға Қарағанды гарнизонында бар қару-жарақтарды, әскери техниканы және қолда бар күш пен жабдықтарды көрсетеміз, - деді «Орталық» Аймақтық қолбасшылықтың Тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы, подполковник Берік Тоқтаров. – Сонымен қатар дағдарыс жағдайында белгілі-бір міндеттерді атқаратын бөлімшелер таныстырылды – ол әскери жедел резерв, құрама жасақ, дүлей апаттарды жою бойынша жасақ және арнайы бөлімшелер.
Әскери бөлімшеде жыл басында құрамында акт залы, кітапхана, мұражай, психологиялық жеңілдену бөлмесі, мемлекеттік тіл кабинеті бар мәдени-ойын сауық орталығы ашылған болатын. Әскери лазарет жөндеуден өткізілді. Гарнизон аумағында 6 нысан күрделі жөндеуден өтті.
6505 әскери бөлімшесінде атақты жерлесіміз, танымал боксшы Геннадий Головкин отан алдындағы борышын өтеген. «Орталық» Аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов өткен жылдың қарашасында «Алтын Адам» ұлттық сыйлығының «Отан алдындағы қызметте» номинациясының лауреаты атанған.
6505 әскери бөлімінің бөлімшелері Қарағанды, Қаражал, Балқаш, Жезқазған қалаларында, Долинка, Санитарлық қалашық, Қарабас кенттерінде орналасқан. Бөлімнің тарихы 1956-шы жылы Долинка кентінде КСРО ІІМ жеке конвойлық күзет жасағынан бастау алады.
Күн сайын тек бір ауысымның өзінде әскери қызметке «Орталық» Аймақтық қолбасшылығының 2500 әскери қызметкерлері жауынгерлік қызметке шығады. Олардың 1500-нан астамы түзету мекемелерінде күзет бойынша міндеттерін атқарады, қалғаны қоғамдық тәртіптің қорғалуын және қаламыздағы көшелерде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
 

Ерлан Қошанов әскерилердің қызметтік және тұрмыстық жағдайларымен танысып қайтты Ерлан Қошанов әскерилердің қызметтік және тұрмыстық жағдайларымен танысып қайтты Ерлан Қошанов әскерилердің қызметтік және тұрмыстық жағдайларымен танысып қайтты Ерлан Қошанов әскерилердің қызметтік және тұрмыстық жағдайларымен танысып қайтты Ерлан Қошанов әскерилердің қызметтік және тұрмыстық жағдайларымен танысып қайтты Ерлан Қошанов әскерилердің қызметтік және тұрмыстық жағдайларымен танысып қайтты





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы