На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


12-Маусым-2018 - Бектау ата шатқалында өткен туристер форумының қатысушы командалары бір миллион теңгеден алды

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Бектау ата шатқалында орналасқан «Факел» сауықтыру лагерінде «Ашылулар әлемі. Жас турист. Жас іздеуші» атты экспедициялық жасақтардың туристік-өлкетану облыстық форумы өтті.
Үш күндік марафонда 20 команда сайысты. Олардың әрқайсысы форумның соңында Intellektum зияткерлік ойындар кабинетін сатып алуға 1 миллион теңгеге сертификат алды.
Экспедициялық жасақтардың туристік-өлкетану облыстық форумы жыл сайын Қарағанды облысындағы балаларға арналған қала сыртындағы лагерлерде ұйымдастырылады. Биылғы жылы шараны Қарағанды облысының Білім басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Қарағанды облысының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, «Сарыарқа дарыны» АҒТО, Қарағанды облыстық туристік клубы ұйымдастырды.
Форумға облыстың әр қалалары мен аудандарынан 300 бала келді. Қатысушылар ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады. Командалар туристік салада өзара сайысты. Ақындық әндер байқауы өтті.
Сыйлықсыз ешкім қалмады. Жеңімпаздарды І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтар және кубоктармен марапаттады. «Өлкетану» және «Туризм» еоминацияларының иегерлері таңдалды.
Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрибе және білім» қосымша бағдарламасының «Өлкетану» негізгі бағыты бойынша облыстық жобалар реестріне енгізілді.
Қарағанды облыстық Білім басқармасының баспасөз-қызметі таратқан ақпарат бойынша
 

Бектау ата шатқалында өткен туристер  форумының қатысушы командалары бір миллион теңгеден алды Бектау ата шатқалында өткен туристер  форумының қатысушы командалары бір миллион теңгеден алды Бектау ата шатқалында өткен туристер  форумының қатысушы командалары бір миллион теңгеден алды Бектау ата шатқалында өткен туристер  форумының қатысушы командалары бір миллион теңгеден алды Бектау ата шатқалында өткен туристер  форумының қатысушы командалары бір миллион теңгеден алды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы