На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


12-Маусым-2018 - Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты жыл соңына дейін толықтай жаңғыртылады

«Атамекен» ҚР ҰКП Президиум Төрағасы Тимур Күлібаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпорындарды аралап шықты. Ол «Maker» ЖШС Қарағанды құю-машина құрастыру зауытын (ҚҚМҚЗ) жаңғырту барысымен танысып, бірінші мамандандырылған аллергологиялық орталықта болып қайтты.
«Maker» Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты – аймығымыздың ірі кәсіпорынбарының бірі. Негізгі қызмет түрі – тау-кен – шахта құрылғыларын жасап шығару және өндіру, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС кәсіпорнын қосалқы бөлшектермен және машина құрстыру бағытындғы жабдықтармен қамтамасыз ету.
2014-ші жылы «Өнімділік-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары басталды. Зауыт кешендік жоспар құруға жұмсаған шығындарының 7,9 млн теңгесін қайта алды, сондай-ақ 4,2 млрд теңге көлемінде жеке қаражат, 10 млрд теңге қарызға қаржы алып салған. Атқарушы директор Александр Нарежневтің айтуынша, 2018-ші жылдың соңына қарай кәсіпорын толықтай жаңғыртылатын болады. Мұнда қазірдің өзінде қазіргі заманғы роботтандырылған жабдықтар орнатылған, шығарылатын өнімнің сапасы жақсарып, көлемі ұлғайған. Бүгінгі таңда 12 млрд теңгеге 287 бірлік негізгі, қосалқы және өлшеуіш құрылғылар қойылып іске қосылды. Ол нақты нәтижелерін беріп жатыр - екі жылда өнім өндірісін 3,1 млрд теңгеден 6,6 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Кәсіпорын ҚР Инвестициялар және даму бойынша министрлігімен жабдықтарды импорттау кезінде баж төлеуден босату жеңілдігін алу туралы келісімшар орнатты.
Тимур Күлібаев зауыттың жетістіктері мен оның жаңғыруын атап айтты. Ол өз кезегінде бәсекелестік деңгейін жоғарылатып, өз жеке өндірісін арттыруға септігін тигізеді. Ол Аймақтық кәсіпкерлер палатасына облыс әкімдігімен бірлесе отырып отандық тауар өндірушілердің Бірыңғай реестріне енгізу үшін жергілікті әлеуетті өндірушілердің тізімін жасау туралы ұсыныс айтты.
Тимур Күлібаевтың аралап қайтқан тағы бір нысаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде құрылған бірінші облыстық мамандандырылған аллергологиялық орталық болды.
- Ауданы 1 300 шаршы метр орталық бір ауысымда 100 науқасты қабылдауға шақталған. Ол Olymp Medical Grouр компаниясының есебінен құрылған. Салынған қаражат 500 млн теңгеге жуық, оның жартысы заманауи жабдықтарды алуға жұмсалды. Біз зертxаналық зерттеулер арқылы 200-ден астам аллергендерді анықтай аламыз, 10-нан астам тері сынақтарын жасаймыз. Қызметтерді емделушілер мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін ала алады, - деді «Olymp Medical Group» ЖШС бас директоры Тимур Сүлейменов.
Орталық базасында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің иммунология және аллергология кафедрасы ашылды. Клиникада сонымен қатар түрлі ғылыми зерттеулер де өткізіледі.
atameken.kz
 

Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты жыл соңына дейін толықтай жаңғыртылады Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты жыл соңына дейін толықтай жаңғыртылады Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты жыл соңына дейін толықтай жаңғыртылады Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты жыл соңына дейін толықтай жаңғыртылады





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы