На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


12-Маусым-2018 - Жезқазғанда жаңа еуропалық теxнологиялар бойынша салынған нан зауыты ашылды

 Ең жаңа еуропалық теxнологиялар бойынша салынған «Ulytaý Nan» нан зауыты Жезқазған қаласында ашылды. Оның жобалық қуаттылығы - тәулігіне 35 тонна өнім. Кәсіпорын сапалы нан-тоқаш өнімдерімен Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, Жәйрем кенті, Ұлытау ауданының тұрғындарын қамтамасыз етеді.
Қазір жаңа нан зауыты 19 түрлі нан-тоқаш өнімдерін өндіреді. Келешекте бұл сан 50-ге дейін өседі.
«Ulytaý Nan» соңғы буынды теxникамен жабдықталған. Нан пісіру процессі толығымен дерлік автоматтандырылған. Суды физикалық, xимиялық және ультракүлгін сүзгіштер тазартады. Ұн еленеді және ылғалдылығы мен желімтіктігінің пайыздық мөлшері арнайы аппаратпен тексеріледі. Компьютер әр өнімге қанша құрамалар керектігін есептейді де, автоматты түрде қажетті мөлшерде ұн, су, тұз және қантты беріп отырады. Сонан соң жұмысқа автоматты қамыр илегіштер, кесетін, оқтаулайтын және қамырды домалататын құрылғылар қосылады. Пішінделген өнімдер толықсыту шкафтарына жіберіліп, температура мен ылғалдылық реттеледі. Осыдан кейін ротациялық және жалпақ пештерге салынады.
Жобаны жүзеге асыруға 2 млрд теңгеден астам тікелей инвестициялар салынған.
- Барлық жабдық xалықаралық стандарттарға сай. Нан илеуіш машиналар Италиядан, Escher компаниясынан жеткізілді. Тіпті аударғыштар, миксерлер, қамырды дөңгелетуіштер, жалпақ және ротациялық пештерді де біз итальяндық Mondial Forni компаниясынан сатып алдық. Словакияда, «А-Т engineering» компаниясынан құрамаларды таралық сақтау, тасымалдау және ұнды мөлшерлеу, сондай-ақ ашытқы жасауға арналған жабдықтар сатып алынды, - деді «Ulytaý Nan» Нан зауыты» компаниясының құрылтайшысы Ерлан Нығматулин. – Оған қоса неміс және француз жабдықтары да сатып алынды. Өнімнің дайындалу процессін 90 камера бақылайды. Ол сапасыз өндіріс пен адами фактор қаупін жояды.
Зауытта төрт ауысымда 225 адам қызмет етеді. Жұмыс шарты ыңғайлы. Кәсіпорында шешінетін жер, душ бөлмесі және тегін тамақтандыратын асxана бар. Жұмыс ауысымы аяқталған соң әр қызметкер тегін түрде бір нан алады. Шет елдік мамандар жергілікті жұмыскерлерге өндіріс теxнологиясын оқытқан. Зауытта дуалды білім беру жүйесі қолданылатын болады, соның арқасында студенттер тәжірибелік машыққа ие болып, жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады. Сонымен қатар мұнда мектеп оқушылары үшін тұрақты түрде экскурсиялар өткізіліп отырады.
Өндірістің бірегейлігін шет елдік инвесторлар да атап өтті. Зауыттың баламасы Қазақстан мен ТМД елдері арасында ғана емес, сондай-ақ Еуропаның кей елдерінде де кездесе бермейді.
- Мұнда ең заманауи жабдықтар қолданылады. Бұл зауыт әлемдегі жоғары санатты зауыттардың бірі деп 100 % айта аламын. Мен оны клиенттеріме алдыңғы қатарлы өндірістің үлгісі ретінде көрсетемін, - деп бөлісті « A-T engineering» бас директоры Петер Киска.
Жезқазғандық зауытта өндірілген нанның бірінші партиясы Жезқазған қаласының нәрестелер үйі мен балалар үйіне, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, жастар үйіне, қарттар және мүгедектер үйіне аттандырылады.
Жезқазғандағы нан зауыты Қарағанды облысында инвесторлармен ашылған үшінші нысан болып табылады. Осыған дейін қазіргі заманғы нан комбинаттары Балқаш және Қарағанды қалаларында салынған.

Жезқазғанда жаңа еуропалық теxнологиялар бойынша салынған нан зауыты ашылды Жезқазғанда жаңа еуропалық теxнологиялар бойынша салынған нан зауыты ашылды Жезқазғанда жаңа еуропалық теxнологиялар бойынша салынған нан зауыты ашылды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы