На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


15-Мамыр-2018 - Ерлан Қошанов аймақтағы жолдардың жағдайы үшін қол астындағы қызметкерлердің жұмысына наразылығын білдірді

Қарағанды облысынң әкімі Ерлан Қошанов жолдардардың нашар жағдайына байланысты қол астындағы қызметкерлердің жұмысына наразылығын білдірді. Сынның басым бөлігі Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтовқа айтылды. Аймақ басшысы Егіндібұлақ кентінен Қырғыз ауылдық округіне дейінгі жолдың өте нашар жағдайына қатысты сын айтты.
Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ кентіне апарар жолдың ортажа жөндеуі өткен жылы өткізілген болатын. Алайда, Теректі кентінің маңында орналасқан «Алтай Полиметалл» ЖШС тау-кен байыту кешенінің өнімдерін тасымалдайтын жүк көліктері жол жабынына зақым келтірген.
- Халел Мұқатайұлы, бұл мәселе өткен жылы да қозғалған болатын! Жәнеде сіз білесіз, жолдардың бұзылуы орын алмауы үшін жүк көліктерінің салмағы 8 тоннадан аспауы тиіс. Жол полициясы неліктен нашар жұмыс істеп жатыр?! Сіздерде штатта 32 адам бар, сонда да аумақтағы жолдың жағдайын қадағалай алмай отырсыздар ма? – деп наразылығын білдірді Ерлан Қошанов.
Бұл жағдайды Қарқаралы ауданының әкімі Қырғыз елді мекені шекерасынан Егіндібұлақ кентіне дейн апарар жолдың 25 шақырымында шұңғырларды бітеу жұмыстары жасалып жатқанын айтты. Қалған 25 шақырымда орташа жөндеу жасау жоспарланып отыр.
- Жоспарланған 50 шақырымның 25 шақырымын жөндеуге қатысты тендер өтті. Тендер құны 234 миллион теңгені құрады. Осы аптаның соңында мердігерлер жұмысты бастайды, - деп мәлімдеді аудан басшысы Халел Мақсұтов.
Ол сонымен қатар осыдан екі апта бұрын «АлтайПолиметалл» ЖШС басшылығы тым ауыр жүк көліктері бар мердігерлермен жұмыстарын доғаруды шешкені туралы айтты. Енді шикізат пен өнімді кәсіпорында күн сайын бес КамАЗ көліктері тасымалдайды. Осылайша жүктелу 8 тоннадан аспайды, және жол жабыны бұзылмайтын болады.
- Қазір бұл жол бөлігінде патруль кезекшілік етеді. Кешігі күні Егіндібұлаққа баратын жолда ереже бұзған жүк көліктерінің жүргізушілеріне айыппұл салынды, - деді Халел Мақсұтов.
Қарағанды облысынң әкімі Ерлан Қошанов жол полициясы қызметкерлеріне аймақтағы жолдардың жағдайын қадағалауды тапсырды, ал тәртіп сақтау органдарына жүк көліктерін қадағалауға алып, олардың тыйым салынған жолдарда жүрмеулерін бақылауды тапсырды.

 





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы