На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


15-Мамыр-2018 - Ерлан Қошанов облыстағы қалалардың дендрологиялы жоспарын құруды тапсырды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймағымызда ағаштарды отырғызу жоспарын құруды тапсырды. Құжат келешекте қалалар мен аудандарды тиімді әрі жылдам көгалдандыруға қажет болады.

Бұл мәселе Қарағанды облысының әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста талқыланды. Аймақ басшысы ағаштарды санитарлық нормаларға сай отырғызуды тапсырды. Оның пікірінше, биылғы және өткен жылы салынған ағаштарды есеп барысында салыстыру – тиімсіз және қажеті жоқ әрекет. Қазақстандық ҚНжЕ бойынша өндірістік қаланың бір тұрғынына кем дегенде 16 шаршы метр ағаштар мен бұталар тиесілі,ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормаларына сай ол көрсеткіш 40 шаршы метрді құрауы тиіс.
- Түсіндіріңіздерші, Қарағандыда отырғызылған 2000 ағаш – көп пе, әлде аз ба? Мені толғандыратын сұрақ – Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Сәтпаев жасыл бола ма? Өткен жылдармен салыстырудың қажеті жоқ, қазіргі жағдайға қарау керек! Мен облысымыздың барлық қалалары үшін дендрологиялық жоспар құруды тапсырамын, - деді Ерлан Қошанов.
Әзірге ондай жоспар тек Теміртау қаласында ғана құрылған. Онда қалада қанша ағаш, қай жерге және қашан отырғызылатыны көрсетілген.
Жиналыс барысында облыс әкіміне сондай-ақ 9-шы сәуірде басталған санитарлық тазалық және абаттандыру екі айлығы қалай өтіп жатқаны туралы баяндалды.
- Осы уақыт аралығында сенбіліктерге 157 000-нан астам адам, 8 мыңға жуық кәсіпорындар мен білім ордалары қатысты. 1200 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Қоқыстан 17 000-нан астам гектар аумақ тазартылды, 654 заңсыз қоқыс үйінділері жойылды және қатты қоқыстарға арналған 514 контейнер орнатылды. Дегенмен, Заңсыз қоқыс үйінділеріне қатысты проблема әлі де өзекті: сенбіліктерден соң ешкім жиналған қоқысты шығаруды қадағаламайды. Бізге бұл проблеманы жүйелі түрде шешу қажет. ЖК мен тасымалдаушыларды бақылауды ұсынамын. Мен өз басым қоқысты жинап, жолдың шетінде қалдырып кеткендерді бірнеше мәрте ұстап алдым. Қазір оларды бақылау назардан тыс қалып отыр, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа.
Бұл мәселеге қатысты аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне уақытында заңсыз қоқыс үйінділерін қадағалап отыруды, ал полиция қызметкерлеріне абаттандыру нормаларын бұзатындарды жауапкершілікке тартуды тапсырды.
 





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы