На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


17-Сәуір-2018 - Халықаралық компьютерлік жобалар байқауында қарағандылық оқушылар 8 медаль жеңіп алды

VI халықаралық Infomatrix-Asia компьютерлік жобалар байқауы сәуірдің 12-нен 15-не дейінгі аралықта Алматы облысында Сүлейман Демирел атындағы университет негізінде өтті. Оған Қазақстаннан, жақын және алыс шет елдерден 450 жоғарғы сынып оқушылары келіп қатысты. Қарағанды облысынан байқауға 18 оқушы барды.
Байқау жеті номинация бойынша өтті: робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, басқару жүйелері (hardware), қысқа метражды фильм, дрондар жарысы (drone racing) және математикалық жобалар.
Өз жұмыстарын 4 ұйымның өкілдері ұсынды: №1 Білім-инновация лицей-интернат №1, «Мұрагер» және «Дарын» дарынды балалар мектептерінің, Қарағанды қаласы №57 мектеп-лицейінің. Үздіктер қатарына 8 қарағандылық жобалар да енді.
5 он бірінші сынып оқушылары жеңімпаз атанды: №1 БИЛ-ден Қуаныш Қайсар, Ердан Ержұманов және Әлішер Смағұлов, «Дарын» ММИ-нан Арнұр Нүркеев пен Әділ Қазкенов.
«Дарын» ММИ оқушылары Әділхан Нұрғалиев пен Әділ Қазкенов екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын Қарағанды қаласы №57 мектеп-лицейінің оқушысы Адай Тұрарға бұйырды.
Infomatrix-Asia халықаралық компьютерлік жобалар байқауының ұйымдастырушысы: «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық, Сүлейман Демирел атындағы университеті.

Қарағанды облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше
 

Халықаралық компьютерлік жобалар байқауында қарағандылық оқушылар 8 медаль жеңіп алды Халықаралық компьютерлік жобалар байқауында қарағандылық оқушылар 8 медаль жеңіп алды Халықаралық компьютерлік жобалар байқауында қарағандылық оқушылар 8 медаль жеңіп алды Халықаралық компьютерлік жобалар байқауында қарағандылық оқушылар 8 медаль жеңіп алды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы