На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


16-Сәуір-2018 - К.С. Станиславский атындағы театрдың «Ревизор» қойылымы Санкт-Петербургтегі халықаралық фестивальде бағаланды

Қарағандылық мемлекеттік халықтар Достығы орденінің К.С. Станиславский атындағы орыс драма театры Санкт-Петербургте құрметке ие болды. Қарағандылықтар «Встречи в России» ТМД және Балтия елдерінің ХХ халықаралық театр фестиваліне қатысты. Ұжым ол шарадан дипломмен оралды.
Қазылар алқасы мен көрермендер назарына «станиславтықтар» ресейлік режиссер Станислав Васильевтің қойған Н.В. Гогольдың атақты «Ревизор» комедиясының өзіндік талдауын ұсынды. Спектакль қазылар алқасының төрағасы, беделді сыншы Элеонора Макарованың және қазылар мүшелерінің – Сербия мен Белоруссиядан келген сыншылардың мақтауына ие болды.
- Біз Санкт-Петербургке жеңіл жиналып, аттандық, өзімізбен бірге гамак пен костюмдерді ғана алған болатынбыз. Жол алыс, жәнеде «балтийский дом» фестиваль-театры бізге қолдау көрсетті – біздің эскиздер бойынша спектакльге арналған барлық реквизиттерді жасап берді, - дейді К.С. Станиславский атындағы театрдың жетекшісі Дунай Еспаев. – Бізді Санкт-Петербургте орыс театр өнерінің үлкен үйіне қабылдағанына қуаныштымыз. Танымал сыншы Элеонора Макарованың мақтауының өзі қайда жатыр, ол астаналық театрлардың өзі Қарағандыдағы әріптестерінен үлгі алса болады деді.
Дунай Еспаев шет елдік орыс театрларының қайраткерлері Қауымдастығының мүшесі атанды.
- Қазылар алқасы спектакльдің негізгілігін, қорытынды нүктесі қойылғанын атап айтты. Әрине, бұл жоғары баға. «Ревизорды» бірнеше жыл қойып келеді, сондықтан біз тек актерлердің қарқынды ойынымен ғана таң қалдыра алдық. Біз рухымыздың ширақтығы үшін алғыс сөздерін естідік, - деп бөлісті қоюшы режиссер Станислав Васильев.
Қарағандылық актерлер Комиссаржевская атындағы театрдың бас режиссері Леонид Алимовтың басшылығымен шығармашылық зертханаға қатысты.
«Встречи в России» жақын және алыс шет елдегі орыс тілді театрлардың халықаралық фестивалі 1998-ші жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Форум РФ Мәдениет министрлігінің, Санкт-Петербургтің мәдениет бойынша Комитетінің, РФ театр қайраткерлері Одағының (БТҚ),ТМД істері бойынша Федералды агенттігінің, шет елде тұратын отандастардың жәрдемдесуінің және халықаралық гуманитарлық әріптестік (Росәріптестік),мемлекеттердің парламентаралық Қауымдастығы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары, «Балтийский дом» театр-фестивалінің, «Балтийский международный фестивальный центр» Қорының көмегімен өткізіледі.
Фестивальдің мақсаты – шет елде тұратын отандастармен мәдени байланысты нығайту болып табылады.
ХХ мерейтойлық фестиваль Санкт-петербургте сәуірдің 5-нен 11-не дейінгі аралықта өтті. Оған Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Грузия, Прибалтика, Израильдің орыс театрлары қатысты. «Встречи в Россиидің» негізгі тақырыбы түрлі талдаудағы орыс классикасы болды. 2018-ші жылы фестиваль Мәдениет жылы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шаралары бағдарламасына қосылған.
2008-ші жылдан көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойыншаКСРО халық әртісі Кирилл Лавров атындағы Сыйлық тағайындалады. Биылғы жылы оның иегері М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс дарама театры (Астана, Қазақстан) атанды. Театр бұл атақты орыс режиссері Юрий Квятковскийдің А.С. Пушкиннің романы бойынша қойған «Евгений Онегин» қойылымы үшін иеленді.
 

К.С. Станиславский атындағы театрдың «Ревизор» қойылымы Санкт-Петербургтегі халықаралық фестивальде бағаланды К.С. Станиславский атындағы театрдың «Ревизор» қойылымы Санкт-Петербургтегі халықаралық фестивальде бағаланды К.С. Станиславский атындағы театрдың «Ревизор» қойылымы Санкт-Петербургтегі халықаралық фестивальде бағаланды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы