На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


16-Сәуір-2018 - Облыста екі айда барлық заңсыз қоқыс үйінділері жойылуы тиіс

Қарағанды облысында 2018-ші жылы 350 аула, 8 саябақ және 81 гүл бақтары абаттандырылады. Бұл мақсаттарға 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.
Биылғы жылы қалыпқа келтірілетін саябақтар қатарында – Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Жезқазғандағы «Жастар» саябағы бар.
- Абаттандыру бойынша бұл шаралар біздің қалалар мен аудандардың деңгейін көтереді. Дегенмен, орындалатын жұмыстардың сапасына көңіл аударған жөн. Облыс әкімі блогына біздің азаматтардан сапасыз жұмысқа қатысты шағымдер келіп түсіп жатады, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа.
Ол сонымен қатар облыста санитарлық тазарту бойынша екі айлық басталғанына көңіл аударды. Алайда, қалалар мен аудандарда әлі де заңсыз қоқыс үйінділері қалып отыр. Әсіресе, бұл проблема жеке секторлар үшін өзекті. Облыс әкімінің орынбасары полиция қызметкерлерін абаттандыру нормаларының сақталуын жіті бақылауға алып, қажет болған жағдайда ереже бұзғандарға айыппұл тағуға шақырды.
- Қарағандыда бір апта бойы заңсыз қоқыс үйінділерін анықтаумен айналысқан арнайы топ жұмыс істеді. Ол жұмыстардың нәтижесі Қарағанды қаласының әкіміне менің беріп жіберген альбомға енгізілді. Барлық заңсыз қоқыс үйінділерін жойыңыздар. Бір аптадан соң сол нүктелерді аралап шығамын да, барлығын қадағалап қайтамын, - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Қазір заңсыз қоқыс үйінділерінің тізімі жазылған осы секілді альбомдар облысымыздың басқа да қалалары мен аудандарында әзірленіп жатыр. Олар аумақтағы санитарлық тазалық бойынша облыстық екі айлық аяқталғанша, 21-ші маусымға дейін жойылуы тиіс.

 





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы