На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


16-Сәуір-2018 - Қарағанды облысында өндіріске енгізілуі мүмкін 40-қа жуық ғылыми жобалар іріктеліп алынды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың бастамасымен құрылған ғылым, инновациялар және жаңа технологиялар Кеңесі қазірдің өзінде нәтижелер көрсетіп жатыр. Ол туралы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен кезекті жылжымалы отырыста белгілі болды.
- Кәсіпорындар мен ЖОО арасында өзара әріптестік орнатылған. 50 ғылыми жобалардан пул құрылды, оның ішінен 36-ы іріктеп алынып, олар бойынша жұмыс басталды. Ол - қалдықтарды жою және қайта өңдеу, металлургия, энергетика және басқа да салаларға қатысы бар жобалар, - деп мәлімдеді Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Ғалымжан Жұмасұлтанов.
Облыста «Сарыарқа» ӘКК жанынан аймақтық инновациялар кеңсесі құрылды.
Жүйе құрушы компаниялардың жетекшілері өздерінің ЖОО-мен және ҒЗИ-мен өзара қарым-қатынастары жайлы айтты.
- Ғылым бойынша Кеңестің жұмысы біздің, өндірісшілер және ғылыми ұйым қызметкерлері арасында байланысты жақсартуға септігін тигізіп жатқанын қазірдің өзінде атап айтуға болады, - деді «Корпорация Казахмыс» ЖШС басқару кеңесінің бас директоры Бақтияр Қрықпышев. – Біз ҒЗИ және ЖОО өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткіздік, онда 15 зерттеме ұсынылды. Олардың ішінен 14-і іріктеліп алынды. Анағұрлым тиімді идеяларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз.
Компания шартқа сәйкес емес мыс шикізатын байыту, тау-кен – металлургиялық өндіріс қалдықтарын пайдалану саласындағы технологияларына қызығушылық танытты.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖОО-ның 8 жобаларын іріктеп алды. Олардың бір бөлігі экологиялық проблемаларды шешумен байланысты. Кеңес отырысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин компанияға ғалымдардың көмегі қажет бағыттар туралы айтты. Ол – қалдықтарды жою бойынша технологияларды жасап шығару, қалдық қоймаларды тазарту және тағы да басқа проблемалық мәселелер.
- Өндірісшілер мен ғылым арасында түйісу нүктелері бар. Жүйелі түрде жұмыс істейтін боламыз. Біздің мақсатымыз – өзара байланыс орнатуға арналған алаң ұйымдастыру, ол нүктелерді нақты жобаларға айналдырып, жүзеге асыру, - деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов.
 

Қарағанды облысында өндіріске енгізілуі мүмкін 40-қа жуық ғылыми жобалар іріктеліп алынды Қарағанды облысында өндіріске енгізілуі мүмкін 40-қа жуық ғылыми жобалар іріктеліп алынды Қарағанды облысында өндіріске енгізілуі мүмкін 40-қа жуық ғылыми жобалар іріктеліп алынды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы