На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


16-Сәуір-2018 - Қарағанды облысы Ғылым қорынан жобаларды қаржыландыру көлемі бойынша көш бастап тұрғандар қатарына енді

Қарағанды облысының әкімдігі мен «Ғылым қоры» АҚ өзара әріптестік туралы келісім орнатты. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қабырғасында өткен ғылым, инновация және жаңа технологиялар бойынша аймақтық Кеңестің жылжымалы отырысында аталмыш құжатқа қол қойылды.
Екі жақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерциялауды дамыту бойынша бірлесіп жұмыстар атқаруға келісті. Түрлі әріптестік формалары қарастырылған: конференциялар мен семинарлар өткізуден бастап, ақпарат алмасу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға дейін.
Ғылым қорының жұмысы туралы егжей-тегжейлі басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин айтып берді. Ол жиналғандарды гранттар беру ретімен таныстырды.
Ұлт жоспарының 65-ші қадамын жүзеге асыру шеңберінде 2015-ші жылы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. 2016-шы жылы Ғылым қоры ҒҒТҚН коммерциялау жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша операторы ретінде белгіленген.
- 2016-шы жылдан бастап екі байқау өтті. Екі жылда жалпы сомасы 7 млрд теңгені құраған 96 жоба іріктеліп, жүзеге асырылуда, ол соманың 1,8 млрд теңгесі Қарағанды облысына тиесілі. Бөлінген қаражат көлемі бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр, - деп атап өтті Әнуарбек Сұлтанғазин. – Аймақта біз жобаларды бірлесіп қаржыландыратын кәсіпкерлердің үлкен қызығушылығын көріп отырмыз. Егер республика бойынша бірлесіп қаржыландыру орташа есептегенде 11% құраса, Қарағанды облысы бойынша - 15%.
Қарағанды облысында ең көп жобалар саны табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өмір және денсаулық туралы ғылымға қатысты басым бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы кейбір жобалар бойынша мәселелерді шешуде облыс басшылығынан көмек сұрады. Облыс әкімі Ерлан Қошанов бірден қол астындағы қызметкерлерге тапсырма берді. Билік басындағылар Ғылым қорымен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылуын бақылауға алады.

Анықтама үшін
ҒҒТҚН коммерциялау жобаларын гранттық қаржыландыру байқауларына ғылым өкілдері де, бизнес өкілдері де қатыса алады. Грант сомасы 300 млн теңгеге дейін жетеді. Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 3 жылға дейін.
Гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау электрондық әдіспен www.e-cloud.kz. сайтында жүзеге асырылады.
ҒҒТҚН коммерциялау гранттары өнім өндірісін және (немесе) сатуды ұйымдастыруға, шығарылатын өнімдердің өндіріс процесстерін жаңғыртуға немесе зияткерлік меншік нысандарын пайдалану құқығын сатуды ұйымдастыруға бағытталған.
 

Қарағанды облысы Ғылым қорынан жобаларды қаржыландыру көлемі бойынша көш бастап тұрғандар қатарына енді Қарағанды облысы Ғылым қорынан жобаларды қаржыландыру көлемі бойынша көш бастап тұрғандар қатарына енді Қарағанды облысы Ғылым қорынан жобаларды қаржыландыру көлемі бойынша көш бастап тұрғандар қатарына енді Қарағанды облысы Ғылым қорынан жобаларды қаржыландыру көлемі бойынша көш бастап тұрғандар қатарына енді





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы