На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


13-Наурыз-2018 - «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы бойынша жобаның жүзеге асырылу мерзімі белгілі болды

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша өтетін «Сарыарқа» газ құбырының құрылысына қатысты Президент тапсырмасы қалай орындалып жатқаны туралы айтып берді.
Алдын ала бұл мәселе министрлікте өткен жиналыста талқыланған болатын. Селекторлық режимде оған Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдіктері, мемлекеттік органдары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қатысты. Жиналыста газдандыру жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасы құпталып, жұмыс тобы құрылған болатын.
- Біз ЖСҚ жасау мен бекітуді қамтамасыз етуге және Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша газ құбыры магистралін төсеуге арналған жерді бөлу туралы келісім жасастық. Жауапты орындаушылар: ҚР энергетика министрлігі, ИДМ, Қызылорда, Қарағанды және Ақмола облыстарының әкімдіктері мен «КазТрансГаз». Мерзімі – 2018-ші жылдың шілдесі, - деді Қанат Бозымбаев.
Министр жобаны халықаралық қаржылық институттардың қаражаттарын жұмылдыру арқылы жобаны қаржыландыру кестесін анықтау керектігін атап өтті. Мерзімі – 2018-ші жылдың маусымы. Жобаны жүзеге асыруға қажетті еншілес ұйымды құру немесе белгілеумен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ айналысатын болады.
- Магистралдық газ құбырын салуға кірісу және алғашқы торапты дәнекерлеудің салтанатты шарасын ағымдағы жылдың шілдесінде өткізу жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев.
Магистралдық газ құбырын толтыру және газдың тұтынушыларға жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдіктеріне газ тарату желілерінің құрылысын және жобалауын жылдамдату және 2019-шы жлдың шілдесіне белгіленіп отырған магистралдық газ құбырының аяқталу мерзіміне сәйкестендіру қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 2018-ші жылдың 5-ші наурызында өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бір-бір жарым жыл ішінде «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша өтетін «Сарыарқа» магистарлдық газ құбырының құрылысы жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.
Газ құбыры трассасының ұзындығы Астанаға дейін 1100 шақырымнан асады, құбырдың 80%-ы Қарағанды облысы аумағы арқылы өтеді – ол 820 шақырым.


primeminister.kz
 





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы