На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


12-Қаңтар-2018 - Ерлан Қошанов 1-ші ақпанға дейін Қоғамдық денсаулық қызметтерін құруды тапсырды

Қарағанды обысының әкімі Ерлан Қошанов медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша тапсырмалар берді.
- ҚР Президенті Нұрсұлтан назарбаев алдын алу шараларын үдету арқылы медициналық көмекті жақсарту бойынша нақты тапсырмалар қойды. Бізге алдағы уақытқа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті әрі қарай дамытуға басымдылық жасау қажет. Отбасылық денсаулық орталықтарының желілерін дамыту керек, соның арқасында білікті көмекті тұрғындарға жақындатуымыз тиіс, - деді Ерлан Қошанов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді дамыту» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттер мен мақсаттарын талқылауға арналған актив жиналысында.
Ол мысал ретінде Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде ашылған отбасылық денсаулық орталығын келтірді.
- Бұл тәжірибені әрі қарай жалғастыруымыз қажет. Денсаулық сақтау басқармасымен және қала мен аудандардың әкімдерімен бір апталық мерзім ішінде обысымыздың аймақтарында отбасылық денсаулық орталықтарын дамыту бойынша егжей-тегжейлі жобалары ұсыналатын болсын, - деп тапсырма берді аймақ басшысы. – Облысымыздың барлық емханаларында қоғамдық денсаулықты қорғау қызметтерін, жастар денсаулығы орталықтарын дамыту қажет. Осы орайда Денсаулық сақтау басқармасына 1-ші ақпанға дейін Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құруды және кезең-кезеңмен барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында филиалдар ұйымдастыруды тапсырамын.
Сонымен қатар облыста ғалымдардың қатысуымен онкологиялық дерттермен күрес бойынша жаңа Кешендік жоспар құрылатын болады.
 

Ерлан Қошанов 1-ші ақпанға дейін Қоғамдық денсаулық қызметтерін құруды тапсырды Ерлан Қошанов 1-ші ақпанға дейін Қоғамдық денсаулық қызметтерін құруды тапсырды Ерлан Қошанов 1-ші ақпанға дейін Қоғамдық денсаулық қызметтерін құруды тапсырды Ерлан Қошанов 1-ші ақпанға дейін Қоғамдық денсаулық қызметтерін құруды тапсырды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы