На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


12-Қаңтар-2018 - Қарағанды облысының барлық мектептері робототехника зертханаларымен қамтамасыз етіледі

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов білім беру робототехникасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен бірге аймақтың кәсіби техникалық білім саласында аймақаралық құзірет орталықтары құрылатын болады. Ол туралы облыс әкімі Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді дамыту» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттер мен мақсаттарды талқылауға арналған актив жиналысында мәлімдеді.
- 2016-шы жылдан бастап білім берудің жаңартылған құрамына ауысу басталды. Жаңа бағдарламалар бойынша біздің облысымыздың 40%-дан астам мектеп ұстаздары дайындықтан өтті, осы жылдың соңына дейін олардың үлесі 60%-ға дейін ұлғаяды. Сіздер білесіздер, 2018-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңартылған құрамға ауысқан мұғалімдердің жалақысы 30%-ға көтеріледі, - деді Ерлан Қошанов.
Ол сонымен қатар облысымыз робототехника білімін дамытуға басымдылық жасап отырғанын айтты.
- Тек соңғы жылдың өзінде-ақ мектеп зертханаларының саны 47-ден 200-ге дейін ұлғайды. Біздің алдағы жылға қойып отырған мақсатымыз – робототехникамен барлық орта және негізгі мектептерді қамту. Олардың саны бізде – 467, - деді аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне. – Осыған орай мектептердегі робототехника зертханалары базасында технопарктер құру бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Менің ойымша оны облысымыздың барлық қалаларында жасауға болады.
Ерлан Қошанов қосымша білім ұйымдарының, әсіресе техникалық бағыттағы мекемелередің желісін кеңейту қажет деп ойлайды.
- Біз кәсіби және техникалық білім жүйесін жетілдіруді жалғастырамыз. 3 колледж негізінде аймақ аралық құзірет орталықтары құрылатын болады, - деп түсіндірді ол. – Біздің облысымыздың екі колледжі республика бойынша алғашқылардың бірі болып жоғарғы дәрежеге ие болды. Білім басқармасына жаңа оқу жылынан бастап олардың санын алтыға дейін өсіруге тапсырма беремін.
Аймақ басшысы колледждерде халықаралық стандарттар мен алдыңға қатарлы технологияларды, әсіресе WorldSkills, IT құзіретті ескере отырып, жаңа мамандықтарды ашуды тапсырды.
 





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы