На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


12-Қаңтар-2018 - Қарағанды облысында «Ақылды қаланың» негізгі өзегі МЖС бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы болады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Елбасының халыққа Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысында аймағымызда Смарт-сити элементтерінің енгізілуі туралы айтып берді.
- Смарт-сити бағыты бойынша Қарағанды облысы пилоттық аймақтар қатарына енді. Біздің мақсатымыз – жаңа технологиялар арқылы қалалық ортаны Елбасы айтқандай өмір сүруге және жұмыс істеуге жайлы болатындай етіп ұйымдастыру болып табылады, - деп атап өтті Ерлан Қошанов. – Бүгінгі таңда 2018-ші жылдың соңында іске қосылатын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы құрылуда. Ол «Ақылды қаланың» интеграциялық өзегі болады.
Облыс әкімі Смарт-сити элементтерін кезең-кезеңмен енгізу үшін әлемдік тәжірибе зерттелгенін айтты.
- Бейнесараптау және оқиғалық хабарлауы бар ауқымды бақылау жүйесі бар «Қауіпсіз қала» жүйесінен бастадық. Қазіргі таңда Қарағандыда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған облыстық ІІД жедел басқару орталығына қосылған 3000-нан астам бейнекамералар жұмыс істейді, - деп жеткізді аймақ басшысы.
Ол бір жыл көлемінде тағы да 12 000 жеке кәсіпорындар, білім және денсаулық ұйымдарының камераларын қосу жоспарланып отырғанын айтты.
Аймағымызда денсаулық сақтау және білім беру салаларында ақпараттық жүйе дамып келеді. Қарағандыда мамыр айында енгізіледі деп жоспарланып отырған электроны билеттеу жүйесін және электрондық диспетчерлеуді енгізу бойынша жұмыстар басталды.
- ТКШ саласында біз коммуналдық қызмет сапасына мониторинг жүргізуді енгізбекпіз. Келешекте келесі кезеңге сай қаланың өміршендігін басқарудың ақылды жүйелері пайда болуы тиіс, - деп жалғастырды сандық жүйеге ауысуы тиіс салалар тізімін Ерлан Қошанов. – Смарт-сити технологияларын біз Қарағандыда енгізіп жатырмыз, алайда келешекте бұл тәжірибе облысымыздың басқа аймақтарында да жүзеге асырылады.
Облыс әкімі Кәсіпкерлік басқармасына қала және аудан әкімдерімен, сондай-ақ қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен бірігіп сандық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
 





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Электрондық еңбек биржа
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы