На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


06-Желтоқсан-2017 - К. Станиславский атындағы театр Йошкар-Олада өткен «Мост дружбы» халықаралық фестивалінен жүлдемен оралды

 К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік Халықтар достастығы ордені орыс драма театры Йошкар-Олада (Ресей) қарашаның 22-сі мен 30-ы аралығында өткен «Достық көпірі» халықаралық фестивалінде Қазақстан атынан өнер көрсетті. Ұжым қойылымдарын сәтті орындап, үш дипломмен оралды.
«Достық көпірі» театралдық фестивалінің мақсаты – адамдар мен елдердің басын біріктіру. Биылғы жылы ол 14-ші мәрте ұйымдастырылды. Қонақтарды өз сахнасында Г. Константинов атындағы Академиялық орыс драма театры қарсы алды. Йошкар-Олаға Адыгей, Татарстан, Чувашия, Мәскеу, сонымен қатар Армения, Венгрия, Испания, Қазақстан және Сербиядан шығармашылық ұжымдар жиналды.
К. Станиславский атындағы театр Николай Островскийдің пьесасы желісімен ресейлік режиссер Станислав Васильевтің қойған «Без вины виноватые» спектаклін ұсынды.
- Біз фестивальге басында «Ревизор» қойылымын алып барамыз деп жоспарлаған едік. Алайда ұйымдастыру комитеті «Без вины виноватые» спектаклін таңдады. Мүмкін олар фестивальдің афишасын түрлендіргісі келген болар деп ойлаймыз. Бірақ біз қуанышты болдық, себебі бұл біздің репертуарымыздағы мықты спектакльдердің бірі болды, - деді К. Станиславский атындағы театрдың жетекшісі Дунай Еспаев баспасөз мәслихаты барысында.
Германияның беделді театр сыншысы және драматург Нина Мазур төрайымы болған қазылар алқасы қарағандылықтардың жұмысын жоғары бағалады. Ең басты жетістік – «Ең үздік актерлік ансамбль үшін» дипломы. Сонымен қатар әртістерге екі арнайы диплом табысталды: «Үміт» номинациясында – Петя Миловзоровтың рөлін орындағаны үшін Певел Авдюковке, «Орыс театрына адалдығы үшін» номинациясында – Галчиха рөлін сомдаған Ирина Городковаға берілді.
Әдетте «Без вины виноватые» пьесасы мелодрама ретінде қойылады, алайда Островкий оны комедия деп атаған. Станислав Васильев авторлық жанрды таңдап алып, іс-әрекетті театрдағы шымылдықтың арғы жағына ауыстырған.
- Үздік актерлік ансамбль үшін марапат алу біз үшін өте жоғары жетістік. Оның маңыздылығы, барлық ұжымның еңбегі бағаланғандығында – сахнада барлығы қаншалықты бірлесіп жұмыс істейті байқалады, - дейді Дунай Еспаев.
Оның айтуынша қазылар алқасыерекше режиссерлік қолтаңба мен пьесаның жаңа тұрпатын бағалаған.
- Олар біздің қойылымда бұрыңғы спектакльдер мен фильмдердегі кейіпкерлердің көлеңкесі болмаған, біздің сомдаған әрбір образда тек туындының кейіпкерлері ғана көрінген деді, - деп қосты Ирина Городкова.
Фестиваль алдында қарағандылықтар шағын гастрольдерімен Буинск қаласының 100 жылдық тарихы бар театр сахнасында өнер көрсетіп қайтты. Онда жерлестеріміз «Алтын балапан» балалар ертегісін қойды.
К. Станиславский атындағы театр биылғы маусымда басқа да халықаралық фестивальдерде өнер көрсетпек.
- Біз 8 халықаралық фестивальдерге өтінім жібердік жәнеде олардың бесеуінен шақырту алдық. Ол шаралар 2018-ші жылы түрлі елдерде өтеді, - деп бөлісті жоспарларымен Дунай Еспаев. – 11-ші наурызда Сербия еліне «Стена живых» спектаклімен барамыз. 8-ші сәуірде Санкт-Петербургте өтетін «Балтийский дом» фестивалінде «Ревизорды» орындайтын боламыз.
Сонымен қатар Крым мен Түркияда өтетін фестивальдерге қатысу жоспары да бар.

 

К. Станиславский атындағы театр Йошкар-Олада өткен «Мост дружбы» халықаралық фестивалінен жүлдемен оралды К. Станиславский атындағы театр Йошкар-Олада өткен «Мост дружбы» халықаралық фестивалінен жүлдемен оралды К. Станиславский атындағы театр Йошкар-Олада өткен «Мост дружбы» халықаралық фестивалінен жүлдемен оралды К. Станиславский атындағы театр Йошкар-Олада өткен «Мост дружбы» халықаралық фестивалінен жүлдемен оралды К. Станиславский атындағы театр Йошкар-Олада өткен «Мост дружбы» халықаралық фестивалінен жүлдемен оралды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы