На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


05-Желтоқсан-2017 - Екі қарағандылыққа қаланың Құрметті азаматы атағы берілді

 Қарағандыда Құрметті азаматтар қатары толықты. Бұл атақ ардагер-кенші, танымал қоғам қайраткері Дулат Аққошқаровқа және Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының басшысы, полиция генерал-майоры Жан Кенжетаевқа берілді.
«Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағын тағайындау мәселесі қалалық мәслихаттың ХХ кезектен тыс сессиясында қарастырылды. Депутаттар бір ауыздан ұсынылған кандидатураларды құптады.
Ережеге сай, қазіргі таңда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағын тағайындау Конституция Күні және ҚР Тәуелсіздік Күні мемлекеттік мейрамдарына орайластырылады. Осы уақытқа дейін 100-ден астам қарағандылықтар бұл атаққа ие болды. Толық тізім Қарағанды қалалық мәслихатының сайтында жарияланған http://kargormaslihat.gov.kz/ru/pochet.
- Қарағандының әкімдігіне 2017-ші жылдың тамызынан қарашасына дейінгі уақыт аралығында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағын үш үміткерге тағайындауға өтінішхат пен материалдар келіп түсті, - деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская.
14-ші қарашада қалалық комиссияның отырысы өтті. Оның мүшелері бір үміткерді алып тастап, Дулат Аққошқаров пен Жан Кенжетаевтың кандидатурасын ұсынды.
- Қалалық комиссия ұсынылған кандидатураларды мұқият қарап шығып, нәтижесінде алқалық ұсыныс шығарды. Бұл адамдар қаланың дамуына үлес қосты, олардың еңбектері зор, - деп атап өтті қала әкімі Нұрлан Әубәкіров.
Дулат Аққошқаровқа қатысты «Қорғау» көмір саласының кеншілер кәсіподағы ұсыныс жасаса, Жан Кенжетавты Қарағанды облысының ІІД ұсынды.
«Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы: аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін және азаматтығын қалыптастырғаны үшін Аққошқаров Дулат Әмірханұлына; заңдылық және тәртіп сақтау бойынша жұмыстарға орасан үлес қосқаны үшін, сондай-ақ білім сапасын жоғарылатқаны және жетілдіргені үшін Кенжетаев Жан Табылдыұлына тағайындалсын», - деп жазылған Қарағанды қалалық мәслихатының шешімінде.
Дулат Аққошқаров 1938-ші жылы 16-шы шілдеде дүниеге келген. Көп жылдар бойы «Карагандауголь» ӨБ Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахтада еңбек еткен, жылдам тау-кен үңгілеу бригадасын құрған. Еңбек ардагері, «Кенші даңқы» медалінің толық кавалері, құрметті кенші. Регрессшілердің құқығы үшін күрескен қоғамдық топты құру бастамашыларының бірі. Түрлі грамоталармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Жан Кенжетаев 1957-ші жылы 1-ші мамырда дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған. Ішкі істер органдарында қылмыстық тергеу инспекторынан бастап, басқарушы қызметтерге дейін көтеріліп еңбек еткен. ҚР қаржы полициясы Агенттігі төрағасының орынбасары болған, қаржы полициясы Академиясын басқарған. 2004-ші жылы Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын басқарды. 2009-шы жылы оны ҚР ІІМ Алматы академиясына ауыстырған, 2010-шы жылдың қазанында Қарағандыға қайта оралды. Полиция генерал-майоры, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, құрметті заңгер, құрметті білім қызметкері, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академисының академигі, «Даңқ» орденінің Кавалері, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

 





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы