На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


14-Қараша-2017 - Қарағандыда өнертапқыштар байқауында баспалдақпен жүргіш, гаджеті бар таяқша, хэндбайк ұсынылды

 Қарағандыда «ТОМ:Қазақстан» мейкатонының екінші кезеңі өтті. 72 cағаттық марафон барысында жас өнертапқыштар мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне қажетті құрылғыларды ойлап табумен және оны құрастырумен айналысты. Байқау сәтті өтті, жәнеде онда жеңілгендер болған жоқ дейді ұйымдастырушылар.
Бұл Қазақстанда өнертапқыштар арасында өткен екінші байқау. Бірінші мейкатон осы жылдың жазында Павлодар қаласында өткен болатын. Онда тірек-қозғалу аппараты бұзылған жандарға арналған экзоскелет жобасын ойлап тапқан қарағандылық команда жеңіске жеткен еді.
Сайыстық ұйымдастырушысы – «ҚР-ғы Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы» ЗТБ болып табылады. Қарағандыда жобаны облыс әкімдігі және Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, сондай-ақ «Луч» Нейрооңалту орталығы» ЖШС қолдады. Демеушісі - ERG корпорациясы (Еуразиялық топ).
ЖОО спорттық залы үш күнге зертханаға айналды – мұнда өнертапқыштар өз идеяларын жүзеге асырды. Байқауға 10 топ қатысты – мейкерлер Алматы, Талдықорған, Атырау, Павлодар, Қарағандыдан жиналды. Әрбір команданың өзіндік нидноуэры (мүмкіндігі шектеулі адам) болды, оның нақты қиындығын шешу керек еді. Бұл 10 адамның барлығы – қарағандылықтар, оларды іріктеу жергілікті түрде өткізілген.
Нәтижесінде 10 ақылды бейімдеу пайда болды: экзоскелеттер, жаңғыртылған тіреу таяқшалары, мүгедектер арбасын баспалдақтардан көтеріп-түсіруге арналған әмбебап қүрылғы. Педальдары қолмен айналдырылатын велосипед – хэндбайк құрастырылды. Қарағандылықтар командасы оны сал ауруымен ауыратын бір жігіттің өтініші бойынша, ол қала көшелерінде балдақсыз жүре алуы үшін құрастырып шығарды.
Қазақстандық өнертапқыштарға Израильден келген сарапшы көмектесті. Алекс Гехт өндірістік дизайнер болып жұмыс істейді – ол әлемнің бірнеше елдерінде осы секілді байқауларда болып қайтқан. Шет елдік маманның айтуынша қарағандылық мейкатонға қатысушылар алға қойылған мақсаттарды сәтті орындап шыққан – пайдалануы оғай әрі қарапайым болып табылатын, жәнеде өзіндік құны төмен қызықты жобаларды ұсынған. Осының арқасында прототиптерді өнеркәсіптік өндіріске енгізуге болады.
Өнертабыстың бірін «Луч» нейро оңалту орталығы өзіне алды. Олардың алаңында сал ауруына шалдыққан және тірек-қозғалыс аппараты бұзылған адамдарға арналған тренажер орнатылды. Құрылғы адамның қозғалу қабілетін дамытып, қорқыныш сезімін жеңуге көмектеседі.
Қазылар алқасына үздік жобаны таңдау қиынға соқты.
- Бүгін сіздердің барлықтарыңыз жеңімпазсыздар. Бір адамға белгілі бір проблемасын жеңуге көмектесу – әлемді өзгертумен бірдей, - деді «ҚР-ғы Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті Сәния Арапова.
Талқылаудан соң бірінші орын Алматы, Қарағанды және Павлодардан келген мамандар мен студенттерден құралған «Re:Born» құрама командасына берілді. Олар зағиптарға арналған атқарымды тірек таяқшасын ойлап жасап шығарды. Ол шұңқыр, шалшық су немесе бөгеттерге дыбыс беретін датчикпен жабдықталған.
- Біздің нидноуэрге тек таңқалуға болады. Асхат Хасенұлы Егеубаев «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚҰ корпоративтік қорына басшылық етеді. Ол белсенді әлеуметтік өмір сүреді. Ол үшін шынымен де әрбір далаға шығу жайты өміріне қауіппен байланысты. Біздің жобамыз оған Қаламен қауіпсіз қозғалуға мүмкіндік береді деген ойдамыз, - дейді команда мүшесі Ильдар Фархадиев.
Оның айтуынша, прототиптің бағасы 5-6 мың теңгеге дейін барады. Осы секілді шет елдік балама құрылғылардың құны шамамен 300 АҚШ долларын құрайды.
- Мен жігіттерге алғысымды айтамын және бүгін бұл құрылғыны сынап көремін, - дейді Асхат Егеубаев. – Мен күн жақтарын: солтүстік-оңтүстік, шығыс-батысты анықтау қажет деген мақсат қойдым. Ал жігіттер болса, бұл идеяны жетілдіре түсті – аяқ астындағыны және басымның деңгейіндегіні анықтайтын қосымша датчиктер орнатуды ұсынды.
Жеңімпаздарды әлеуметтік кәсіпкерлікке оқу сертификаты табыс етілді. ҚММУ атынан берілген арнайы сыйлық студенттер және ұстаздармен қоса оқушылшар да жұмыс істеген Талдықорған және Павлодарлық «Жетісу» командасына табыс етілді. Олар көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған трансформер таяқшаны ұсынды. Қалған қатысушыларға алғыс сертификаттар және сыйлыққа арқа қоржындар табыс етілді.
Мейкатон ТОМ (TikkunOlamMakers) – бұл пайдалануға ыңғайлы гаджеттерді ойлап тауып, жасау үшін мүмкіндігі шектеулі жандар мен өнертапқыштардың басын біріктіретін халықаралық әлеуметтік жоба. Сайыстар 2014-ші жылдан бері Азраиль, АҚШ, Ұлыбритания, Австрия және басқа да елдерде өткізіліп келеді.

 

Қарағандыда өнертапқыштар байқауында баспалдақпен жүргіш, гаджеті бар таяқша, хэндбайк ұсынылды Қарағандыда өнертапқыштар байқауында баспалдақпен жүргіш, гаджеті бар таяқша, хэндбайк ұсынылды Қарағандыда өнертапқыштар байқауында баспалдақпен жүргіш, гаджеті бар таяқша, хэндбайк ұсынылды Қарағандыда өнертапқыштар байқауында баспалдақпен жүргіш, гаджеті бар таяқша, хэндбайк ұсынылды Қарағандыда өнертапқыштар байқауында баспалдақпен жүргіш, гаджеті бар таяқша, хэндбайк ұсынылды Қарағандыда өнертапқыштар байқауында баспалдақпен жүргіш, гаджеті бар таяқша, хэндбайк ұсынылды Қарағандыда өнертапқыштар байқауында баспалдақпен жүргіш, гаджеті бар таяқша, хэндбайк ұсынылды Қарағандыда өнертапқыштар байқауында баспалдақпен жүргіш, гаджеті бар таяқша, хэндбайк ұсынылды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы