На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


13-Қараша-2017 - Қарағандыда Шамғон Қажғалиевті еске алу кеші өтеді

 24-ші қараша 18:30-да «Шалқыма» концерт залында атақты дирижер, педагог, домбырашы, КСРО халық әртісі Шамғон Қажғалиевтың 90 жылдық мерейтойына арналған еске алу кеші өтеді.
Концертке Тәттімбет атындағы Академиялық оркестр және концерттік бірлестіктің солистері қатысады. Дирижер – Өзбекстанның халық әртісі Фарух Садықов. Билеттер бағасы 800 теңге.

Шамғон Қажғалиев – алғашқы қазақ дирижері, педагог, домбырашы. 1950-ші жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ консерваториясының халық аспаптар факультетін домбыра сыныбы бойынша тәмамдаған. 1964-ші жылы Ленинград консерваториясының опералық-симфониялық дирижерлеу бөлімінің дипломын алған. 1952-ші жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Бұл орында оған дейін ұжымның негізін қалаушы А. Жұбанов болған.
1968-ші жылдан 1971-ші жылға дейін Шамғон Қажғалиев Қазақ ССР Мемлекеттік симфониялық оркестрін басқарған.
1971-ші жылдан бастап қайтадан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестріне басшылық етті.
1970-ші жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ консерваториясында ұстаздық ете бастаған, 1980-ші жылы профессор атанды.
1992-ші жылдан бастап – Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі. Өзінің жарты ғасырлық музыкалық тәжірибесін ол өзіне сеніп тапсырылған ұжымның кәсіби мәдениеті мен орындау шеберлігін шыңдау үшін жұмсаған. Маэстро өзінің жұмыс концепциясымен келген – қазақ, орыс және шет елдік классика мен ТМД елдері және әлемнің үздік концерттік туындыларын және аймақтық фольклорлық материалдарды негізге ала отырып, ерекше репертуар құру. Осылайша алғаш рет қазақстандық музыкалық тәжірибеде халық оркестрінің концерттік орындауындағы сүйемелдеуімен «Абай» және «Қыз Жібек» опералары пайда болды.

Шамғон Қажғалиев – Қазақ ССР Халық әртісі, КСРО Халық әртісі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достастығы, «Құрмет белгісі», Парасат, Отан ордендерімен марапатталған.





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы