На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


13-Қараша-2017 - Саран қаласында «Қыс-2017» оқу жаттыға барысында төтенше жағдайларға дайындық деңгейі тексерілді

 Саранда 9-10 қараша күндері «Қыс - 2017» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулар өтті. Жаттыға барысында қыс айларында орын алуы мүмкін барлық төтенше жағдайларға: Өртке, автокөлік апаттарына, адамдардың тоңып, мұздауына қатысты азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы сыналды.
Тоғызыншы қарашада жедел әрекет ету тобының байқауы өтті. Оның құрамына қаланың өмірішендігін, төтенше жағдайда адамдарды құтқару және эвакуациялауды қамтамасыз ететін түрлі қызмет өкілдері кіреді. Полицейлер, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, азық-түлік және тамақтану қызметінің өкілдері, сондай-ақ Сарана қаласының коммуналдық ұйымдарының қызметкерлері қалалық стадион алаңында сапқа тұрды.
Бұл күні сонымен қатар тәжірибелік жаттығулар да өтті. Үш төтенше жағдай жасалды. Оның бірінде сценарий бойынша қар мен мұздың салдарынан қазандықтың шатыры құлап, тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға жылу берілу тоқтап қалады. Екінші сценарий бойынша Саран-РТИ автожолының көпірі маңында жолаушы тасымалдау автобусы тұрып қалады. Ал үшінші сценарийге сай азаматтық қорғаныс қызметінің өкілдеріне суға батып бара жатқан балықшыны құтқару керек болды.
Барлық сынақтардан қатысушылар сүрінбей өтті. «Зардап шеккендерге» көмек көрсетілді, оның ішінде медициналық, автокөліктер эвакуацияланып, қираған шатыр жөнделді.
Сонымен қатар Саран қаласы мен Ақтас кентінде жергілікті хабарландыру жүйесі де толық даярлық қалпына келтірілді. Төтенше жағдай туралы хабар таратылып, сирена қосылды.
Жергілікті жүйенің басты артықшылығы – оның төтенше жағдай туындағандағы жеделділігінде. Саран Алматы қаласынан кейінгі осы секілді жүйені орнатқан екінші қала болып табылады.

Саран қаласында «Қыс-2017» оқу жаттыға барысында төтенше жағдайларға дайындық деңгейі тексерілді Саран қаласында «Қыс-2017» оқу жаттыға барысында төтенше жағдайларға дайындық деңгейі тексерілді Саран қаласында «Қыс-2017» оқу жаттыға барысында төтенше жағдайларға дайындық деңгейі тексерілді Саран қаласында «Қыс-2017» оқу жаттыға барысында төтенше жағдайларға дайындық деңгейі тексерілді





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы