На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


14-Қыркүйек-2017 - Қарағандылық тұрғын өз үйінің ауласында қоқиқаз балапанын тауып алды

Қарағандыда біздің аймаққа үйреншікті емес құс табылды. Медсанчасть ауданының маңында жер үйдің иесі Сергей Каубре ауласында қоқиқаздың балапанын тауып алған. Ол экзотикалық қонақты үйіне алып, арнайы мамандарға хабарласқан.


- Бізге қала түрғыны хабарласып, өзінің ауласында қоқиқазды тауып алғанын мәлімдеді, - дейді ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі Абай Әлжанов. - Басында біз оған сенбедік. Сергей қателескен болар деп ойладық, себебі бізде қоқиқазды кездестіру - өте сирек болатын жайт. Ол кісі тырнаны тауып алған болар деп болжам жасадық. Алайда, онда барғанымызда ол жас қоқиқаз болып шықты. Біздің мамандар құсты кеңсемізге алып келді.


Мамандардың айтуынша балапан қамауда өскен қоқиқазға ұқсамайды, себебі мұндай құсты оның тамақтану ерекшелігіне байланысты асырау өте қиын. Қоқиқаздар тек тұщы су қоймаларында ғана өмір сүреді, жәнеде денесінде каротині бар кішкентай шаяндармен тамақтанады, соның арқасында құстардың қауырсындары қызғылт түске боялады.


- Балапан қанатын енді жайып, ұша бастаған соң осында ұшып келген болар, - деп болжамдайды Абай Әлжанов. - Ол адамдардан мүлдем қорықпайды. Ал оның адамдардың үйіне келуі, әбден шаршап шалдыққанын, жәнеде көмекке мұқтаж болғанын көрсетеді. Сонымен қатар балапанның жаурап қалғаны байқалады. Біз оның бойын жылыту үшін бөлмеге жылытқыш қойдық. Содан соң ол әжептәуір ширап қалды.

Қазіргі таңда қоқиқаз Ақмола облысында орналасқан Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығына жеткізілді. Осы сұлу құстар дәл сол жерде, Теңіз көлінің аралында өмір сүреді.
Табиғатты қорғаушылар қарағандылықтарға саналылықтары мен табиғатқа бейжай қарамайтындығы үшін алғыс білдірді.
Қазақстанда қоқиқаз өте сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енгізілген құс.

Қарағандылық тұрғын өз үйінің ауласында қоқиқаз балапанын тауып алды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы