На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


13-Қыркүйек-2017 - Василий Левит, Бахтияр Артаев және Дидар Кәмиев ҚЭУ магистратурасында оқитын болады

Биылғы оқу жылында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасына «жұлдызды» жинақ өтті. Жаңадан келгендер қатарында атақты спортшылар мен айтыскерлер бар.
ҚЭУ магистратурасына «кедендік қызмет» мамандығы бойынша Олимпиада ойындарының иегері Василий Левит түсті.

Сонымен қатар бұл жоғарғы оқу орнында танымал боксшы, олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев та оқитын болады. Ол «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын таңдаған. Ал атақты айтыскер Дидар Кәмиев құқықтану бойынша білімін жетілдіреді.
Олардың барлығы мемлекеттік оқу гранттарын алып, тегін оқитын болады. Магистрлік курс екі жылға созылады.


- Мен Серік Сәпиевтің ізін қудым. Ол осы университетте оқиды, - деді Василий Левит. – Бірінші алған жоғарғы білімім - заңгер, екіншісінде кедендік қызметті таңдадым. Келешекте өмірімді осы мамандықпен байланыстыруым әбден мүмкін.


Осыған дейін Василий Левит ҚЭУ-де қонақ ретінде болып, студенттермен кездескен, шеберлік-сыныптарын өткізген. Университет өзінің спорттық базасымен танымал.
Олипиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев екі жоғарғы білімге ие. Ол Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «дене шынықтыру педагогы», «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Сонан соң Қарағанды мемлпекеттік техникалық университетінде «тау кен ісі» мамандығы бойынша диплом алған. «Спорттық менеджер» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасының стипендианты болған. Қазіргі таңда Серік Сәпиев ҚЭУ-нің «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавриатында.


ҚЭУ-не биылғы жылы сонымен қатар ұлттық құрама мүшелері мен спорт шеберлері де түскен. Олардың қатарында мини-футбол бойынша Қазақстанның үш дүркін чемпионы Владислав Черномордов, қазақ күресі бойынша еліміздің жастар құрамасының мүшесі Сержан Бейсенбаев және биатлон бойынша юниорлар арасында еліміздің екі дүркін чемпионы, Олимпиада құрамасына үміткер ең жас спортшы Виктория Катаева бар.

Василий Левит, Бахтияр Артаев және Дидар Кәмиев ҚЭУ магистратурасында оқитын болады





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы