На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


12-Қыркүйек-2017 - Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады

Бүгін Қарағандыда Достық үйінде облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлес үшін беріледі.

Сайыс ұйымдар мен мекемелер қырметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер мен жастар арасында өтеді. Биыл 7 номинация бойынша 200 жуық адам бақтарын сынады.Ұйымдастырушылар үш жаңа номинация қосқан: «Тіл білгірі», «Жас полиглот» және «Мемлекеттік тіл бизнесте».

- Тілдер күні тек Қазақстанда ғана тойланады, күллі әлемде мұндай күн жоқ. Бұл тіл саясатының еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтайды. Жыл сайын жастар арасында тілге деген қызығушылықтың артуы қуантады. Елбасы бір сөзінде: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деген еді. Мен болашақ жастардың қолында екеніне қуанамын, - деді Ерлан Қошанов марапаттау рәсімінде.

Алты лауреат 300 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Бас жүлде «Тіл майталманы» номинациясының көлемі 1 млн теңгені құрады.
Облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйақысы жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында табысталады.

Жеңімпаздар тізімі мынадай:

«Тіл майталманы» - Ерсін Мұсабеков, облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары;
«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» - Динар Жумагельдина, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тіл маманы;
«Тіл жаршысы» - Нина Крамер, «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің тілшісі;
«Үздік телехабар» - Руслан Тұрсынғалиев, «Qazaqstan» ұлттық арнасының облыс бойынша меншікті тілшісі;
«Тіл білгірі» - Анастасия Бережнова, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті;
«Жас полиглот» - Ерболат Мукарам, коммерциялық авиация пилоты;
«Мемлекеттік тіл бизнесте» - Венера Исина, «Нұрәсем» сән үйінің бас директоры.
 

Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы