На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


10-Тамыз-2017 - Автоқалдықтарды қайта өңдеу зауытының әлеуеті жоғары

 «Сарыарқа» ЕЭА аумағында 26-шы шілдеде ашылған «Recycling Company» автокөліктерді жою зауыты толықтай жұмыспен қамтылады, жәнеде өндірістің әлеуеті зор. Ол жайлы облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Ғалымжан Жұмасұлтанов аймақтық коммуникация қызметінің брифингі барысында мәлімдеді.

- Зауыттың қуаттылығы – жылына 50-55 мың машинаны немесе 60 мың тонна қара металды құрайды. Кәсіпорынның әлеуеті жоғары. Қарағанды облысы авто қалдықтарды қайта өңдеу орталығы болып таңдалды, ал еліміз бойынша 16 қабылдау бекеттері қызмет атқарады. Жеңіл көліктермен қоса зауыт жүк көліктерін және ауылшаруашылық техникасын да қайта өңдей алады, - дейді Ғалымжан Жұмасұлтанов. – Уақыт бір орнында тұрмайды. Ескірген техника жоюды қажет етеді. Меніңше, жасыл экономика шеңберінде бұл маңызды әрі лайықты жоба. Жәнеде ол жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды обысында «Сарыарқа» ЕЭА-да еліміз бойынша ескі көліктерді жоятын алғашқы зауыт ашылған болатын. Жоба 2017-ші жылдың 26-шы шілдесінде іске қосылды. Қолданыстан шыққан көліктердің қалдықтарынан мұнда болат, алюминий, түсті металлдар қоспасы, сондай-ақ резеңке ұнтақтары мен көмірсутек өндірілетін болады.
Жобаның құны – 3,4 млрд. теңге. Компания толықтай қазақстандық болып табылады.
Бірінші кезеңде автомобильдер сығымдалып, қалдықтар фракцияларға бөлінеді. Екінші кезең 2018-ші жылдың қыс айларында іске қосылады деп жоспарлануда. Оған дейін балқыту зауытының құрылысын аяқтау қажет. Сонымен қатар екінші кезеңнің ішіне пирролизді жабдықтар орнату, автомобильдерден шыққан майлар мен сұйықтықтарды қайта өңдеу кіреді.
Ескі көлікті зауытқа автомобиль иелері өздері тапсыра алады. Оларға екі түрлі төлем ұсынылады: 150 000 қолма қол ақша немесе құны 350 000-нан кем түспейтін отандық көлік сатып алуға арналған сертификат беріледі. Жоюға жағдайына қарамастан кез келген ескі көлікті тапсыруға болады.
Қазақстанда 2016-шы жылдың қарашасында ескі автокөліктерді жою бойынша пилоттық жоба басталған болатын.





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы