На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


10-Тамыз-2017 - Қаражал мен Жәйремнің ауыз су мәселесі алдағы екі жылда шешілмек

 Қаражал мен Жәйрем елді мекендерінің ауыз суға қатысты күрмеулі мәселелері алдағы екі жылда шешімін таппақ. Ол жайлы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің тұрғындарымен өткен актив барысында мәлімдеді. Аймақ басшысының орынбасары облыс әкімі және жерглікті тұрғындар алдында алдағы жұмыс жоспарлары жайлы есеп берді.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов 9-шы тамызда Қаражал қаласы және Жәйрем кентіне жұмыс сапарымен барып қайтты. Бұл елді мекендердің басты проблемасы ауыз судың тапшылығымен байланысты. Алайда жиынға бас қосқан ақсақалдар тек бұл мәселемен қоса басқа да қиындықтарға қатысты шағымдарын жеткізді. Олар онсыз да тапшы ауыз сумен бақшадағы көкөніс, жемістерін суару тіршілік нәрін қорлаумен бірдей деді. Қаражал мен Жәйрем тұрғындары облыс басшылығын шаруашылық қажеттіліктерге керекті техникалық суды жеткізу мәселесін шешіп беруді өтінді.
Бүгінгі таңда Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде жалпы есептегенде 18 мыңға жуық адам тұрады. Тұрғындарға ауыз су Ащылы және Тұзкөл кен орындарының жер асты суынан тартылады. Алайда су құбырлары тым ескі, бұл негізгі проблема. Осыған дейін тұрғындарға ауыз су кесте бойынша аптасына екі рет, тәулігіне 1,5 сағаттан көп емес уақыт аралағында жіберілетін. Су сорғысын жөндеуден өткізген соң су тарату уақыты Қаражал қаласының тұрғындары үшін тәулігіне 12 сағатқа дейін, ал Жәйремдіктерге 13 сағатқа ұзартылды.
2007-ші жылы құрылысы басталған Тұзкөл су бөгеті осы күнге дейін іске қосылмаған. Жөндеу, орнату жұмыстары 2012-ші жылдың қарашасында аяқталған, алайда гидравликалық зерттемелер жүргізілгенде су таратқышта жарылыстар анықталған.
Ауыз су тапшылығын толықтай шешу үшін Қарағанды облыстық әкімдігі «КазЦинк» АҚ-мен 15 шақырым пластик құбырлар беру туралы келісім жасаған. Сонымен қатар биылғы жылы Аймақтарды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жәйрем кентінде жалпы сомасы 900 млн теңгені құрайтын су құбырларын жөндеу жұмыстары басталған. Ол жұмыстар 2018-ші жылы аяқталуы тиіс, деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа.
Сондай-ақ жоспарда «Қаражал-Жәйрем» су таратқышын қайта қалыпқа келтіру тұр. Бұл жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылуы үшін жария етілген. Алайда оны осы жылдан бастап кету көзделіп отыр. Нәтижесінде 2020-шы жылға қарай Қаражал және Жәйрем елді мекендерінде сумен қамту сапалы, әрі толыққанды болуы тиіс.





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы