На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


08-Тамыз-2017 - Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді

 Қола дәуірінің бұйымдары, әскери олжалар және «Алаш» партиясының құжаттары осы аптада Қарағанды қаласындағы Облыстық өлкетану мұражайында көрсетілетін болады. Барлық жәдігерлер Ақтоғай ауданынан жеткізілді.
Көрме төрт бөлімнен құралған: «Таста сақталған тарихымыз» атты археологиялық бөлім, «Ел тарихы – рухани қазына» тарихи-өлкетану бөлімі, «Ата мұра – асыл қазынамыз» атты этнография бөлімі.
Археологиялық бөлімде академик Әлкей Марғұланның 1952-ші жылы жасаған экпедициясында табылған Беғазы-Дәндібай мәдениеті заманындағы заттарды көруге болады. Экспозицияда ыдыстар, еңбек құралдары және оқтардың ұштары келтірілген.
Сонымен қатар Ақтоғай ауданынан тұрмыстық заттар да алып келінген. Олардың ішінде ең көзтартарлығы жартылай қымбат тастармен және жезбен қапталған ер тоқым болды.
- Бұл тоқым қолдан жасалған. Өздеріңіз көріп тұрғандай, ол сәл қажалған. Демек жиі қолданылған, - дейді Облыстық өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағамбетов. – Мұндай ер тоқымдар тек дәулетті ақсүйектерге ғана тиесілі болған. Оны үздік, танымал шеберлерге ғана тапсырыс берген. Бұл тоқымдар адамның жоғары дәрежелі, ақсүйектер әулетіне жататын белгі іспеттес болған. Қазіргі заманда қымбат көлігі бар адамдар секілді.
Көрмеде «Алаш» партиясы хаттарының, бұйрықтарының және құжаттарының көшірмелері келтірілген. Олардың арасында партияның жиналыстары туралы хабарландырулардан бастап, «Алаш Орда» қозғалысының көшбасшыларына, оның ішінде Әлихан Бөкейхановқа да қатысты жарияланған үкімдер мен жазалар да бар.
- Ең маңызды құжатты атап өту қиын, - дейді мұражай директоры. – Маңдайша жазулар да, қазалы қағаздар да бар. Алайда олардың тарихи маңыздылығы азаймайды. Бұл құжаттар тәуелсіздік алған соң көпшілік назарына ұсынылған, оған дейін мұрағаттарда «өте құпия» грифімен сақталған.
Көрмеде сондай-ақ соғыс жылдарындағы жәдігерлер де бар. «Mercedes» фирмасының баспа машинкасы Ұлы Отан Соғысының олжасы болғанға ұқсайды. Жәдігерлер арасында солдат формасы, ордендер мен медальдар да бар.
Сонымен қатар облыстық мұражайға Ақтоғай ауданында өмір сүретін жануарлардың тұлыптары мен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құметті қызыл белгі» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сахи Романовтың суреттері де жеткізілген.
Көрмені тамыздың 8-і мен 14-і аралығында Ерубаев к-сі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан Облыстық өлкетану мұражайынан тамашалауға болады.

Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының жәдігерлері Қарағандыға жеткізілді





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы