На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


15-Шілде-2017 - 1200-ден астам қарағандылық балалар тегін ЭКСПО-ға барып келді – көрмеден фоторепортаж

 Қарағанды облысының оқушылар делегациясы апта сайын Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылғаннан бастап, 12-ші маусымнан бастап шараға барып қайтуда. 3750 балаға арғанлған елордаға тур бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылған. Көрмеге тегін барып қайту мүмкіндігі балалар үйінің тәрбиеленушілері, көпбалалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға, дарынды оқушыларға және жас спортшыларға берілді.
- 12-ші маусымнан 10-шы қыркүйекке дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Қарағанды облысынан 3750 бала бюджет есебінен барып қайтады. Астанаға бару жолдамаларын сатып алуға 145 млн теңге бөлінді: қала және аудан бюджеттерінен 95,4 млн теңге, облыстық бюджеттен – 49 млн. теңге. Экскурсия екі күнге шақталған. Бірінші күні – елорданың көрікті жерлерін аралау, екінші күні – ЭКСПО-ға бару, - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Ахметкәрімова.
Қай балалар жолдау алатынын кім және қалай іріктеді? Критерийлерді ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітті. Шарт бойынша, басымдылық жетім балаларға, көпбалалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға, мүгедек бүлдіршіндерге, сондай-ақ оқу мен спортта жетістіктерге жеткен оқушыларға берілді. Балалардың жас мөлшері 12-і мен 17 жас аралығында болды. Тізімді білім бөлімдері құрды.
1200-ден астам қарағандылық бүлдіршіндер тегін бару мүмкіндігін пайдаланып үлгерді. ЭКСПО-ны балалар үйінің тәрбиеленушілері мен дарынды балалар көріп қайтты. Ендігі кезекте аудандардан келген бүлдіршіндер сапарға шығады.
Бір жолдама бюджетке 27 мың теңгеге түсті. Олар астаналық туроператорлардың бірінен сатып алынды.
Бұл қаражатқа балаларға қандай жағдай жасалды? ЭКСПО қарағандылық оқушылар үшін қалай есте қалады? Ол жайлы біз шара орнына, Астанаға бір топпен барып, біліп қайттық. Көрмеге біз «Құлыншақ» облыстық даму мүмкіндігі шектеулі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге бардық.


Топтар 150 адамнан құралады. Қарағандыдан Астанаға және кері балаларды пойызбен жеткізеді. Ол автокөлікке қарағанда анағұрлым қауіпсіз. Балалармен бірге педагогтар мен медициналық қызметкерлер еріп жүреді.
Астанада топтарды туроператор өкілдері қарсы алады. Жолдаманың ішінде тұрғын жағдайы мен тамақтану қарастырылған.Қарағандылықтарды қаланың ескі бөлігіндегі теміржол вокзалына жақын орналасқан политехникалық колледждің жатақханаларына орналастырады.
Сонымен Астанадағы көрікті жерлерді аралау мен серуеннен құралған бірінші күн артта қалды. Балалар Ұлттық мұражайда, Бейбітшілік және келісім сарайында, Назарбаев-орталықта болып қайтты. Ниет білдіргендер Бәйтерек пен «Хан Шатырды» аралап шықты.
Таңертең ерте оятып, балаларға таңғы ас берілді. Сегізден кете бүлдіршіндер мынадай шағын автобустармен ЭКСПО-ға аттанды. Балалардың көңілі көтеріңкі, ән айтып келеді.


 

Жүріп-тұру ыңғайлы болуы үшін балаларды 15 адамнан шағын топтарға бөліп тастады. Олардың әрқайсысында тәрбиешілер және турфирманың гидтері бар. Тәрбиешілер әр баланың басында бас киімі болғанын қадағалап шықты, себебі күн ыстық. Өздерімен бірге су да алып шыққан. Аяқ киімнің ыңғайлы болуы да маңызды. Алдағы бірнеше сағат ұзақ жүру керек болады. ЭКСПО көрме кешенінің жалпы ауданы 174 гектар.
Өткізу бекетіндегі тексеріс көп уақыт алмады. ЭКСПО-ға кіреберісте келушілерді жылы шыраймен қарсы алады.


«Нұр Әлем» ұлттық павильон-сферасына келушілер қатары қалың. Ол өзінің ауқымдығымен таңқалдырады. Дәл осы нысаннан балалар ЭКСПО-мен таныстығын бастады. Таңертеңгі уақытқа қарамастан павильонға кезек тізіліп үлгерген. Басқа облыстардан келген делегациялар да жетіп үлгерген.
Сонда да қарағандылықтарға біріншілердің қатарында ішке кіру мүмкіндігі туды. Жүйрік лифтпен 8-ші қабатқа көтерілдік, ол жерден шыны әйнектер арқылы көрмені көзбен толық шолып шығуға болады. 


 

Төменге қарай отырып, шыны жолға аяқ басу қорқыныш сезімін тудырады. Алайда қызығушылық бәрінен басым. Балалар жоғарыдан қорқу сезімін бірден жеңіп кетті.


Түрлі энергия көздерімен, болашақтың жасыл технологияларымен танысумен қатар балалар ұлттық павильонда басқа да көптеген қызықтармен танысты. 7-ші қабатта керемет ғарыш әлеміне шомып кетті. Басқа қабаттарда жел қуатын сезіне алды. Балаларға ауа фонтаны қатты ұнады. Сонымен қатар экстремалды шоудың ержүрек адамдары таңқалдырды. Аралау барысында өздерінің күштері мен білімдерін түрлі интерактивті ойындарда сынау мүмкіндігіне ие болды.


Қарағандылық оқушылар басқа да келушілер секілді өздері туралы ЭКСПО-ға естелік қалдыра алды. Шығаберісте лезде суретке түсіретін аппарат орнатылған. Жоғарыда экспозицияда бірден сіздің бейнеңіз шығады да базада сақталып қалады.


 

Ұлттық павильондағы саяхатты осымен доғаруға тура келді. Себебі балалардың уақыты кешкі беске дейін шектелген. Басқа да елдердің павильондарын көріп үлгеру керек. ЭКСПО аумағын толық аралап шығу үшін бір күн аздық етеді.
Халықаралық павильондар көрме кешенінің периметрі бойынша орналасқан. Ол жүріп-тұруға жеңілдік береді – алыстан-ақ қай ел қай жерде орналасқанын көруге болады.
Балаларды Shell компаниясының павильонына шақырды. Оған балалар еш өкінген жоқ. Келушілер үшін бұл жерде көптеген білім-сауықтыру шоулары, ойын түріндегі сынақтар әзірленген екен. Қарағандылық балалар үйінің тәрбиеленушілерінде өз планетасы пайда болды. Олар оны электронды терминалда берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздері құрды.


 

Shell компаниясы Еуропадағы болған эко-марафондардың біріне қатысқан эко-автомобильді ұсынды. Көлікті халықаралық павильондардың алдындағы аллеяға шығарды. Автомобиль Тайваньдік Кристин Арсон атты жарыс машиналарының инженерімен құрастырылған екен. Ол бензиннен от алады, алайда көліктен шығатын зиянды газдың мөлшерін төмендететін құрылғысы бар.


Ұл балалар полицей көлігінің рөліне де отырып үлгерді.


Балалар сегіз сағатқа жуық уақыт бойы ЭКСПО-ны аралып шықты. Арасында көрменің аумағында түскі асқа кідірді. Оларға еріктілерге арналған асханада тамақтандырды.
Осы уақыт аралығында олар жиырмадан астам павильондарды аралап шықты. Халықаралық павильондардағы экспозицияларды көріп болған соң келушілерге мемлекеттік мөр тағылады. Қалжыңдап оны көбісі «виза» деп атайды. Қарағандылық топтың бір қыз баласы әр павильоннан бір-бір мөрден қойғызып, жиынтығына оның 30-ын жинап шыққан екен.


Балаларға Біріккен Араб Әмірлігі павильонының бастамасы ұнады. Келушілерге мұнда қолдарына немесе қағазға олардың есімдері жазылады. Болашақ технологияларымен таныстық виртуалды түрде өтеді – барлығы ауқымды экранда электрондық құрылғылар арқылы көрсетіледі.


Катар өзінің алтынмен жарқыраған үлкен қасбетімен көз жауын алады. Ол сіл жел тисе де қозғалып, жарқырап тұрады.


Келушілердің пікірінше, көбісіне германия павильоны ұнады. Қарағандылық балалар үшін де бұл нысан қызықты болды. Кіреберісте арнайы «ақылды пластинка» беріледі. Оның көмегімен жәдігерлермен өз ана тіліңде сөйлесуге болады. мұнда «Болашақ энергиясы» тақырыбында көптеген технологиялар ұсынылған. Интерактивтң құрылыстар да көп. Мысалы, төгілетін сұйықтығы бар әткеншек – ол гидротурбина.

 


 

Германия павильонының тартымдылығы – еліктірер ғарыш шоуы. Балалар үшін бұл ЭКСПО туралы ұмытылмас естелік болды.

 


Қарап үлгергендердің арасынан балаларға ең қатты ұнағандары – Түркия, Жапон, Тайланд және Израиль павильондары болды.


Тақырыптық павильондарда болашақтың заманауи технологиялары көрсетілген. Мұнда қарағандылықтар «уақыт машинасына» отырып, виртуалды туннельде серуендеу мүмкіндігіне ие болды. Аялдамалардың бірінде «жүректің» - қозғалтқыштың қалай энергияға толатынын көруге болады.


ЭКСПО-ға барар алдында балалардан «Қандай үміттерің бар?» деп сұраған болатынбыз. Олардың барлығы бір ауыздан: жаңа әсерлер алуға, жаңа адамдармен және елдермен танысуға бара жатырмыз деген еді. «Бізге ЭКСПО туралы айтқан еді осыған дейін. Ол туралы ғаламтордан да көп оқыдық. Соның барлығын өз көзімізбен көрген қызықты» деген.
Көрме олардың көңілінен шықты. Шексіз жаңа әсерлер алып қайтты.
- Монаконың павильоны ұнады. Онда қаланы виртуалды көзілдірікпен көрдік. Германия өзінің жаңа технологияларымен, автомобильдерімен қызықтырды. Түркияның павильонында велосипедпен жүріп өзіміз энергия шығардық. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің павильоны өте әсем болды және онда менің есімімді араб тілінде жазып берді, деп өз әсерлерімен Виталий Макеев бөлісті.
Балалардың көбісі осында тағы келіп, көріп үлгермеген павильондарын аралағысы келді.


Жазғы демалыс аяқталған соң оқушыларға «Мен ЭКСПО-ға қалай барып келдім» деген шығарма жазу керек болады.

 





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы