На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


14-Шілде-2017 - Қазақстанда алғаш рет балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында пинг-понгтан турнир өтеді

 Қазақстанда балалар үйлерінің және мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің арасында үстел теннисі бойынша ел чемпионаты басталды. Жарысқа 150 қыз бала қатысады. Жеңімпаз ҚХР-дағы спорт академияларының бірінде қытайлық жаттықтырушылардан шеберлік-сыныбын алу мүмкіндігін алады.

«Пинг Понг ханшайымы» турнирінің іріктеу кезеңі Қазақстанның барлық аймақтарында шілденің 3-і мен 28-і аралығында екі санат бойынша: 7-10 жас және 11-15 жас аралығында өтеді.
Қарағандыда жарыстың іріктеу кезеңі 18-ші шілдеде «Жастар» спорт кешенінде өтеді. Оған облысымыздың 5 балалар үйінен 10 қыз бала қатысады. Ол «Құлыншақ», «Таңшолпан» балалар үйінің, Литвин мектеп-интернатының (Осакаров ауданы), «Преображение» (Саран) балалар үйінің және Майқұдықтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілері. Екі жас санаты бойынша жеңімпаздары ақтық кезеңге баратын болады.
Ақтық сайыс Алматы қаласында тамыздың 22-сі мен 24-і аралығында өтеді. 2017-ші жылдың бірінші ракетка жеңімпаздары үшін басты сыйлық Қытайға жолдама болады.
«Пинг Понг ханшайымы» үстел теннисі бойынша алғашқы турнирдің демеушілері «Бауыржан» қайырымдылық қоры, Алматыдағы Қытай Халық Республикасының бас консулдығы, ҚР Үстел теннис федерациясы және Huawei Kazakhstan компаниясы болды.
Қазақстанның барлық аймақтарында іріктеу турнирлері Қазақстанның Үстел теннис федерациясының қолдауымен өтуде. Сондай-ақ ұйымдастырушылар Федерациямен бірлесіп бір ай аралығында еліміздің 100 балалар үйлерінде 100 үстел теннисіне арналған үстелдер орнатпақ.
«Пинг Понг ханшайымы» турнирінің басты мақсаты – жетім балалар арасында бүлдіршіндерді ынталандыру және дарындарын жетілдіру болып табылады. Келешекте бұл жастар Қазақстандағы үстел теннисін дамытып, олимпиадалық спорт түрінде еліміздің намысын қорғауы әбден мүмкін.





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы