На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


19-Маусым-2017 - Ерлан Қошановқа сенатқа сайлау дайындығы туралы мәлімделді

 Бүгін, 19-шы маусымда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа Сенатқа сайлау дайындығы туралы мәлімделді.
Облыстық сайлау комитетінің кеңейтілген отырысында облыс әкімі аппаратының жетекшісі Жанат Ысқақов баяндама жасады.
- Облыста сайлау өткізуді техникалық және қаржылық қамсыздандыру бойынша шаралар қолданылды. Осы уақытта дауыс берушілермен кездесу орындары, насихаттық ақпараттарды орналастыру жерлері анықталған, бағаналармен және стендтермен қамтамасыз ету де қолға алынған. Көрнекті жерлерде билбордтар орнатылған. Қалалар мен аудандардың әкімдерімен дауыс беруші депутаттарды Қарағандыға жеткізу мәселесі шешілген. Қауіпсіздікті облыстық ІІД-і қамтамасыз етеді.
28-ші маусымда, сайлау күні, депутаттар дауыс беру үшін Кеншілер мәдениет сарайында жиналады. Алғаш рет дауыс берушілер электронды тіркеуден өтеді. Бұл жаңашылдық онлайн-режимде Орталық сайлау комитетінің ресми сайтында дауыс берушілердің келгені туралы, жәнеде сайлаудың алдын ала қорытындысы туралы ақпарат жариялауға мүмкіндік береді. Дауыс берішулердің отырысы 11:00-де басталады.
- Барлығы Конституция шеңберінде болуы тиіс. Сайлау ашық болуы керек, біз барлығын жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет, - деді облыс әкімі.
Ерлан Қошанов алдағы сайлауды «Қазақстандағы жылдың ең басты саяси оқиғасы» деді.
Естеріңізге сала кетейік, Сенатқа сайлау 28-ші маусымда өтеді. Қарағанды облысынан бір мандатқа үш үміткер тіркелген: Қарағанды облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали Әбдікеров, соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету облыстық орталығының директоры Ильгизар Ахмадишин және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры Аристотель Исағұлов.
Сенаторларды дауыс берушілер – мәслихат депутаттары сайлайды. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше қазіргі таңда облыста 295 мәслихат депутаттары бар.
2017-ші жылдың 31-ші тамызында 2011-ші жылдың 19-шы тамызында сайланған сенаторлардың конституциялық мерзімі аяқталады.





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы